1. 1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері



бет3/4
Дата30.01.2020
өлшемі324.5 Kb.
#447901
1   2   3   4
отчет



3-кезең-көпшілік туризмнің қалыптаса бастауы. Бірінші Дүниежүзілік соғыс және экономикалық дағдарыс, Екінші дүниежүзілік соғыс туризм дамуына кері әсер етті. Көпшілiк туризмнің дамуының 2 мысалын қарастырайық. 1935 ж. Швейцариядағы қазіргі заманда ірі туризм қызметтерін өндірушілердің бірі «Отельпланн» фирмасы құрылды. Оның құрушысы Г. Дуггайвер идеялары: «кішкентай адамның туризмге тарту тоқырайға ұшыраған қонақ үй шаруашылығына бағаланбас көмек береді, арзан көпшілік тур сапарлар фирманың негізгі өнімі болып табылады».

4 кезең: Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм нақты көпшілік сипатта болды: өз институты, өндірістік циклы, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістері бар күшті демалыс индустриясы қалыптасты.

1950-60 ж. Батыс Европа елдері үшін -туристік фирмалардың мотельдер, қонақ үйлер тұрғызылуының белсенді кезеңі болды. Қай елде болмасын туризм өсімталдығы елдің қандай бөлігі жылына ең болмағанда 1 рет туристік сапарға баратынын көрсетеді, егер туризм өсімталдығы 50%-дан асса, көпшілік туризм қалыптасқан деге болады.

Ресейде қонақ үй индустриясының дамуның болашағы туралы жыл сайын Ресейден Турцияға туристер арқылы 7 млрд. АҚШ долларына жуық, Грецияда -- 5 млрд. АҚШ долларына жуық кетеді.Бүл инвестициялық ақша қаражаттары қазіргі қонақ үй - мейманханалық бизнес және туризм инфрақұрылымын құруға мүмкірдік береді.

Ресейдегі қызметтер рыногындағы жағдайды талдау Мәскеу қаласында - 22% , Санкт-Петербургте - 15%, Владивостокта -8-9%, т.б. қалаларда 10-нан 40%-ке дейін қонақ-үйлердің толығу деңгейін көрсетеді. Бұл қонақ-үйлердің төменгі тартымдылығын көрсетеді, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы қонақ-үйлердің бағасы АҚШ-лен салыстырғанда 2-3 есе жоғары болып табылады. Дәл осы жағдай туризмде де. Ішкі туризм дамымай жатыр, керісінше сыртқы туризм жоғарғы қарқынмен дамуда.

Бәсекеге қабілетті турөнімді құру, оны ішкі және халықаралық рынокқа жылжыту стратегиясымен ешкім айналыспайды. Туристтік фирмалар (Ресейде 7000-ға жуық) турагенттер функциясын орындайды және шетелге ақша қаражатының кетуіне алып (20 млрд. АҚШ долларына жуық) келетін импорттық турөнімдерді өткізеді.

Осыған байланысты туризм индустриясын дамытудың мемлекттік мақсаты бағдарламасы қажет. Іс-жүзіндегі 2005 жылға дейінгі туризмді дамытудың Федеральді бағдарламасы оның қаржылық несие-ақша жоспарымен туризм инфрақұрылым ретінде мейманханалық қонақ-үй бизнесінің дамуымен сәйкестендірілмеген. Сондықтан салынған капиталдың қайтарылымдығының жоғарғы нәтижесіне жету үшін толыгымен бәсекеге қабілетті турөнім жасау керек.

2001 жылы августе Украина елінің тәуелсіздік алып еркін мемлекет болып құрылуы, экономикалық және саяси жүйелерінің реформалары, Украинаны рыноктық қатынастағы ел деп тануы, объективті әлемдік заңдылықтары - туризмді дамытуға байланысты мемлекеттің ішкі саясатының өзгеруіне негіз болды және Украинаны Халықаралық туристік қызметтер рыногында таныды.

«Туризм туралы» (1995 жылы) Украинаның Заңына сәйкес мемлекет туризмді үлттық мәдениет пен экономиканың проиритетті бағыты деп белгіледі және туризмдік іс-әрекет үшін игілікті жағдайлар жасады.

1997 жылы Украина Әлемдік Туристік Ұйымға (ӘТҰ) мүше болып кірді, ал 1999 жылы Сантьяго (Чили) қаласында өткен ӘТҰ Бас ассамблеясында басқарушы орган - Атқарушы советке сайланып, тағайындалды.1999 жылы - «Қонақ-үй, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін сертификаттау туралы» Украина ГОСТ стандартының қаулысы.

Заң базасы туризм саласында кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

Рыноктық қатынастар жағдайында қызметтер рыногында ұлттық турөнімді жылжытудың белсенді әдістері маңызды аспект болып табылады. Бүгінде осы елде туристік Украина және оның жеке аймақтары туралы электрондық тарату, баспа өнімдері арқылы жарнама жасауда. Украиналық туристік ақпараттар жүйесінде интернет-сайт құрылды, Украинаның туристік мүмкіндіктері, «Туристік Киев» атты Украинаның туристік атласы туралы ақпараты бар алғашқы диск жасалды.

ӘТҰ бас секретары Ф.Франжкалми Украинада (2000жыл, қазан) туризмді дамыту мәселелері туралы Парламент тыңдауына қатысып, «Украина еліне 20 жыл ішінде келетін туристер ағымының үш есе өсуін көруге болады» деген.

Халықаралық туризм күннен күнге өсуде. 1970-1998 жж бойы халықаралық туристер саны 165 млн.-нан 137 млн. адамға, 3,9 есе, ал туризмнен түскен табыс 17 млрд. АҚШ долларынан 441 млрд. АҚШ долларына дейін, немесе 26 есе өсті.

Төменде көрсетілген елдердің халықаралық туризмді дамытуда негізгі үлестері бар: Франция, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Германия, Польша, Австрия, Ресей, Венгрия, Португалия, Греция, Швейцария, Нидерланды, Турция, Тайланд, Украина, Бельгия, Ирландия.

Осы елдер ішінен АҚШ пен Франциядағы туризмнің дамуын қарастырайық. 1999 жылы АҚШ-та туристердің келуі - 46,983 млн. адамды, ал табысы - 73 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы жылы да АҚШ туристердің келу саны бойынша 3-ші орында, ал табысы бойынша - бірінші орында болды.

Елде туризм 1960 жылдан бастап дамып келе жатыр. 1961 жылы АҚШ-та туристік бюро құрылды. Бұл ұйым елдегі туризмді дамытуда жауапты болды. 1981 жылы бұл ұйымның атын АҚШ-тағы саяхаттар мен туризм Ұйымы (СТҰ) деп өзгертті. СТҰ осы сфераға қатысты барлық жобаларды жинайтын комитет жұмыстарын және мемлекеттік деңгейде туризм саясатын басқарды. СТҰ өз елінің өнімі арқылы халықаралық рынокқа шығуға ұмтылды. СТҰ көптеген штаттарында ішкі туризмді дамытуда көптеген келіспеушіліктер болады, оны болдырмау үшін елдің экономика және сауда министрлігі оларды бюджетпен бөледі. Штаттағы бюджет көлемі 4-тен 14 млн. АҚШ долларын құрайды. Ұйыммемлекеттік болса да, ал жеке сектордағы кәсіпорындардың жобаларын бақылап отырады.



Үйымның Парижде, Лондонда, Амстердамда, Миланда, Сиднейде, Франкфуртта, Токиода, Мехикода және Торонтода 9 офисі бар.

АҚШ-тың туристік офистері жоқ елдерде бұл қызметті коммерция және сыртқы қызмет министрлігі жүзеге асырады.



АҚШ СТҰ негізгі бюджетті Федеральді несиелер арқылы қаржыландырады. Мысалы, 1993 жылы бюджет 2 млн. доллар қүраса, онда Федеральді несиелер - 17,5 млн. құрайды, ал қалған ақшалар жеке сектордан алынады.

Бюджет шығындары төмендегідей бөлінеді, %:



  • офис шығындары (елдегі) - 10,5;

  • шетелдегі офис шығындары - 42,3;

  • ақпарат пен әріптестік шыгындары - 23,7;

  • маркетинг жэне рынокты зерттеу - 16,8;

  • жеке сектор қызметінің шығындары - 12,5;

  • ақпараттық материалдарды құру шығындары (фильмдер, фотосуреттер,
    брошюралар, презентацияларға дайындық) - 3,5;

  • т.б.-0,7.

Шығындарды талдау барысында шетел офистеріне кеткен шығындардың көп екенін көрдік. Себебі, АҚШ елге келетін туристерге аса көңіл бөледі.

2002 жылы Франция елге келетін туристердің саны бойынша әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды.

Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін жетті, негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрды, бас офисі Парижде болды. 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысты, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған.

Бұл үйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді. Ұйым бюджеті төмендегідей бөлінетін мемлекеттік ақша салымдарынан тұрады, %:

  • ақпаратты жинау және тарату - 22;

  • жарнама-30;

  • коммерциялық әріптестік - 34;

  • маркетинг және рынокты зерттеу - 8;

  • т.б.-6.

АҚШ және Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді.

Бірақ бұл елдердегітуризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.



АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді.

Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз (2000 жыл мәліметі бойынша).

АҚШ және Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзарабайланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бүдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер АКДІ және Франция елдеоінің тәжірибесіне сүйену керек.

Ал туристік саланы дамыту үшін төмендегідей факторларға көңіл бөлу керек:



  • дамушы елдерге елдің туризмін дамытуға ықпал ететін министрліктермен және комитеттермен жұмыс істейтін ұйымды құру керек;

  • елдің және оның аймақтарының туристік ұйымдастыру ұйымдарының жұмысын күшейту

  • туризм өнімінің түрлерін көбейту, оның сапасын жақсарту, сонымен қатар жарнаманы күшейту, туристік өнімдер жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысу;

  • туристер көп келетін жерлерге ұйымның офисін құру. Бұл офистер елге келетін туристердің ағымын көбейту мақсатында шаралар, жоспарлар жасауы керек;

  • дамушы елдерге ішкі туризмді дамыту қажет;

  • туристік ұйымға маркетингтік зерттеу, жарнаманы ұйымдастыру, туризм туралы ақпаратты дайындау жауапкершілігін арттыру керек;

  • жеке секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға туризм ұйымы олардың дамуы үшін экономикалық қолдау көрсетуі керек.

2001 жылды Қырғызстан Республикасының Президенті А. Акаев Туризмді дамыту және қолдау жылы деп атауының нақты алғышарттары бар. Қырғызстан Республикасының Орта Азия елдеріндегі туристік тұрғыдан ең қызықты республика болып табылады.

Бірақ елдің туризм потенциалы халықаралық стандарт тараптары республиканың туристік кешеніне сәйкес келмеуінен экономикалық ресурстарды қолдана алмай отыр.

1998 жылы Қырғызстанға 16,3 мың шетел туристері келді, оның табысы 7,2 млн. АҚШ долларын құрады. Осы уақытта Бермуд аралына орташа 630 мың туристер келіп, оның табысы жыл сайын 470 млн. АҚШ долларын құраған. АҚШ-тың жалпы территориясының көлемі - 53 км.кв Сингапур (612 км. кв) 1 жыл ішінде 3 млн. шетел туристеріне қызмет көрсетіп үлгерді.

Бүл жоғарыдағы цифрлар арқылы Қырғызстанның өз территориясы жағынан (198,5 млн. мың км.кв.) мүмкіндігі болса да өз туристік артықшылықтарын қолдана алмай тұрғанын көруге болады.

Қырғызстанда туризм нақты инвестицияның болмауынан, қонақ-үй сервисінің төмен дамуынан, білікті мамандардың тапшылығынан онша дамымай отыр.

Республикада үлкен рекреациондық ресурстар бар. Оның территориясында 14 курорттық рекреациондық зона, 10 таулы туристік және альпинистік зоналар бар. Тарихи-мәдени археологиялық музейлерге, тарихи ескерткіштерге бай ел.

Сондықтан да Қырғызстан туризм индустриясын дамыту үшін өте қолайлы жер болып саналады.

Бұл елде туризмнің дамымауының бірқатар себептері :



  • халықаралық стандарт талаптарына елдің туристік кешенінің сәйкес келмеуі;

  • жергілікті қонақ-үй базасының болмауы;

  • сервистің төменгі деңгейі;

  • маркетинг қызметінің жеткіліксіздігі;

  • туристік-рекреациондық объектілердің және тағы да басқа моральдық және
    физикалық ескіруі;

  • қаржы қаражатының жетіспеуі.

Қырғызстан экономикасына инвестицияны тарату үшін біріккен туристік фирмаларды құру арқылы Халықаралық станлартқа сай жоғарғы сапалы сервисті үйымдастыру арқылы қосымша жұмыс орнын құрып туристер санын көбейту керек. Ол үшін төмендегілер қажет:

  • туристік кешенді дамытуда шетел және отандық инвестицияны тарту үшін
    жеңілдік беру;

  • жоғарғы эффектілі жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы
    орындардың фотосуреттері, видеофильмдер, буклеттер мен брошюралар
    және т.б.);

  • инвестиция ағымын көбейту үшін ақпараттық қамсыздандырудың кең
    бағдарламасын құру;

  • туризмнің МТБ және оның инфрақұрылымының қамтамасыз ету;

  • халықаралық станларт деңгейіне деійн қызмет көрсетусапасын жоғарылату,
    туристердің мүдделерін қорғау мақсатымен Халықаралық туристік қызметін
    лицензиялау және сертификаттау жүйесін жетілдіру;


  • телекоммуникация торын, байланыс қызметтерін дамыту;

  • виза жүйесін жақсарту және жетілдіру.

Туристік секторды тікелей инвестицияны тарту, қаржылық салымдар мен өкімет қолдауы арқылы дамыту Қырғызстан үшін экономикалық дамуындағы маңызды факторы екенін білеміз. 2001 жылы Қырғызстан Республикасында «Туризм жылы» деп аталынды. Туризмді дамытудағы бұл бағдарламаның қонақ үй индустриясына қатысты стратегиялық бағыттары келесідей:

  • 10-50 орынды мотелдерді соғу;

  • әр түрлі класты жаңа қонақ үйлерді соғу және бар кұрылысты жөндеуден
    өткізу;

  • кемпинг, жанұялық және пансионаттар қүру;

  • қонақ үй персоналын дайындау және оқыту;

  • орынды бронерлеуде компьютерлік торға ену.

Туризмді дамыту тек туристік ғана емес, сонымен қатар, бірнеше басқа да бизнес түрлерін дамытудың кепілі

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, біздің облыс үшін туризмнің болашағы зор, сол себептен туристік бизнесті дамыту мен шетелдік туристерді тартудың жоспарлары жасалуда.

ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
Туризм Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.

Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. ДТҰ жылма-жыл стсатистикалық жинақ шығарып отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет. Туризм қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың маркетингтік кешенін жолдау толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың актуалдылығын аңғаруға болады.

Республикамыз бойынша туризм, демалу және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн га жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда 168,6 мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың га, Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік Қазақстанда 513,4 мың га.

Қазақстанда туризмді дамытудың маңызды алғышарттарының қатарына күзетілетін табиғи объектілер және аң шаруашылықтары жатады. Бүгінгі таңда Республикамызда 7 мемлекеттік қорық бар, әрине, олар КСРО кезінде құрылғанболатын. Сондықтан да осындай көлемдегі қорығы бар жерлер Республикамызда туризмді дамытуға негіз береді деп есептеледі. Ақсу Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары 803,4 мың га жерді алып жатыр, 2 табиғи парк (Баянауыл және Қарқаралы), 64 мемлекеттік аңшылық-шаруашылық фаунаны қорғайтын тапсырыс орындарының ауданы 6,1 млн га, 1,8 млн га созылып жатқан 19 мемлекеттік аң шаруашылықтары, 23,9 млн га жерге орналасқан 400-ден астам спорттық-аңшылық шаруашылықтары.сы аталған территориялардың барлығы Республикамыздағы туризмді дамытудың бірінші кезектегі қорлары деп қарастырылады. Қазақстанда туристік қызметке жүргізілген талдау әрбір кезеңдегі туризм дамуын жүйелендіруге және оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді.2004 жылы азаматтар саны, соның ішінде Қазақстан Республикасына келген шет елдік туристер саны 2507 адамнан жоғары болды, яғни шет елдік туристердің әлмдік ағымының 0,006%-ын құрады. Оларды қабылдаудан және қызмет көрсетуден түскен табыс 3 млрд. 312 млн. 924 мың теңге болды. Жалпы Қазақстанның турқызметтер экспортының көлемі халықаралық туризмнің 2,9 % үлесін алады және Қазақстанның ұлттық табысындағы туристік қызметтен түскен табыстың үлесі 2004 жылы 0,05 % құрады. Берілген мәліметтерден елдің туристік бизнесінде жағымсыз беталыс байқалатынын көруге болады, ол барлық туристік қызметтер түріне сұраныстың төмендуімен байланысты.

Қазіргі таңда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көрші мемлекеттер Қазақстанды туристік көрсеткіштер бойынша артта қалдыруда.

Қырғызстан мен Өзбекстанның артықшылықтары туризм бұл елдерде басымды мемлекеттік саясат болып табылады. Бюджеттен тікелей субсидиялар, өкілетті органдардың жоғары мәртебесі, салық салудағы жеңілдіктер.Сонымен қатар туризмді дамытудың басты жолы – жарнама.

Туристер үшін Қазақстанда 700 саяхат бағыттары ұсынылады. Сонымен қатар, 32876 орны бар әр түрлі категориядағы 372 қонақ үйлер жұмыс істейді. Алматыда 4950 орны бар 25 қонақ үй бар.

Туристік қызметтердің баламалы рыногын көрші елдер ұсынып отыр, мұндағы Қазақстан Республикасындағы келесі факторлар нәтижесінде ұтылып отыр әсер етеді (1сурет).



Біріншіден, шетел азаматтары үшін визаның қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу процедурасы.

Екіншіден, турфирмалардан алынатын жоғары салық қойылымдары.

Үшіншіден, кедендік процедуралардың күрделілігі.

Төртіншіден, теңізге шығатын жолдың жоқтығы және елдің туризм объектісінің территориялық алшақтығы.

Бесіншіден, Үкімет басындағылардың экономикалық дағдарысты себеп қылып ақша қаражаттарын туризмге салмауы. Шетел азаматтары үшін виза мәселесін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының Шетел іс Министрлігі, туризм және спорт агенттігі, Ішкі Істер Министрлігі бірігіп, виза процедурасын жеңілдету бойынша эксперимент жүргізу туралы шешім қабылдады. Эксперимент Астана және Алматы қалаларының әуежайларында жүргізіледі.

4-сурет. Қазақстандағы туризмді дамытуға әсер ететін негізгі экономикалық факторлар.




Үкімет басындағылардың экономикалық дағдарысты себеп қылып ақша қаражатын туризмге салмауы

Қазақстанның ТМД елдерімен қажетті экономикалық байланыстың жеткіліксіздігі

Қазақстан туризмі


Факторлар





Турфирмалардан алынатын жоғары салық және т.б. бюджет төлемдерінің жоғарылығы

Өзбекстан, Қырғызстан жағынан туристік қызметтер сферасында жоғары бәсекелілігі




Визалық процедуралардың жоғары бағасы және тіркеу жұмысының күрделілігі

Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет