1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері



бет2/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#164144
1   2   3   4   5   6   7

б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
QІ = РІ/Ріо* 100% (і= 1,2,3,...,n) (2)

QІ = Ріо/Ро* 100% (3)


Мүндағы, Qі - і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

Ріо - үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

n - бағалау параметрлердің саны.

Бағалау нәтижелерін талдау:

Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті бағалау үшін — формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін — формула (2)

Егер өнімнің техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса (мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға сәйкес келуі, т.б.), онда балмен бағалау экспертті әдістер колданылады.

Дифференциалдық әдіс талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін немесе ұқсас өніммен салыстырғандағы кемшіліктерді аныктауға мүмкіндік береді. Ол өнімнің өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе оны болжамдық үлгімен салыстырғанда қолданылады. Бірақ та ол тауардың әрбір салмақтылық параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының қажеттілігіне әсерін ескермейді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына негізделген.

Нормативті параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула арқылы есептелінеді:


Інп = Qһіn i=1 (4)
Мұндағы, Інп - нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;

Qһі - і-нші нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке көрсеткіші;

n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім қандай да болмасын параметрлер бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.

Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептелінеді:


Ітп = Qi* Аіn і=1, (5)
Мұндағы, Ітп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;

Аі - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-нші параметрдің салмағы;

n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

а) Ітп топтық көрсеткіші берілген өнімнің техникалық параметрлер бойынша кажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі толығырак қанағаттандырылады.

б) Әрбір техникалык параметрдің салмақтығын анықтау үшін үлгі, семинар, тұтынушының сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген эксперттік бағалау негіз болады.

в) Нарықтық зерттеулер өткізген кезде пайда болатын қиындық жағдайда, сонымен қатар техникалық параметрлерден бағдарлық бағалауды өткізу және есептеулерді оңайлату мақсатында салмақтық топ немесе комплексті параметрлер — одан әрі салыстыруда қолданатын тиімді әсер қолданылады.

Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш өнімді сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) тұтынушының толық шығындарын анықтау негізінде есептелінеді:


3 = Зс + Сі т і=і (6)
Мұндағы, 3 - өнім сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) кететін тұтынушының толык шығындары;

Зс - өнімді сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар;

Сі - і-нші жүмыс істеген жылына қатысты өнімнің эксплуатациясына кеткен орташа жиынтық шығындары;

Т - жүмыс уақыты;

і - рет бойынша жыл.

Мұнда,


Сі = Scj n j=1 (7)
Сj – j -нші бап бойынша эксплуатациялық шығын;

n - эксплуатациялық шығындардың баптардың саны.

Егер өнім эксплуатациядан кейін сатылатын болса, онда толық шығындар ол үшін табыс шамасына азаюы керек (берілген бап үшін көрсеткіш формулаға минус таңбасымен еңгізіледі).

Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептеледі:


Іип = 3/Зо (8)
Іип - экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш; 3, Зо - бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының толық шығындары.

Бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішінің формуласы:


К = Інп * Ітп / Іэп (9)
К - үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.

Нәтижелерді талдау:

К - өнімді сатып алу мен тұтынуға кеткен тұтынушының бірлік шығынына шакқандағы тұтынушылық тиімділігіндегі салыстырылатын өнімдер арасындағы айырмасын көрсетеді. Егер К<1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда төмен; ал егер К>1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда жоғары; егер екі тауардың бәсекеге қабілеттілігі бірдей болса, онда К=1.

Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған аналогтар бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір бөлек үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде есептелінеді:


Кср = Зкі * Rі n i=1 (10)
Мұндағы, Кср - үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Кі - і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Rі - аналогтар тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;

n - аналогтар саны.

Бағалаудың аралас әдісі дифференциалдық әдіс пен комплексті әдістің қосындысы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың аралас әдісі кезінде жартысы дифференциалдық әдіспен есептелген параметрлер жартысы комплексті әдіспен есептелген параметрлер қолданылады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің бағалануын көрсеткіштердің келесі топтарының негізінде іске асыру ұсынылған: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі; кэсіпорын өндірісінің жетік ұйымдастырушылық-техникалығы өзіне екі жалпыландыру көрсеткіштерін косады:өндірістің техникалық деңгейін (Ктд) және өндірістің ұйымдастырушылык деңгейін (Кұд).

Олар жекелік көрсеткіштердің функциясы ретінде анықталады

(xi ..., xn

Кұд,Ктд = f1(хi ...,хn), (11)
Әр фактор (меншікті көрсеткіш) былай табылады:
Хі = Пфі/Пні (12)

Мұндағы Пфі - і-нші факторының деректік мәні, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жалпыландыру көрсеткішіне әсер етеді;

Пні - қағидалық немесе жоспарлықта дәл солай.

Жалпыландыру көрсеткішін келесі формулалар бойынша табамыз:


Кұд, Ктд = аі * хi + ... + аn * хn (13)
Мұндағы Атд жэне Аұд - өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіші және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішінің салмақтандыру коэффициенттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше әдістемесін жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі тәсіл ретінде кәсіпорын тауарының бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке тиімділігі теориясында негізделген әдіс.

Матрицалық әдіс негізінде координаттар жүйесінің қағидасы бойынша жасалынған матрица талдауы жатыр. Мұндай әдістерге келесі матрицалар: ВСG, Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша стратегиялардың өрісі жатады.

Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің анықтамасы (бағалық және бағадан тыс) және оның бәсекеге қабілеті деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.

Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей көрсеткіштерінде көрсетілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ең маңызды бағаларын қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның каржылык жағдайының көрсеткіштерін, тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік критерийлері мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады.

Тауар сапасының теориялық мәні — тұтынушылардың тауарға деген сұранысын қанағаттандырудың түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.

Әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін білу негізінде параметрлердің номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін пайдаланылады.

Егер салыстыру үшін базаны анықтау мүмкін болмаса үлгі арқылы бәсекеге қабілетінің бағаларының жарнама әдісі қолданыла алады, әсіресе нарықта оның үйлестігі болса және белгілі жеңгейлі өнім бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті модельдейді және оның параметрлерін бағалауға ұсынылған параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру аркылы бағаланады. Салыстырылатын параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық жэне экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.

1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар


Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

• Өнім және қызмет сапасы;

• Өнім және қызмет бағасы;

• Персоналдың квалификациялық деңгейі;

• Өндірістің технологиялық деңгейі;

• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс. Енді бұл факторларды ашып талдайық.

Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзак уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолда-натын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс:

• Физикалық;

• Техникалық;

• Сенімділік;

• Эксплуатациялық;

• Эстетикалық;

• Қауіпсіздік;

• Экологиялык;

• Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б.

Өнімнің бөсекеге қабілеттіліктің бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.

Өнімнің бағасы. Баға — өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

1.өндіріс жалпы шығыны;

2. қоғамдық еңбек шығыны;

3. өнім саны;

4. өнім қызметі мен қасиеті;

5. персоналдың квалификациясы;

6. өндірістің технологиялық деңгейі;

7. Мемлекеттің салық туралы заңы;

8. Өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар;

9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;

10. Өнімнің орамы;

11. Фирманың танымалдылығы;

12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;

13. Фирманың маркетингтік қызметі;

14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;

15. Фирманың сФеникс нанық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады.




Тұтынушылар

Бәсекелестердің ықпалы

Баға саясатының қағидалары

Сурет 3. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:

• Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;

• Ағымдағы пайданы максимилизациялау;

• Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;

• Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.

Бағаның өзгеруі факторлар эсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

• Баға қозғалысының ұзак мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялык саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;

• Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;

• Қыска мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.

Бағаның түрлері:

1.Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;

2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;

3. Дайындау бағасы - ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;

4. Бөлшек сауда бағасы - тұрғындарға сату бағасы;

5.Өзгермелі баға дайындалатын бұымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

1.Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.

2.Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.

3.Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.

4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.

6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.

7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:

1.Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бул салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталға бәсеке.

2.Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажеті қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынын салыстыр арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.

3.Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты болады.

4.Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут - тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.

Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялык жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы катары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жүмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен катар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.

Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық өндірісті үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен қайта каруландыру жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың қол жетерлігі маңызды болып келеді.

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар:

• Несиелік;

•Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында улкен үлеске ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда менеджмент пен инвестордың қызығушылыктары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бүл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дүрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың ауыстырылуын талап ете алады. Үшіншіден, акцияларды орналастыру шешімін кабылдаудағы кедергі инвестор каржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете алмайтындығы.

Акцияларды орналастыру жолымен капиталды тарту талай жігер, уакыт пен ақшаны кажет ететіні сөзсіз.

Нарықтың қаныққындығы, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі — сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.оны толығырақ қарастырайык.

Тұтынушының қажеттілігі көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының қажеттілігін біліп тану білікті маркетологтардың жұмысы екенін ескертіп кетейік. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі - бұл белгілі бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге кажеттілік пен табысқа байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қазір көптеген видеомагнитофондар ОУО ойнатқыштарына ауыстырылып жатыр. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана емес, сонымен бірге тауарды прогресс стандартына, мәртебеге байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс жоғарыда аталған үш факторларға тәуелді.

«Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты -Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы», деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында осы жылы.

Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну кұнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы — өндіріс тиімділігінің жогарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:

• өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;

• тұтынушылардың талаптарын талдау;

• сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;

• сипатталатын қасиеттердің құрамы мен кұрылымы;

• өнім сапасын басқару мәселелері.

Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:

• жеке ;

• комплексті (топтық, жалпы, интегралды).

Өлшем бірліктері:

• натуралды (килограмм, метр, литр)

• құндық бірлікте.

Сапа деңгейін бағалау бойынша:

• базалық;

• қатысты көрсеткіштер.

Анықтау сатысы бойынша:

• болжанатын;

• жобаланатын

• өндірістік;

• эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:

• тағайындау;

• сенімділік;

• технологиялық;

• стандарттау және сәйкестендіру;

• экономикалық

• эргономикалық;

• эстетикалық;

• тасымалдау;

• патенттік-құқықтық;

• экологиялық; қауіпсіздік.

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне жатады:

• өнім дайындаудың салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;

• өнім дайындаудың салыстырмалы материал сыйымдылығы;

• материалды қолданудың коэффициенті;

•өнім дайындаудың салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.

Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:

• тауар бағасы;

• қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына кеткен шығын;

• орнату, монтаждау құны;

• қызмет көрсетуші персалды оқытып үйрету;

• электроэнергия, отын шығындары;

• қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы;

• салықтар;

• алдын-ала көзделмеген шығындар.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:

• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;

• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылыгы;

• тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;

• тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер — патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалык шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.

Экологиялық көрсеткіштер — өнімдерді іске косқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдаганда және іске косқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:

• табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;

• биологиялық ресурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;

• өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.

Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).

Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

• халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;

• тұрақты болуы керек;

• өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;

• халық шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;

• оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау.

Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:

• өнім топтарының түрі;

• өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;

• сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;

• әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;

• сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.

Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.

«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік, т.б.

«Жұмсақ» параметрлердің әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ, сондықтан оны сандық бағалау өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге өнімнің эстетикалық, эргономикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін сандық бағалау әдісін таңдау керек. Ол кезде адамның өнімнің белгілі бір қасиеттерін қабылдауына негізделген органолептикалык әдіс немесе балдық жүйе қолданылуы мүмкін. Одан басқа, «жұмсақ» параметрлерін бағалау кезінде экспер топтары өткізетін квалиметрикалық әдістер де пайдаланылады. Ол кезде эксперттер тек өнімнің қасиеттерін қабылдауына ғана емес, сонымен қатар нарықтағы жүмыс тәжірибесіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімнің қасиеттеріне бағытталады. Квалиметрикалык әдістер өнімнің әртүрлі қасиеттерінің өлшемі мен эксперттік бағалар талдауына негізделеді.

Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сай жэне кәсіпорын кызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады.




  1. «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік шаруашылық қызметін талдау


«Мавид» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Алматы облысы Каскелен қаласында орналасқан. Кәсіпорын заңды тұлға ретінде 2003 жылы құрылып тіркеуден өткен.

Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан әрі қатысушылары): Estate Investment Group ЖШС.

Тұрған орны: Алматы облысы

СТН 600500094748. ИИК 502467827 Банк Центр Кредит ААҚ АҚФ. БИК 190501719.

Куәлік 002529748 ҚР ІІМ 11.04.2003 жылы Алматы облысы Қатысушылардың жарғылық капиталы төмендегідей:

Дүйсенова Венера Бейсеновна – 29188383 теңге (55% ).

Estate Investment Group ЖШС – 15920936 теңге (30%).

Сағынбек Азира - 7960468 теңге (15%).

Серіктестіктің жалпы жарғылық капиталы 53069787 теңгені құрап отыр.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:

- нан өнімдерін өңдеу және өткізу;

- ақылы негізде тұтынушыларға қызмет көрсету;

- ауыл шаруашылық техникалары мен құрал жабдықтарын сақтау; - оларды жөндеуден өткізу және сервистік қызмет көрсету;

- нан өнімдерін өндіру;

- заңды және жеке тұлғаларға көлік және басқа да қызмет түрлерін көрсету;

- сыртқы – экономикалық қызмет;

- ҚР заң актілеріне қарсы келмейтін басқа да қызмет түрлері.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 25000 мың теңге.

Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар:

- Жоғарғы орган – Қатысушыларының жалпы жиналысы;

- Атқару органы- Дирекция;

- Бақылаушы орган – Тексеруші.

Серіктестіктің қызметіне бақылау жүргізу үшін қатысушысымен бақылау кеңесі тағайындалады. Бақылау кеңесінің жұмыс тәртібі Серіктестіктің қызметін реттейтін ережемен және басқа құжаттармен анықталады.

Кәсіпорынды шикізат пен материалдармен қамтамасыз ету процесі келесі сатыларды қамтиды:

- шикізатты қолдану талдауы, өндірістің алдын-ала жоспарлауында әр шикізат түрінің маңыздылығы;

- шикізатты қолдануына байланысты шикізатқа ай сайын тапсырыс беру;

- осы шикізат пен материалдар тапсырысын ай сайын қаржы бөлімімен салыстыру;

- шикізат пен материалдарға кеткен шығындардың сметасын қолдау;

- баждық келісім жасау үшін қажетті құжаттарды дайындау.

Шикізат пен материалдарды сақтаудың уақытша қоймалары жақсы жабдықталған вентиляциялық жүйемен жасалған және ол дайын өнімдерді және оның сапалылығын сақтап қалу үшін өте тиімді.

«Мавид» ЖШС өндірісінде өнімдердің негізгі шикізаты – нан өнімі болып табылады. Жоғары сапалы нан өнімдерін өңдеу үшін сапалы шикізат болуы керек. Бастапқы өндірудің мақсаты – жеткізу және сақтау барысында нан өнімінің қалыптығын сақтау.

Негізгі ұн – шикізатын жеткізушілер: диірмендер мекендерінің шаруа қожалықтары. Орау материалдарын арнайы орындардан алады, олардың өнімдері әлемдік нарықта қауіпсіз және экономикалық таза.

Мамандардың жоғары кәсібилігі, сапалы шикізатты пайдалану, қазіргі заманғы құрылғы мен классикалық жаңа технологияларды пайдалану, кәсіпорынның халық арасында сұранысқа ие өнімді шығаруға септігін тигізді.

Қорапша өнімнің шешуші жарнамасы. Ал дизайын тұтынушы үшін сыртқы келбет ұсыныстың бір бөлігі болғандықтан үлкен мәнге ие. ЖШС «Мавид» қорапшаны жасау барысында дизайын мен маркетингтің бір-біріне әсері болады, өйткені сатып алушының талабы мен ұсынысын ескермей өнімді сату мүмкін емес. Ал олар дизайын негізінде жүргізіледі. Барлық қорапшалардың дизайны қазіргі заманғы технологиялар бойынша жасалады.

Қорапшаның жарнамалық және эстетикалық ерекшеліктері:

- ақпараттандырылуы, дайын өнімді маркирлеу ағымдағы нормативті құжатқа сәйкес іске асады;

- сатып алушының назарын аудару;

- сатып алу және сату жұмысын реттеу.

Бұл ерекшеліктер өнімнің коммерциялық өмірін ұзартады және оны нарыққа шығарады, сатып алушылық сұранысты жаңарған өнімге аударады.

Фирмалық қорапша бұл нанның жаңа және сапаның сақталу проблемаларын шешудің дұрыс әдісі. Полиэтилендік пакетке қарағанда фирмалық қорапша әлдеқайда маңызды. Фирмалық қорапшаны қолдан жасау қиынға соғады, ол деформацияланбайды, нанның сапасын жоғалтпайды, ал ең бастысы арту барысында тауарды түрін сақтайды.

Жағымды гигиеналық қорапшадағы кесілген нан бұл уақытты үнемдеу мен жайлылық ғана емес, сондай ақ нанды тұтынудың жоғары мәдениеттілігі.

ЖШС «Мавид» дайын өнімі жағымды қорапшасының арқасында тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Ол тек жағымды ғана емес, сондай-ақ өнімнің әрбір түрі үшін ерекше. Жеке тауар қорапшасының дизайны жалпы біздің компанияның фирмалық стиліне сәйкес келеді. Біздің кәсіпорынның өнімі барлық сатып алушылар арасында танымал өнім.

Шикізат пен қажет материялдарды шығару көлемі біздің республикамызда жыл сайын ұлғаюда. Бұл өз кезегінде отандық шикізат, нан тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімге шикізат пен қажет материялдар шетелдік шикізаттың сапасына ешқандай дес бермейтінін білдірсе керек.

Компанияны басқару желі-функцоиналдық белгі бойынша құралады, яғни әрбір бөлімшеде бөлімше жұмысының барлық түріне байланысты жұмысты атқаратын бір басшы болады.

Бас директорға көмек көрсету үшін директор орынбасары болады. Оның негізгі қызметі функционалдық белгіге байланысты, яғни мекеменің тек белгілі бір жақты қызметімен байланысты тапсырмаларды орындау болып табылады.

Құрылтайшылық, бас директордың құқығы мен міндеттері компания бұйрығымен белгіленеді, ал құрылымдық бөлімшелердің құқығы мен міндеттеі – бас директор енгізген ережемен белгіленеді. Бұл құжаттарды бөлімше міндеттері, олардың құрылымдары, атқаратын қызметі белгіленеді. әрбір қызметкердің құқығы мен қызметтік міндеттері бөлімше ішінде қызметтік тапсырмалар түрінде белгіленеді.

Қоғамда басқарудың төмендегідей функциялары белгіленеді:

- жалпы басқаруды, сыртқы экономикалық байланыстарда басқаруды компанияның бас директоры өзі жүзеге асырады;

- ішкі – фирмалық экономикалық басшылықты – қаржы директоры жүзеге асырады.

Бас директор компанияның барлық қызметіне жауапты болып табылады.

Бас директор компанияның атынан жұмыс атқарады және оны жеке және мемлекеттік мекемелерде таныстырады. Бас директор кәсіпорын мүлкін пайдаланады, әрқилы мекемелермен келісім жүргізеді, өз атынан басқа тұлғаларға сенім хат тапсырады, банкте есеп-шотты ашады және ақшаны пайдалана алады.

2008 жылы аттестациялауға байланысты персоналға баға берудің жаңа түрлері енгізілді.

ЖШС «Мавид» негізгі қызмет түрі нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығару болып табылады.

ЖШС «Мавид» НТК күн сайын 4 тоннаға жуық өнім шығарады. Кәсіпорындағы қызметкерлер саны 30 адамнан жоғары.

Кәсіпорының өнім ассортименті 16-17 нан, бөлке, тоқаш, тәтті нан, кондитерлік және қатпарлы өнім түрлерін құрайды.

Топтық ассортименттік номенклатурасы 6 топты құрайды:

- нан;

- тоқаш өнімдері;



- кондитерлік өнімдер;

- батон.


Соңғы үш жылда ЖШС «Мавид» дайын өнімнің көлемі жалпы шығарылатын өнімнің 2%-ын құрады. Ерекшелігі мен сақталу мерзімі және тұтынуға байланысты (аймақтық немесе жергілікті тұтынушылар үшін) өнімнің әрбір түріне жеке қорапша таңдалады. Барлық қорапшалардың дизайны қазіргі заманғы технологиялармен өңделеді, түрлі - түсті қорапшалардың көлемі артты. Қапталған өнімді маркалау ағымдағы нормативті құжат негізінде жүргізіледі.

Таблица 1

«Мавид» ЖШС-нің технико - экономикалық көрсеткіштері




Көрсеткіштер



Өлш бірлік



2008 ж

2009 ж

Ауытқу

+/-

%

1

Өнімді өндіру көлемі

тонна

590

616

+26

104,4

2

Өнімді өткізу көлемі

Мың теңге

29770,0

31030,0

+1260

104,23

3

Адам саны

адам

34

34

-

-

4

Еңбек ақы қоры

мың

теңге


11730

11971,5

+ 241,5

102,1

5

Бір адамға еңбек өнімділігі

Мың теңге

875,6

912,6

+37,0

104,2

6

Орта айлық жалақы

теңге

28750

29342

+592

103,1

7

Өнімнің толық өзіндік құны

Мың теңге

26680,0

27910,0

+1230

104,6

8

1 теңгеге шаққандағы ӨӨҚ

тиын

89,6

89,9

+0,3

100,3

9

Негізгі қорлар

Мың теңге

9081,0

9092,0

+11

101

10

Қор қайтарымдылығы

теңге

3,27

3,4

0,13

103

11

Пайда

Мың теңге

3090,0

3120,0

+30

100,8

12

Өнім рентабельділігі

%

11,58

11,18

-0,4

96,54

Берілген кестеде, «Мавид» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Өнімді өндіру көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 26 тоннаға көбейді. Өнімді өндірудің өсуіне байланысты сәйкесінше өнімді өткізу көлеміде артып 2009 жылы 31030,0 мың теңгеге жетті. Адам саны өзгермеді Бірақ айлық орташа жалақының 2009 жылы 592 теңгеге көбейуіне байланысты еңбек ақы қоры 2009 жылы 241,5 мың теңгеге артып 11971,5 мың теңгені құрады. Осыдан еңбек ақы қорының өсуінен еңбек өнімділігі 2008 жылы 875,6 мың теңге болған болса, 2009 жылы 912,6 мың теңге болды. Өнімнің толық өзіндік құны 1230 мың теңгеге көбейді. Пайда 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 30 мың теңгеге көбейді. Өнімнің рентабельділігі керісінше 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеді.



2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау
Шаруашылық қызметінің нәтижесіне өндіріс құрылымы мен ассортименті және өнімді өткізу жолдары үлкен әсер етеді.

Кәсіпорынның шығаратын өнім құрылымы мен ассортиментін құру барысында кәсіпорын осы өнім түріне сұранысты және еңбек, шикізат және басқа да ресурстарды тиімді пайдалануды есепке алып отыруы қажет.

Ассортимент – бұл кәсіпорын, өндіріс саласы өнімдерінің немесе қандай да бір тауар тобындағы жеке өнім түрінің құрамы мен қатынасы.

«Мавид» ЖШС - нің ассортимент номенклатурасы 5 топты құрайды, енді сол өнімнің техникалық мінездемесімен танысайық.

№ 1 топқа «Нан» өнімдері топшасы кіреді.

Бұл топқа «Жай нан» атты арпа ұнынан жасалған нан кіреді. «Жай нан»наны СТРК 984-95 «Арпа ұнынан жасалған. Жалпы техникалық шарт»қа байланысты шығарылады. «Жай нан»наны үшін жартылай фабрикаттар қамыр дайындайтын И 8-ХТА-12 агрегатында дайындалады.

Нанның 100 гр. құрамы: ақуыз – 7,87; май-0,98; көмірсутектер-49,48г. Энергетикалық құндылығы – 238,22 ккал.

Тостерлік арнайы нан – жаңа заман өнімі. Өнімнің дәмі керемет. Оны әрқилы тағамдармен, салаттармен, сорпамен пайдалануға болады. Нан жоғары сапалы бидай ұнымен ашытқы, қант, маргарин, тұз және күшейткіштерді пайдалану арқылы өндіріледі.

100г құрамы: ақуыз - 7,9г; май - 2,1г; көмірсүтектер - 52,3г; энергетикалық құндылығы - 259,65ккал.

Нан сапасы мен қауіпсіздігінің негізі СТРК 984-95 «бидай»ұнынан жасалған нан. Жалпы техникалық шарттар нормативті сәйкестендірілген.

Бидай және жүгері ұндарының қоспаларынан дайындалған нан.

Бұл топқа:

● «Крестьянский» наны жатады.

ГОСТ 28807-90 нан сапасы мен қауіпсіздігінің негізі «бидай»ұнынан жасалған нан жалпы техникалық шарттар, нормативті құжатына сәйкестендіріледі.

Бұл топтағы нанның ерекшеліктері:

● Адам ағзасындағы зат алмасуға тікелей әсері бар В1;В2;В3;В6; дәрумендері және энергетикалық алмасуға әсері бар көмір көмірсутектері;

● Коллорияның төмендегі өз салмағын бей-жай қарамайтын барлық жастағы адамдарға арналған;

● Минералды заттар кальций, фосфор, темір, магний бұлшықет және сүйек ұлпаларының қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Нанның жарамдылығы 36 сағат, ал қорапшамен 72 сағат.

«Крестиянский» наны 1-ші сортты бидай ұнынан жасалады. Сондай-ақ тұз, қант, ашытқы қосылады. Негізгі ерекшелік Ленинграттық поктобакторина жоспары бойынша дайындалған сұйық жүгері қоспасының қолданылуы.

«Крестиянский» домалақ пішінде 0,75кг салмақпен дайындалады. 100г нан құрамы: ақуыз-2,05г; май-1,12г; көмірсутектер-45,46г; энергетикалық құндылығы – 212,03ккал.

Тоқаш өнімдер тобына жоғары және 1-ші сортты бидай ұнынан жасалған ойық тоқаштар және тәтті тоқаш кіреді.

Ойық тоқаштар-бұл дөңгеленген немесе овальді пішіндегі өнімдер. Бұл өнімдердің сақталу мерзімі:

● Өлшенетін тоқаштар - 60күн;

● Қорапталған ойық тоқаштар - 90күн;

● Өлшенетін тоқаштар - 25күн;

● Қорапталған тоқаштар - 30күн.

Бараники ойық тоқаштарға қарағанда әлдеқайда ірі көрінеді.

Өндірілуі:

● Ойық тоқаштар 1кг-да 180 дана болады. Бұған мак қосылған сыраға арналған ойық тоқаштар, «Чайные», «Ванильные», «Ақсайлық» жатады тоқаштары жатады.

● Бараники 1кг-да 40 дана болады.«Ванильді», «Лимонды» түрлері болады.

Баранный цехта үш технологияның механикалық желі бар:

● 2 желі ойық тоқаштар өндіру үшін;

● 1 желі бараники өндіру үшін.

Бұл өнімдердің 34% 0,4кг және 0,2кг,0,7кг салмақпен қолайлы қорапшаға салынады. Аса төмен ылғалдылықтың арқасында бұл өнім ұзақ сақталады және нан консервісіне жатады.

Бұл өнімдер бидай ұнына қант, ашытқы, жоғары сапалы пальма майы, иістендіретін заттарды қосу арқылы өндіріледі.

Біздің өнімдерге тек Қаскелен қаласының ғана емес сондай-ақ, Алматы қаласының, Шамалған, Ұзынағаш, Фабричный ауылдарының тұрғындары оң баға беріп отыр.

Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер тобына:

● торт және бәліштер жатады.

Бұл топқа қойылатын негізгі талаптар күрделі. Олар, жеке жартылай фабрикаттардың мінездемесі,өнімнің сыртқы пішіні-дәмі; иісі; түсі; кесілген түрі; физика-химиялық көрсеткіштері яғни – ылғалдылығы; қант пен ұнның салмақтық дәрежесі сияқты талаптар.

Торттар мен бәліштер – жоғары калориясы түрлі пішіндес әртүрлі дәмді, ароматтандырылған өнім. Торттар мен бәліштер негізгі дайын жартылай фабрикат – пісірілген қамыр бойынша жіктеледі.

Келесі пісірілген жартылай фабрикаттар:

- бисквитті;

- песочный.

Торттардың өндірілуі үшін жоғары сапалы шикізаттар: май, жұмыртқа, сүтті тағамдар т.б. қолданылады. Жоғары дәрежелі ылғалдылықпен май болғандықтан сақталу мерзімі өте аз.

Торттардың сақталу мерзімі:

  • сүтті кремдер – 36 сағат;

  • қышқылы бар сүтті кремдер – 5 күн;

  • 200t температурадан аспайтын тоңазытқыш жоқ жағдайдағы сүтті кремді торт – 36 сағат;

- жеміс қосылған, суфле қосылған, ақуызды креммен – 72 сағат;

- жемісті джеммен – 7 күн;

- өсімдік сүттерімен – 120 сағат.

Негізгі талаптар СТ ҚР – 985-95 «Торттар мен бәліштер. Техникалық шарттар» және ТУ 75 00 ҚР 600 719219174 ЖК – 06 - 2005 «Торттар мен бәліштер. Жартылай фабрикаттар мен шикізат пайдалану арқылы техникалық талаптар» құжаттарына сәйкес.
Кесте 2

«Мавид» ЖШС-нің 2009 жылғы өнім өндіру жоспарының орындалуын талдау


Өнімнің аталуы

Өнім өндіру көлемі, тонна

Ауытқу

жоспар

нақты

+; -

%

1. Нан өнімдері

соның ішінде:

298,0

324

+26

108,7

«Жай-нан» наны

142

160

+18

112,6

«Крестьянский» наны

156

164

+8

105,1

2. тоқаш өнімдері

145

138

-7

95,2

3. кондитерлік өнімдер

110

100

-10

90,9

4. батон

47

54

+7

114,9

Барлығы

600

616

+16

102,7


Кестеде көрініп тұрғанындай нан өнімдері жоспарланғаннан 26 тоннаға артық өндіріліп 324 тонна болды. Ал соның ішіндегі «Жай - нан» 18 тоннаға көп өндірілсе, «Крестянский» наныда 8 тоннаға көп өндірілген. Тоқаш өнімдері 7 тоннаға аз өндіріліп жоспарланған 145 тоннаның орнына 138 тонна өндірілген. Ал кондитер өнімдері 10 тоннаға азайған. Батон өнімі 7 тоннаға артық өндірілген.

Кесте 3
2009 жылы өнім өндіру ырғақтылығын талдау




Айлар

Өндіріс көлемі, тонна

Өнімнің үлес салмағы, %

Сондай-ақ,

жоспар есебімен

жоспарлы

нақты

жоспарлы

нақты

1

2

3

4

5

6

1

41,4

45,6

6,9

7,4

+4,2

3-ші кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

2

39

46,8

6,5

7,6

+7,8

3

42,6

52,3

7,1

8,5

+9,7

4

51,6

51,1

8,6

8,3

-0,5

5

52,2

53,4

8,7

8,7

+1,2

6

51,6

51,1

8,6

8,3

-0,5

7

55,2

52,9

9,2

8,6

-2,3

8

54,6

53,4

9,1

8,7

-1,2

9

51,6

46,8

8,6

7,6

-4,8

10

55,2

54,2

9,2

8,8

-1,0

11

49,2

53,4

8,2

8,7

+4,2

12

55,8

54,2

9,3

8,8

-1,6

Барлығы

600

616

100

100

+16


3 кесте мәліметтері бойынша жыл басында өндіріс ырғақтылығы жоспарға қарағанда жоғары болса, шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларында төмендеп, қараша және қаңтар айында қайтадан жоғарылағаны көрініп тұр.

2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау
Негізгі қорларды талдаудың міндеті кәсіпорын және өндірістің құрылымдық бөлімдерінің негізгі қормен қамтамасыз етілуін, олардың жалпы, жекелей көрсеткіштер бойынша қолданылу деңгейін және олардың өзгеру себептерін анықтау болып табылады. Негізгі қорларды қолданудың өндірілген өнім көлеміне және басқа да көрсеткіштерге әсерін кәсіпорын немесе жабдықтардың өндірістік қуатының қолданылу деңгейін, негізгі қорлардың қолданылу деңгейін жоғарлату резервтерін анықтау болып табылады.

Берілген талдауды жүргізу барысында негізгі қордың көлемін, динамикасын, құрамын, құрылымын, техникалық жағдайын, өндіріс деңгейін зерттеу қажет. Оны келесі кестелерден көрсетуге болады.


Таблица 4

Негізгі қорлардың құрамын талдау






Түрлері

Өлшем бірлік

2008жыл

2009 жыл

ауытқу

+,-

%

1

2

3

4

5

6

7

1

Ғимараттар

мың теңге

2542

2554

12

100,4

2

Үйлер

мың теңге

-

-

-

-

4-ші кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

3

Тасымалдаушы құралдар

мың теңге

-

-

-

-

4

Көлік және құралдар

мың теңге

2723

2749

26

100,9

5

Компьютерлер

мың теңге

272

272

-

-

6

Көлік құралдары

мың теңге

1363

1390

27

101

7

Құрал саймандар

мың теңге

1181

1127

-54

95

8

Өндірістік инвентарьлар

мың теңге

1000

1000

-

-

9

Барлығы

мың теңге

9081,0

9092,0

+11

101

Берілген кестеде, негізгі құралдардың құрамын талдау көрсетілген. Ғимараттар 12 мың теңгеге өзгерді. Компьютерлер өзгермеді. Қөлік және құралдар 26 мың теңгеге өзгерді. Құрал саймандар 54 мың теңгеге төмендеді.


Таблица 5

Өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды талдау




Құрамы

2008жыл

2009 жыл

мың теңге

%

мың теңге

%

өндірістік емес негізгі қорлар

290

3,2

272

3

өндірістік негізгі қорлар

8791

96,8

8820

97

Барлығы

9081,0

100

9092,0

100

Берілген кестеде, Өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды талдау көрсетілген. Өндірістік емес негізгі қорлары төмендеген. Өндірістік негізгі қорлар жоғарылаған.

Таблица 6

Негізгі құрлардың жағдайын талдау






Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

Өзгеруі

1

2

3

4

5

1

Жаңару деңгейі, %

12,6

15,1

+2,5

2

Жаңару мерзімі, жыл

7,4

6,1

-1,3

3

Шығу коэффициенті

0,05

0,07

+0,02

6-шы кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

4

Өсу коэффициент

0,086

0,093

+0,007

5

Тозу коэффициент

0,38

0,365

-0,015

6

Техникалық жарамдылық коэффициенті

0,62

0,635

+0,015

7

Құралдардың орташа жасы, жыл

4,2

4,0

-0,2

Берілген кестеде негізгі құрлардың жағдайын талдау көрсетілген. Жаңару деңгейі 2,5 пайызға өскен. Жаңару мерзімі 1,3 жылға төмендеген. Шығу коэффициенті 0,02 жоғарылаған. Өсу коэффициенті 0,007 өскен. Техникалық жарамдылық коэффициенті 0,015 жоғарылаған. Құралдардың орташа жасы екі айға төмендеген.


Таблица 7

Жастық құрамына байланысты өндірістік құралдарды талдау




Жасы

Соммасы, мың тенге

%

5 жыл

5448,6

60

5-10 жыл

3632,4

40

Барлығы

9081

100

Берілген кестеде, жастық құрамына байланысты өндірістік құралдарды талдау көрсетілген. 5 жыл 60 пайызды құрады. Барлығы 9081 мың тенгені құрады.



2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігінің деңгейін және еңбек ақы қорын талдау
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау үшін ең алдымен еңбек ресуртарын қолануды қарап шығу керек.
Кесте 8

Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қолдану


Көрсеткіш

Көрсеткіштің мәні

Аыутқу

(+,-)

t0

t1

1

2

3

4

Жұмысшылардың орташа жылдық саны (ЧР)

34

34

-

Жұмыс күндерінің саны (Д)

259,4

228,8

-30,6

Жұмыс сағаттарының саны (Ч)

2046,7

1754,9

-291,8

8-ші кестенің жалғасы

1

2

3

4

Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы (П), ч

7,89

7,67

-0,22

Жалпы жұмыс уақытының қоры (ФРВ), чел.-ч.

69587,8

59666,6

-9921,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет