№1 (130)/2020
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия ФИЛОЛОГИЯ
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
жасырын айқасқа шығады. Бек мұндайға дайын болмағандығына Б. Момышұлының көп-
теген сөйлеген сөздерінің стенограммалары мен хаттары дәлел. Романның алғашқы нұсқа-
сы шыққаннан кейін батыр мен жазушының арасындағы творчестволық шығармашылыққа
нұқсан келеді. Б. Момышұлының көрегендігі болар, ол осының алдын болжап, А. Бекпен
әдеби келісім шарт жасауға дейін барады. Шындығына келгенде, осы құжат романды да
автор мен кейіпкерді аман алып қалған бірден бір құралға айналды. Ойланып қарасақ, осы
уақытқа дейін қанша документалды айғақтарға сүйене отырып жазылған көркем тарихи
шығармалар болса да, біреуі де құжаттық негізде рәсімделіп шықпаған. Мұның сыры ро-
манда Б. Момышұлының айтқан сөзі дәйек бола алады. «Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, маған
байланысты бірдеңе жазғандай болсаңыз, менің аты-жөнімді бұрмаламаңыз; қазақша Ба-
уыржан Момышұлы деп жазыңыз. Менің қазақ екенімді, далада қой жайып өскен фамили-
ясы жоқ жігіт екенімді білсін жұрт» [5, 10 б.].
Дәл осы тұста орыс полковнигі Прищепчик: «Декада раскрыла для нас новый мир,
широко и ярко открыла талант казахского народа. Начало боевого пути Момыш-улы пе-
рекликается с историей казахского народа. Путь Момыш-улы – путь казахского народа. В
книге «За нами Москва» показаны первые подвиги казахского народа в большой войне».
Немесе тағы бір шенді полковниктің пікірін келтіре кетейік: «Мы напрасно говорим, что
Казахстан это окраина. Может быть, в экономическом и политическом отношении, но не
во всех отношениях, как часто мы заявляем. Нужно сказать, что в смысле культуры казахи
стоят очень высоко. Издать книгу у нас, так как это вопрос большой политической важно-
сти – показатель культурного, материального, идеологического роста казахского народа»
- деген Иван Приходьконың сөзі тарихи әділдіктің орнап, түптің түбінде тарихи шындық
ашылуы тиіс екендігін байқатты. Бұл романды талқылау барысында айтылған сын-пікірлер
ғана емес, мазмұнына тереңдеп қарасақ ізгі тілек пен бас ию құрметі, әрі бір адамның мы-
салында бүкіл қазақ халқын ұлт ретінде мойындау. Себебі Б. Момышұлының өзі де өзінің
айбынды мінезінен талай зардап шеккенін білеміз. Әсіресе майдан даласында өзінің ұстазы
И. В. Панфилов қазасынан кейін де талай шовинист генералдардың, үкімет басшылығы-
ның қыспағынан қысым көрсе де, өмірінің соңына дейін өзінің айнымас сертін таймаған.
Шындығына келгенде, бұл роман жеке тағдырдың біртұтас халықтың тағдырының
айнасы іспеттес. Қазақ даласынан шыққан қайсар жігіттің соғыс кезінде жан алып, жан
берісіп, майдан даласында әскери ұрыс-қимылдарды мінсіз, әрі мүлтіксіз орындағаны әлем
халықтарын тәнті етеді. Б. Момышұлы жер бетінде қазақтай батыр, өжет, намысшыл ұлт-
тың бар екенін мойындатады. «Арпалыс» романының да орыс тілінде жазылуының да ішкі
сыры осында деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ романның орыс тілінде орыс жазушы-
сының қолымен жазылғандығының тағы бір себебі бар деуге негіз бар сияқты. Оны батыр-
дың өзі былай деп қайырады: «Рецензенты и редакторы, на обложке рукописи увидев мою
фамилию, делаются более придирчивыми и, взяв в руки лупу, начинают искать блоху, что
они делали бы реже, если бы на обложке стояла русская фамилия» - деген сөзі бар сыр-
ды ашқандай. Яғни орыс жазушысының қолынан шыққан туынды, әсіресе «Арпалыстай»
әскери тақырыпты қозғаған шығарма, даусыз тек орыс жазушысына тиесілі болуы қажет
деген астыртын идея. Себебі өзге ұлт өкілдері, «кіші ұлттар» немесе «кіші халықтар» өкіл-
дері, орталықтың нұсқауынша мұндайға бармауы тиіс. Әсіресе запастағы офицердің жаз-
басы орталықтың шамына тиері сөзсіз. Мұны түсіне, түйсіне білген Б. Момышұлы орыс
жазушысының қолымен екі қоянды бірден атып түсірді. Соғыс машығында үйренген ай-
ла-тәсілінің көмегі болар. Біріншіден, ол романды артық бояусыз, романтикалық оқиғалар-
сыз әскери проза талаптарына сай етіп жазылуына ықпал жасаса, екіншіден, өзінің басын
сан мәрте рет қатерге тігіп, жасаған ерлік істерімен орыс әдебиетінде өз бейнесін өзі жасап
шықты. Кеңес заманының тұсындағы қазақ әдебиеті үшін де бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы
қазіргі қазақ әдебиеті тарихы үшін де бұл мол табыстардың бірі.
|