1. 2,45 г қышқылды бейтараптау үшін 2,80 г қышқыл жұмсалады. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз



бет6/7
Дата04.03.2022
өлшемі220.27 Kb.
#455975
1   2   3   4   5   6   7
бейоорганикалық химия тапсырмалар

C

Сu

H2O

CO2

ν, моль

1

1

1

1

Құрылымдық бірлігі

атом

молекула

N

6,022*1023

6,022*1023

Mr'

12

64

18

44

M, г/моль

12

64

18

44

m, г

12

64

18

44

Моль - зат мөлшерінің өлшемі, ол ν ("ню") грек әрпімен белгіленеді. Сендер физика курсынан «Авогадро саны» деген түсінікпен таныссыңдар: NA = 6,022 141 29(27)×1023 моль−1
Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері.
Олай болса 64 г мыста, 18 г суда, 44 г көмірқышкыл газындағы құрылымдық бөлшектердің саны 12 г көміртекте болатын атомдар сандарымен бірдей, сондықтан моль дегеніміз - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар) болатын заттың мөлшері.
Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, өлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массаға тең.[1]

Атомдық және молекулалық массаларды анықтау жолдары


Атомдық массаларды анықтау әдістері.
а) электр химиялық әдіс
Фарадей заңы бойынша электролиз нәтижесінде бөлінген заттың массасы келесі формуламен анықталады:
m
Бұл формулада: I - ток күші, А;
τ - уақыт, с;
96500 кулон – Фарадей саны.
Сонда: заттың эквиваленттік массасы: M (Э) .
Ал эквиваленттік масса бойынша атомдық массаны анықтауға болады: Формула бойынша: М (Э) , А - атомдық масса. В – валенттілік. Демек: А= М (Э)∙В.
ә) Дюлонг-Пти ережесі
Атомдық массамен меншікті жылу сыйымдылығының көбейтіндісі − 26,3-ке тең тұрақты шама. Сонда: А = 26,3 / С.
в) Канницаро әдісі. Атомдық массасын іздеген элементтің ұшқыш қосылыстарын алып, олардың молекулалық массаларын табамыз. Содан кейін химиялық анализ жасап, сол элементтің қосылыстағы массалық үлесін табамыз. Осы екі санға сүйене отырып, әрбір қосылыстың молекулалық массасының ізделіп отырған элементке тиесілі бөлігін есептеп шығарамыз (1- кесте).


1 - кесте



Қосылыс

Метан

Эфир

Спирт

СО2

Көміртектің массалық үлесі, %

75,0

64,9

52,2

27,3

Молекулалық массаның көміртекке тиесілі бөлігі

12

48

24

12

Бұл кестеден молекулалық массаның көміртекке тиесілі бөлігін көрсететін сандардың ең кішісі 12 екенін көріп тұрмыз. Бұл – көміртектің атомдық массасы. Ал басқа сандар 12-ден 2 есе, 3 есе көп, олар молекула құрамында көміртектің 2 атомы, 3 атомы бар екенін көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет