Базалық қолданушы
|
A2
|
Өзіме қатысы бар (өзім туралы, отбасым, сатып алынған заттар, тұратын жерім, жұмысым туралы) жеке тіркестер мен шағын сөйлемдерді түсінемін. Көлемі жағынан шағын, анық айтылған хабарландыруларда не туралы баяндалғанын түсінемін.
|
ДИАЛОГ
Өзіме таныс және қызметіме байланысты тақырыптар бойынша ақпаратпен алмаса аламын. Тұрмыстық тақырыптарға қатысты шағын сөйлемдер арқылы диалогке түсе аламын, бірақ біреудің көмегінсіз, өз бетіммен әңгімелесе алмаймын, өйткені барлық сөздерді түсіне бермеймін.
МОНОЛОГ
Жай тіркестер мен сөйлемдер арқылы өзімінің отбасым және басқа адамдар туралы, өмірім жайлы, оқуым, бұрынғы не қазіргі жұмысым туралы әңгімелерге қатыса аламын.
|
Мен көлемі жағынан шағын, жай сөйлемдермен жазылған мәтіндерді түсінемін. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды таба аламын. Жеке тұлғаға қатысты хаттардың мағынасын түсінемін.
|
Шағын хаттар мен хабарламаларды жаза аламын. Өзіме қатысы бар (біреуге алғыс білдіру сияқты) шағын хаттар жаза аламын.
|
7.1.5.1 тірек сөздер,
сөйлеушінің дауыс ырғағы
мен сөйлеу мәнері
арқылы негізгі ойды
анықтау
5.2.4.1
шағын көлемді мәтіндердің
мазмұнына жоспар құру,
соған сүйеніп баяндау.
5.2.4.1 шағын көлемді
мәтіндердің мазмұнына
жоспар құру, соған сүйеніп
баяндау
5.4.1.1ресми стильдің
тілдік ерекшеліктері
мен талаптарын
дұрыс қолдана
отырып, хабарлама,
хабарландыру,хат жазу
|
A1
|
Мен күнделікті өзіме, отбасыма немесе қасымдағы адамдарға асықпай және анық айтылған жеке таныс сөздер мен өте шағын сөйлемдерді түсінемін.
|
ДИАЛОГ
Егер менімен сөйлесіп отырған адам түсінбей қалған сөздерімді асықпай, баяу қайталап немесе басқа сөзбен түсіндіріп, маған ойымды жеткізуге көмектессе, мен ол адаммен сұхбаттаса аламын. Өзіме таныс және өзімді қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, дәл сондай сұрақтарға жауап бере аламын.
МОНОЛОГ
Жай сөйлемдер арқылы өзімінің тұратын жерім, таныстарым туралы айтып бере аламын.
|
Мен хабарландыру және плакаттарға немесе түрлі каталогтарға жазылған таныс атаулар, сөздер, сондай-ақ таныс сөздері бар жай сөйлемдерді оқығанда мағынасын толық түсінемін.
|
Мен шағын (мысалы, мейраммен, туған күнімен құттықтау) ашық хаттар жаза аламын, формуляр толтыра аламын, өзімнің тегімді, ұлтымды, мекен-жайымды қонақ үйдің тіркеу парағына енгізе аламын.
|
6.1.5.1 тірек сөздер,
жетекші сұрақтар,
мәтін тақырыбы
арқылы негізгі ойды
анықтау
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.3.6.1 тақырып
бойынша үйренген
сөздерін қолдана отырып,
мәтінде көтерілген
мәселеге өз көзқарасын
білдіру
7.4.1.1мәтіндердің
жанрлық және стильдік
ерекшелігін сақтап,
өтініш, түйіндеме,
ресми құттықтаулар
жазу
|
Ә) Сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың білім деңгейі осы құзіреттілік деңгейлеріне қаншалықты сәйкес келеді? Сәйкес келмесе, неліктен? Өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Білім алушылардың білім беру деңгейі осы құзыреттілікке сәйкес келеді. Себебі, олар өз бетінше қажетті ақпаратты ізденіп, шығарып, жүйелеп, талдап, таңдай алады, ақпаратты ауызша және жазбаша жеткізе алады, сауалнама, хат құттықтау жаза алады; топта жұмыс істей алады, топта жұмыс жаса алады, Кестелер, диаграммалар, иллюстрациялар, кластерлермен жұмыс жаса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |