1. 2,45 г қышқылды бейтараптау үшін 2,80 г қышқыл жұмсалады. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз


Молекулалық массаларды анықтау әдістері



бет7/7
Дата04.03.2022
өлшемі220.27 Kb.
#455975
1   2   3   4   5   6   7
бейоорганикалық химия тапсырмалар

Молекулалық массаларды анықтау әдістері
а) Заттың молекулалық массасын тығыздық арқылы табу. Кез келген екі газдың бірдей көлемдерінде молекулалар саны бірдей болады, сондықтан газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтауға болады.
D - салыстырмалы тығыздық. Салыстырмалы тығыздықты келесі формула бойынша анықтайды: D=Мr(1-газ)/Мr(2-газ). Демек, салыстырмалы тығыздық дегеніміз – бірінші газдың молекулалық массасының екінші газдың молекулалық массасына қатынасы. Осы формуладан белгісіз газдың молекулалық массасын табуға болады:
D∙Мr(2-газ) =Мr(1-газ)
Мr(1-газ) – бірінші газдың молекулалық массасы,
Мr(2-газ) – екінші газдың молекулалық массасы.
ә) Клайперон-Менделеев теңдеуі бойынша:

PV = .


в) Авогадро заңының салдары бойынша:
1моль газ 22,4 л көлем алады:


, сонда: М = 22.4 m1 / V1


Мысалдар
1-мысал. Көмірқышқыл газының 1 молекуласының массасын табыңыздар.
Шешу жолы. Көмірқышқыл газының (СО2) салыстырмалы молекулалық массасы – 44,0, сондықтан СО2-нің мольдік массасы – 44,0 г/моль. СО2-нің 1 молінде 6,02∙ 1023 молекула бар, сонда 1 молекуланың массасы былай табылады:

m = = 7,31∙10-23 г.


Авогадро заңы бойынша бірдей температура мен бірдей қысымда алынған кез келген газдардың тең көлемдерінде молекулалардың саны да тең болады.


Басқаша айтқанда, кез келген газдардың молекулаларының тең саны бірдей жағдайда бірдей көлем алады. Сонымен қатар кез келген газдардың 1 молінде молекулалар саны бірдей болады. Сондықтан бірдей жағдайда кез келген газдың 1 молі белгілі көлем алады. Бұл көлемді газдың мольдік көлемі деп атайды, ол қалыпты жағдайда (0 ºС; 101,325 кПа) 22,4 литрге тең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет