1. 15 Реферат-ғылыми проблемалар (жағдай) мен ғылыми конференциялардың қорытындысы жөніндегі мәліметтер мен қандай да бір кітаптардың қысқаша түріндегі жазбаша немесе ауызша мазмұны. 16 Аннотация кітап



бет1/3
Дата11.07.2016
өлшемі484.91 Kb.
#192590
  1   2   3


1. ГЛОССАРИЙ

ОӘМ келесі терминдер қолданылады:

1.1 Принциптер-білімнің жүйелік формасының бастамасы болып табылатын ғылым саласының қандай да бір жағдайдан шығуы.

1.2 Теория-өмірде бар құбылысты түсінуге мүмкіндік беретін, ғылыми принциптер мен әдістерді қалыптастыратын, жалпылама тәжірибені оқыту.

1.3 Гипотеза – ғылыми тұрғыдан құбылыс туралы жорамал және оның дамуы, қандайда бір процесті түсіндіру үшін ұсынылады

1.4 Әдіс-қандай да бір құбылыстың немесе үрдістің практикалық орындау немесе теориялық зерттеудің әдісі.

1.5 Методология-ғылымда қабылданған әдістер, әдістемелер, зертеу нәтижелерінің жинағы.

1.6 Бақылау-ешкімнің қатысуынсыз объектіні анықтау тану әдісі.

1.7 Эксперимент – бұл бақылау және өлшеу ғана емес және дамуына кедергі жасау, құбылыс немесе қайта жасау жолдарының процестерін , обьектіні өзгерту немесе оның әсерінің жалпы тәсілі.

1.8 Ғылыми бағыт-белгілі бір саладағы зерттеу сферасы. Проблема (жағдай) зерттеу аймағын қамтамасыз ететін және болашақта мағынасы бар, ғылыми күрделі міндет.

1.9 Келелі мәселелер – болашағы бар және зерттеу аймағын қамтитын қиын ғылыми міндет.

1.10 Тақырып-ғылыми зерттеуге белгілі бір аумақты қамтитын ғылыми міндет.

1.11 Тексеру-оргонолептикалық әдістер, әртүрлі аппараттар мен приборлар арқылы құбылыстарды зерттелетін объектіде табиғи түрде бақылау және сипаттау.

1.12 Монография-тақырып пен жағдай көлемі сыйғызылып нақты әрі жан жақты зерттелген ғылыми еңбек.

1.13 Ғылыми есеп-өткізілген жұмыстың теориялық маңызы мен бағыттылығы жазылады.

1.14 Рецензия-пікір ғылыми шығармаға жағымды жақтары мен кемішілктері көрсетілген сын көзбен бағалау.

1.15 Реферат-ғылыми проблемалар (жағдай) мен ғылыми конференциялардың қорытындысы жөніндегі мәліметтер мен қандай да бір кітаптардың қысқаша түріндегі жазбаша немесе ауызша мазмұны.

1.16 Аннотация кітап, мақала және жазба жұмысының негізгі мазмұнындағы қысқаша баяндамасы.

1.17 Тезистер-баяндаманың негізгі жағдайымен таныстыру үшін көрсетіледі

1.18 Резюме-мақала мен баяндаманың қысқаша мазмұнының түйіні.


1.19. Сиопсис-жұмыстағы жаңа көрсетілімдері бар авторлық түйін.

1.20 Диссертация-ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғайтын ғылыми зерттеу жұмысы.

1.21 Дипломдық жұмыс ғылыми творчествалық жұмыстардың бірі, сонымен қатар 5 жылдық оқу орнын бітірушінің куәлігі, яғни мамандарды дайындау кезеңін аяқтау.

2. Дәріс
Дәріс 1

Тақырыбы: « Кіріспе дәріс»

1. Ғылымға жалпы сипаттама

2. Ғылыми зерттеу

Ғылым тарихи дамудақалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау заңдары жүйесінің қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамуы.

Ғылыми пән материяның әртүрлі формадағы қозғалысы және адам санасындағы осы формалардың бейнесі. Ғылым олардың шығу тегімен дамуына дұрыс тсініктеме беріп, құбылыстар арасындағы байланысты ашады. Және адам білімін әлемдегі тәжірибеде қолдану мақсатында толықтырады.

Ғылым техника өндірісте біркелкі жүйе қалыптасады.

Ғылым білімдердің жинақталған жүйесі ретінде анықталады және бірмезгілде білімдерді алуға бағытталған ұйымдасқан жүйе.

Ғылымның жалпы жіктелуі: 3 бөлімнен тұрады:

1 Жаратылыс тану ғылымдары

2 Қоғамдық ғылымдар

3 Философия

Ғылымның басты қызметі мен мақсаты қоршаған әлемді тану болып табылады. Ұрпақтан ұрпаққақалдыру ғылым дамуының заңдылықтары мен басты факторлары.

Ғылымның басқа басты заңдылықтары болып, жаңа ғылымдардың негізі болып табылатын жеке салалардың байланысы.

Ғылымның дифференциациясы мен мамандандырылуында бірізділік байқалады. Және сол уақытта олардың даумынада жағдай туады. Ғылыми техикалық прогресс әрқашан дами бермейді, олардың баяулауы келесідей қалыптардан тұрады: шектелу, ақпарат өте қатты тасқында берілу және ғылыми зерттеудегі асигновацияның жеткіліксіздігі. Ғылымның дамуы мен мақсаттарға жетуі ғылыми зерттеу жолымен яғни ғылыми әдістердің үрдістердің қорытындының әртүрлі факторларға әсер ету көмегімен жүреді. Мақсаты, нақты объекті жан жақты дұрыс анықтау және оның құрылымын сипаттамасын оқыту ғылымдағы өңделген принциптер мен әдістерждің байланысын білу сонымен қатар пайдалы қорытындылар алып, оны өндіріске енгізу болып табылады. Ғылыми зерттеудегі тапсырмаларды орындаудың басты қызметін білудің логикалық әдісі жатады. Ол үрдістер құбылыстардағы ойды және ұсыныстарды өзгертуге және өзгерістердегі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми зерттеуге берілетін басты талаптардың бірі болып қарастырылатын құбылыс арасындағы байланыс пен тәуелділікті орнатудың мүмкіндігі табылады. Ғылыми зерттеудің сатысы неғұрлым жоғары болса, нәтижесі де соғұрлым терең болады. Ғылыми зерттеу тақырыптарына келесідей талап қатарлары беріледі. Актуалдылығы, экономикалық тиімділігі мен маңызы, енгізудің шындығы, тұрақтылығы мен болашағы.

Ғылыми зерттеудің жоспарының формасы: жеке жоспар- тізімі, мазмұны және жұмыстың орындалу көлемі, осы көрсетілген жұмыстардың барлығының орындалу уақыты.

Жұмыс жоспары-кешендердегі шаралартізімі қабылданған болжамдардың дамуы мен тесерілуі жөніндегі. Ол өз кезегінде сұрақ тарихын, зерттелетін тақырыптың теориялық және тәжірибелік мағынасын қарастырады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Ғылым туралы түсінік беру.

2 Ғылымның жалпы жіктелуі

3.Ғылыми зерттеу обьектісі, мақсаты және міндеттері


Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Трифонова М. Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985, 67 с.
Лекция 2, 3

Тақырыбы: «Әдістеме жасау және тәжірибе жүргізудің сызбасы»

Дәріс сабақтарының мазмұны:

1. Әдістеме жасау және тәжірибе жүргізудің сызбасы

2. Тәжірибені өткізу әдістемесін құру
Толық қарастырылмаған сұрақтарға зерттеу кезінде назар аудару керек. Қарастырылатын сұрақтарға жұмыс әдісі бойынша қысқаша сипаттама беріледі және беріоген зертеудің өткізу қажеттілігі. Көрсетіліп, тәжірибенің мақсаты мен міндеті алдыға қойылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті қысқа әрі нақты, жұмыстың мазмұнын ашатындай болуы тиіс.

Онда зерттеу өтетін орыны (Обылыс, аудан, шаруашылық). Тәжірибе сызбасы кесте немесе сурет түрінде көрсетілуі және топ саны әрбір топтағы мал саны негізгі қажет көрсеткіштердің болуы және істелетін жұмыс нақты сипатталуы тиіс.

Ғылыми зертеу тәжірибеде зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады, ал әдістемесінде нақты әдіс және сол немесе басқа қорытындыларды өткізу уақыты, тәжірибе алмасуды өткізу уақыты, зерттеудегі есептелген көрсеткіштерді анықтау, кеткен шығындар және тәжірибе жүргізу үшін қолданылатын қажетті құралдар тізімі көрсетіліп, дұрыс деп табылған қорытындылар шығарылып, экологиялық және экономикалық тиімділігі есептеледі. Тәжірибе жүргізу әдісі мамандармен талқыланған және рұқсат етілген болуы тиіс.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеті.

  2. Тәжірибе жүргізудің негізгі әдістеріне сипаттама бер

  3. Тәжірибе өткізу үлгісінің тәртібін ата.

  4. Ғылыми зерттеу тәжірибесіне алынатын ірі қара жануарларына қандай таңдау әдіс тәсілдері жүргізіледі?

  5. Ғылыми зерттеу тәжірибесіне алынатын құстарға қандай таңдау әдіс тәсілдері жүргізіледі?


Ұсынылатын әдебиет:

  1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

  2. Безуглов И.Г., Лебединский В.В., Безуглов А.И. Основы научного исследования. – М.: Изд-во: Академический проект, 2008. – 208 с




  1. Трифонова М. Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985, 67 с.

Дәріс 4,5



Тақырыбы: «Тәжірибе және тәжірибелік зерттеудің ерекшеліктері»
1.Зерттеу ретінде тәжірибе

Тәжрибе зерттеу әдісі ретінде. XIX және XX ғасырларда зерттеу жұмыстарының методикалық әдістері болып бақылау емес, ауыл шаруашылығының және табиғат жағдайларының құбылыстарын ашатын, тәжрибе пайда болды. Осы кезеңнен бастап қазіргі дейін тәжрибені қолдану даму үстінде. Ғылымда тәжрибелік әдістердің орыны үлкен, өйткені ол өмір тіршілігінің , функционалдық және биохимиялық үрдістерін, организмдегі құрылымдық элементтердің қызметін терең білуге жол ашты.

Егер бақылау табиғат үрдістерінің ұзақ уақыт бойы табиғи қалыпта дамуын, зерттеушінің бақылауынсыз түсіндірсе, тәжірибе зерттелетін обьектіге жаңа жағдайлар жасап, сыртқы ортаның басты факторларын бақылауға алып қана қоймай, оны өлшеп, есептейді.

Сондықтан тәжірибе үшін зерттелетін обьекті маңызды екеніне көз жеткізе аламыз. Тәжірибе көп дәрежеде бақылауға қарағанда, теория дамуымен, зерттеу техникасы, өңделген әдістер және қажетті құрал-жабдықтары пайдалануымен байланысты.

Сонымен қатар тәжірибенің жәй бақылаудан басты айырмашылығы, пәнді немесе әртүрлі жағдайдағы бір уақытта болатын құбылысты оқытуға мүмкіндік береді. Кейбір кешендер жағдайын тәжірибе жүргізуге арнайы дайындайды. Ол жабайы табиғатпен шаруашылық жағдайларында кездеспейді. Өйткені ол ортада жүргізген тәжірибе нәтижесін әрі құбылыстың себебін түсіндіруге нақты мүмкіндік береді.. Тәжірибенің жай бақылаудан тағы бір ерекшелігі қанша уақыт өтсе де сол жағдайда зерттеуді қайталауға мүмкіндік жасайды.

Тәжірибе жүргізу барысында әсер ететін факторлардың күшін және оны биологиялық оптимальді немесе экономикалық неғұрлым мақсатқа сай өзгертуге болады.

Осылардың барлығы зерттеудің мақсатқа орай бағытталғандығы,яғни обьектіге қолдан жасалған жағдайлар туғызу,жасалған жағдайларды реттеп отыру, тәжірибені қайталау және факторлар мен жасалған жағдайларды нақты өлшеу-тәжірибелік әдістің дәлдігін және күштілігін дәледейді.

Биологияда зерттеудің тәжірибелік әдісінің дамуы берілген мәліметтерді өңдеу мақсатында математиканы пайдалануға әкелді.

Тәжірибенің ежелден 3 түрі қолданылады: ғылыми, ғылыми-шаруашылықтық және өндірістік.

Ғылыми тәжірибе көбінесе лабораторияларда қойылады және зерттеушіге физиологиялық , биохимиялық немесе генетикалық негіздегі сұрақтарға жауап алады.
Өзіндік жұмыс сұрақтары:


  1. Тәжірибе дегеніміз не?

  2. Тәжірибе қоюдың ережесі

  3. Зоотехникалық тәжірибе қою дегеніміз не?

  4. Зоотехникалық тәжірибенің пән аралық байланысы қандай?

  5. Зоотехникалық тәжірибеде қолданылатын ғылыми зерттеулерге сипаттама бер.


Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.




Дәріс 6

Тақырыбы: « Эксперименттің дәлділік әдістемесінің ережесі»

Дәріс сабақтарының мазмұны:

  1. Нақты методологияның негізгі ережесі

  2. Биологиялық зерттеудің тәжірибелік әдістері

Тәжірибенің қайталануы нақты қорытындыға келуге мүмкіндік жасайды және мал шаруашылығы тәжірибесі үшін тиімді. Тәжірибе жүргізу барысында әсер ететін факторлардың күшін және оны биологиялық оптимальді немесе экономикалық неғұрлым мақсатқа сай өзгертуге болады.

Осылардың барлығы зерттеудің мақсатқа орай бағытталғандығы,яғни обьектіге қолдан жасалған жағдайлар туғызу,жасалған жағдайларды реттеп отыру, тәжірибені қайталау және факторлар мен жасалған жағдайларды нақты өлшеу-тәжірибелік әдістің дәлдігін және күштілігін дәледейді.

Зерттеуге тарихи әдісті қодана отырып, морфо-физиологиялық тәжірибе негізінде генетикалық тәжірибе пайда болды. Осыған орай, кейінгі жылдары физика-химиялық тәжірибені де өмірлік үрдістрді ( өмірдің молекулла сатысында пайда болуынан бастап) оқытуда кеңінен қолдануда .

Зерттеудің тәжірибелік әдісінің дамуы берілген мәліметтерді өңдеу мақсатында математиканы пайдалануға әкелді.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Тәжірибенің нақты методология ережесі не үшін қажет және оны қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.


Дәріс 7, 8

Тақырыбы: « Бақылау нәтижелерін сипаттау техникасы»
Дәріс сабақтарының мазмұны:

1. Экспериментальді әдіс ретінде бақылаудың дамуы

2. Ғылыми –зерртеуді сипаттау
1. Ғылымның дамуында ең алғашқы рет көзбен көру бақылауы қолданылды, кейіннен жаңа техниканың дамуына байланысты ,әртүрлі техникалық жүйелер қолданыла бастады.

Қазіргі кездегі микроскоптар жасуша құрылымын өте терең зерттеуге және молекула дәрежесінде бақылау жасауға мүмкіндік берді. Бақылаудың қарапайым түрі өзінің мәнін сақтап қалды және ғылыми зерттеудің толық кешенді тәсілдеріне қажетті элемент болып табылады. Барлық ғылыми әдістер, ғылыми – шаруашылықтық және өндірістік тәжірибелер бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінеді. Бұл көбінесе зерттеулерде кеңінен қолданылатын және әмбебап әдіс болып табылатын жұп аналогтар әдісі. Бұл әдіс бойынша сапалары бірдей екі топ арқылы жүргізіледі. Ол бойынша осы тәжірибеге алынып отырған обьектіге белгілі бір мерзімге дейін, яғни, өзгеріс байқалатын кезең аралығында салыстырылып жүргізіледі.


Өзіндік бақылау сұрақтары:


1.Экспериментальді әдіс ретінде бақылаудың дамуы. Бақылау нені қарастырады Тәжірибені қоюда экспериментальді әдісте бақылау қандай роль атқарады?

2.ғылыми-зерттеуді сипаттау. Ғылыми-зерттеуді сипаттау туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.



Дәріс 9

Тақырыбы: Тәжірибені өткізу әдістемесі
Дәріс жоспары:

  1. Тәжірибені жүргізу әдістері экспериментальді жұмысты жоспарлау.

  2. Тәжірибені қою схемасы және өңдеу методикасы

Тәжірибелік жұмыстарды сәтті өткізу бірінші кезекте тәжірибені өткізу әдісін дұрыс таңдауға байланысты. Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе нұсқаларының біреуі бақылау, ал екіншісі – тәжірибелік болып қабылданады.

Қазіргі уақытта тәжірибе жұмысын жүргізгенде қорытындылаған ғылыми сызбанұсқалар мен ғылыми – шаруашылық тәжірибелерді қолданады, яғни ол топ аналогтары мен топ – периоды (кезең) принципіне негізделген.

Топ аналогтарының принципі 2 әдіспен : ерекшеленген (обособленные) және интегралды топтан тұрады.

Әдістемені өңдеу және тәжірибені өткізу сызбасы.

Толық қарастырылмаған сұрақтарға зерттеу кезінде назар аудару керек. Қарастырылатын сұрақтарға жұмыс әдісі бойынша қысқаша сипаттама беріледі және беріоген зертеудің өткізу қажеттілігі. Көрсетіліп, тәжірибенің мақсаты мен міндеті алдыға қойылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті қысқа әрі нақты, жұмыстың мазмұнын ашатындай болуы тиіс.

Онда зерттеу өтетін орыны (Обылыс, аудан, шаруашылық), ұзақтығы мен тәжірибені өткізу уақыты көрсетіледі. Тәжірибеде зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады, ал әдістемесінде нақты әдіс және сол немесе басқа қорытындыларды өткізу уақыты , тәжірибе алмасудың өткізу уақыты, зерттеудегі есептелген көрсеткіштердің анықтау, кеткен шығындар және тәжірибе жүргізу үшін қолданылатын қажетті құралдар тізімі көрсетіліп, дұрыс деп табылған қорытындылар шығарылып, экологиялық тиімділігі есептеледі. Тәжірибе жүргізу әдісі мамандармен талқыланған және рұқсат етілген болуы тиіс.

Тәжірибені бастамас бұрын қызмет жасаушы бекітілген және оқыған, яғни тәжірибені жүргізуге дайын болуы тиіс. Қызмет жасайтын адамның жұмыс істеу уақыты белгілі бір тәртіпте құрылады.
Өзіндік бақылау сұрақтары :


  1. Экспериментке түсінік беру

  2. Эксперимент жұмысын жоспарлау дегеніміз не?

3. Тәжірибе қою схемалары және өңдеу методикасы қалай жүзеге асырылады ?
Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.


Дәріс 10,11

Тақырыбы: Тәжірибе қорытындысын биометриялық өңдеу.

Дәріс жоспары::

1. Биометриялық өңдеу.

2. Алынған мәліметтерге әсер ететін факторлар
Тәжірибе қорытындысын биометриялық өңдеу

Жүргізілген зерттеудің қорытындысының дұрыстығы, тәжірибені орындау әдісі мен қатаң тәртібіне байланысты.

Дұрыс мәліметтерді алу үшін өте маңызды:


  1. Тәжірибенің қайталануы. Зерттеуге нақты қойылған тапсырмаға байланысты әрбір тәжірибеге қажетті сандар қайталанғыштығы белгіленеді.

  2. Тәжірибені өткізу ұзақтығы. Зертеу мақсаты мен тапсырмасына байланысты анықталады.

  3. Әртүрлі көрсеткіштерге өлшеуді жүргізу дұрыстығы. Тәжірибе қорытындысы әртүрлі өлшемдерді алумен сандық мәліметтер түрінде тіркеледі. Өлшемдер дәлірек болу үшін 2-3 рет жүргізіп, орта шамасын шығарады.

  4. Зерттеу қорытындысының нақтылығы. Тәжірибені жүргізу нәтижесінде біріншілік мәлімет ретіндегі көп мөлшерде әртүрлі сандар жиналады. Негізгі сандық мәлімет биометриялық өңдеуден өтіп, кестеге енгізілген болуы тиіс. Тәжірибе қорытындысының бағасын зерттеу қорытындысындағы биометриялық өңдеу негізінде жүргізеді. Қорытындыны тәжірибенің қорытындысынан шығарады. Ол қысқа және тәжірибе қорытындысын нақты айқындайтын болуы тиіс. Жасалған қорытынды бойынша өндіріс орындарына жарнама береді. әртүрлі қорытынды жасауға болмайды.

Биометрия-тірі организмдерді математикалық әдістерді қолдану арқылы зерттейтін ғылым.

әдіс. Әдіс арқылы теоритикалық зерттеуді немесе процестің құбылыстың практикалық түзілуін түсінуге болады. әдіс ол ғылыми ең негізгі есебін обьективті заңдардың айқындылығын ашатын құрал саймандар . Әдіс ол индукция,дедукция, анализ синтездің салыстырмалылықтың теоритикалық және тәжрибеліктің қажеттілігін және орындалатын жерін айқындайды.

Олар арқылы оның кемшіліктерін тауып оларды жою жолдарын тауып және сол арқылы оның өндірістік процестің ғылыми негізін неғұрлым көтереді. Бұл анализде бірнеше өзінің методикалық және методологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін ең басты негізгі ғылыми зерттеудің өлшем бірліктерімен құбылыстары.


Өзіндік бақылаудың сұрақтары:

1. Биометриялық өңдеу дегеніміз не?

2. Алынған мәліметтерге әсер ететін қандай факторларды білесіз және осы факторлардың тәжірибеге әсері қандай?
Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.


Дәріс 12

Тақырыбы: Статистика туралы жалпы түсініктеме

Дәріс жоспары:

  1. Статистика түсінігі.

  2. Статистикалық ғылымның құрылымы

Статистика -латын сөзі (states)

Біріншірет үкімет құрылымында қолдалынған 1749 жылы неміс ғалымы .Г Аханвальмен кейінен кітап жазған .

Қазір 3мағынада қолдалынады

1.Адамдардын нақты мір саласында,мәліметерді жинау ,өңдеу, және сұрыптау ,әлеуметтік экономикалық дамуына сипаттама беру.

2.Нұсқау мен әдістемелерді теория жүзінде негіздеп практика жүзінде қолдану.

3.Статистикаларды мәлметтерді өнеркәсп, ұйымдар, экономика саласында есеп беруге қолдалынады.

Статистикалық ерекшелігі – мәліметтер сандық формада ,статистердің сөзмен цифрлар тілі .

Статистердің мақсаты цифрлар арқылы мәліметтерд сараптау және өндеу.

Мәлеметтердің пайда болуына байланысты статистика өмірге қажет бола бастады , яғни жердің көлемі ,халықтың саны ,оның құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуін есепке алу үшін .т.б.

Статистика ғылым ретінде 17 ғасырдың орта шенінде 2 бағыт бойынша дамыды.

1.Жазбаша неміс ғалымдары.Конринг, Ахянвель

2.Матиматикалық. В.Ангмен, У.Петти ,Ф .Гальтман ,Р.Фишнр.

1-ші кітап К.Ф.Герман Статистиканың жалпы теориясы. 1809 жылы.
Өзіндік бақылаудың сұрақтары:


  1. Статистика дегеніміз не?

  2. Статистика қай ғасырда қалыптаса бастады және негізін қалаған ғалымдар кімдер?

  3. Сатистиканың басқа салаларда алатын орыны қандай?

  4. Статистика ғылымының структурасы және ерекшелігі неде?

  5. Статистикалық бақылау бағдарламасын ауыл шаруашылықта ұйымдастыру жолдары қандай?


Ұсынылатын әдебиет:

1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б

2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М.: ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.


Дәріс 13

Тақырыбы:Статистика пәні және оның методологиясы
Дәріс жоспары:

1. Статистика методологиясы туралы түсінік.

2. Графикалық статистика әдісі

3. Статистикалық методология әдісі


Статистикалық график- берілген сандық көрсеткіштердің мазмұның геометриялық сызықтар ,нүктелер және фигуралар арқылы бинелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз- сол берілген мәліметтерді түсінікті қолайлы және сызықты түрде дұрыс көрсете білу.

Статистикалық жұмыс барысында кестелік әдістіқолдана білу өте қажет.Себебі бұл әдіс берілген мәліметтерді тез оқуға әрі жылдамқортынды жасауға толық мүмкіншілік туады.

Статистикалық графикалық әдістің қолдалына басталуы шамамен, бұдан 200 жылдай уақыт бұрын болған .Оның алғашқы қолдалынуың Англия экономисті У. Плейфейрдің 1786- жылы шығарған комерциялық және саяси атылас атты еңбегінең көруге болады . Бұл кітапты бірінші рет статистикалық сызықтар көрсеткіштер ,секторлы және бағаналы диаграммалар арқылы көрнекті түрде бинеленген.

Статистикалық графикалық әдістің қолдалынуын бірінші рет халықаралық конгрестерде талқыланған .Мысалы 1872- жылы.Петербургте болған статистиктердің халықаралық 8 конгресінде неміс статистигі Швабеннің Графиктік бейнелеу теориясы атты баяндамасында , статистиканың тарихында бірнеше графикалық әдіс турасында әңгіме болды , кейін орыс тілінде аударылып торықтырылды.

Негізгі талаптары:

1Графиктің құрлымы мәләметтер айқын шындықты бинелеу керек.

2Графиктін құрлымы назар аударарлықтай көрнекті ,түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс.

3 Графиктегі көрсетілген көрсеткіштердің мазмұна байланысты оның толықтай аты, орны,уақыты, мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.

Графиктін негізгі элементері:

1.Графиктін негізі –геометриялық белгілер ,яғни нүктелердің ,сызықтардың, фигуралардын көмегімен бинеленген статистикалық шама жиынтығы

2. Графиктін өрісі – бұл оның кңістіктегі бинесімен белгілері орналаласатын орны.

3.Кеңістік бағыты- яғни геометриялық белгілердің графиктік әдісі бойынша орналасуын анықтау.

4.Маштабтын бағыты яғни осы белгілердің сандық өлшем бірліктерінің мөлшерін анықтау.

Нүктелі графика деп –график негізін нүкте ретінде ,ал сызықтық график деп –сызықтар қолдалынуына байланысты болатың , жол-жолды,төрт бұрышты шеңбер тәріздес бейнеленгенді айтады.

Статистикалық графикалық әдіс төмендегі куелтірілген мәселелерді шешу үшін қолдалынады:

1.Статистикалық көрсеткіштерді салыстыру:

2.Зертелген көрсеткіштнрдің жыиынтықтың құрамымен құрлымын сипаттау:

3.Уақыт мерзіміне байланысты құбылыстағы болған өзгерістердің өсінкілігін бақылау:

4.Құбылыстардын өзара байланыстылығын білу :

5.Кеңістікте орналасуын және тараптылық дәрежесін анықтау үшін :

Диаграмма .Графикалық әдіс ішіндегі ең жиі және көп тараған түрі .Диаграмма грек сөзі, бейне сурет, сызба.

Диаграмма құру үшін сызықтар .ал кейде геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнелейтін сызық .

Диаграмма- бағаналық ,сызықтық , шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және атты болып бөлінеді.

Құрлымдық диаграмма –статистикалық жиынтықтардын құрамын салыстыру үшін қолдалынады.Құрлымын салыстырмалы көрсеткіштер жалпы жиынтықтын және бөлшектердін үлесін , яғни олның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеміз.

Шеңберлік диаграма- негізгі берілген біркелкі нақты шамма өзара қарым-қатынасың шеңбер көлемі арқылы бейнелеудің шеңберлі диаграма дейміз

Секторлық диаграмма –мұнда берілген мәліметер шеңбер арқылы көрсетіледі жеке бөліктер үлесінде көрсетіледі.

Сызықтық диаграма – диаграмма ішіндегі ең жиі кездесетін –сызықтың диаграмма.

Картограмма деп-, немесе статистикалық карто деп кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтығын көрнекті түрде әртүрлі белгілер арқылы бейнелеуді, яғни экономикалық бірліктерді бойынша құбылыстарды ,процестерді өзгерістерді , түрлі –түсті бояулармен көрсету.

Нүктелі картограмма –бұл екінші түрі және графикалық әдіс жиі қолдалынады .Картограмма географиялық контурлы картаға әртүрлі белгілер арқылы диагараммалар түсіру деген ұғымды білдіреді.

Түсірілген белгілерге байланычсты карто диаграммалар ,бағаналы, тікбұрышты, шашылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет