1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары



бет1/5
Дата20.06.2016
өлшемі431 Kb.
#149079
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3-деңгейдегі CМЖ құжат

УМКД




«Кітаптану негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

2013 жылғы

№1 басылым


УМКД 042-18-15.1.19/03-2013










5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Кітаптану негіздері» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2013
МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары

6 Өзгерістерді тіркеу парағы

7 Әріптестердің танысуы



1 ГЛОССАРИЙ

1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.

31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.
2 ДӘРІСТЕР

1 - дәріс.

Кітаптану ғылымы жайында


  1. Кітаптану үшбірлік жүйе

  2. Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемалары

Кітаптану дегеніміз кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым. Ол қоғамда жазба және баспа шығармаларының жасалуы, таратылуы және пайдаланылуы процестерін зерттейді.(Үлкен Кеңес энциклопедиясында. т.12. 337 бет)

Кітаптану ғылымының кешенді ғылым аталу себебі оның зерттеу объектісі - кітап өндірісінің тұтас, күрделі жүйеден тұратындығына байланысты. Автор қолынан шыққан қолжазба редакциялық - баспагерлік өңдеуден өтіп, өндіріске түседі, яки баспаханада теріледі, басылады, бүктеледі, түптеледі. Дайын кітап тиражы (таралымы) кітап саудасы және кітапхана жүйелеріне түседі, библиографиялық өңдеуден өтеді. Ақыры кітап оқырман қолына түседі. Бұл процестер бірімен бірі тығыз байланысты, бәрін жинақтап келгенде кітап ісі деп аталады.

Кітаптану үшбірлік жүйеден тұрады: кітап - кітап ісі - оқырман. Кітап өндірісі дамуының осы аталған кезеңдерінің әрқайсысын арнайы ғылыми пәндер зерттейді. Солардың бәрінің басын біріктіргенде кітаптану ғылымы: кітап тарихы, баспагерлік ісінің тарихы, теориясы, әдістемесі, полиграфияның тарихы мен теориясы кітап саудасының теориясы мен практикасы және бұл екі саланың тарихы салаларынан тұрады. Бұған тағы да кітапхана ісін зерттейтін- кітапханатану, библиографиялық қызметті зерттейтін библиографиятану, оқырман талап-тілегін, психологиясын тексеретін- оқырмантану ғылымдары жатады.

Кітап туралы ғылым кітап ісіне қатысты мәселелерді назардан тыс қалмауы тиіс. Кітап пен кітап ісін зерттеу соңғы жылдары оқырмантану ғылымына ұқсады. Алайда соңғы жылдары кітаптану құрамындағы жеке салалар үрдіс даму жолына түсті. Бұлардың әрқайсысы өздерінше “ кітап” секілді іргелі категорияның анықтамасын табуға тырысты. Әр сала, сайып келгенде кітап үшін қызмет етеді.

Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымын зерттейтін мәселелер сол оқырман талап-тілегіне байланысты болуы керек. Кітапты оқырманмен, ондағы ақпаратты тұтынушымен байланыста зерттеу- функционалдық, қызметшілдік әдіс осы талаптарға негізделеді.

Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемаларын шешуде белгілі кітаптанушы А.И.Барсук елеулі еңбек етті. Ол кітаптың төмендегідей жалпы анықтамасын берді. “Кітап- бұл қолжазба және баспа шығармасы, немесе екеуінің жиынтығы болып табылады. Кітап- қоғамдық сана туындысы, қоғамның идеялық- рухани өмірінің жемісі, идиологияның барлық түрлерін (саяси, ғылым, мораль т.б) тарату және дамыту құралдарының бірі, әлеуметтік күресті, тәрбиені, қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы ғылыми және техникалық прогресс қаруы”, - деген (Книговедение. 1970 №6. 6-бет. А.И. Барсук)
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


2 - дәріс.

Кітаптану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихынан

  1. Кітаптану ғылымның даму кезеңдері.

  2. Кітаптың туу процесі.

Кітаптану ғылымы үлкен тарихи жолдан өтті. Кітап және кітап ісі тарихын, теориясы мен методологиясын зерттеу барысында ол қыруар материал, фактілер жинақтады, теориялық ізденістерін тереңдетті, ғылыми әдістерін жетілдірді. Тамшыдан бұлақ, бұлақтан өзен құралатын сияқты, ой-пікірлер жалғасты, ғылыми-айтыс шыңдала келіп кітап тұралы мол ғылым бас құрады. Кітаптану тарихы дегеніміз кітап туралы білімнің, міне, осы туу,қалыптасып өсу, өркендеу жолдарын тексереді.

Кітаптану ғылымының дамуында кітаптану тарихының міндеті зор. Ол кітап білімінің тарихы,теориясы мен методологиясы арасындағы диалектикалық байланыстарға мән береді. Кітаптану тарихы- кітап туралы ғылымның құрамды және маңызды бөлімдерінің бірі. Ол басқа нақты айтқанда кітап жіне кітап ісін ғылыми басқару, кітаптану ғылымын жаңа белеске шығару мақсатында жұмыс істейді

Кітаптану ғылымның жас бұтағы. XVIII ғасырдың бас шенінде қалыптасқан, ол бірден осы бүгінгі күйіне келе қалған жоқ. Қоғамдағы әр құбылыс сияқты туу, есею, кемелдену сатыларынан өтті. Ол үш кезеңді басынан өткерді.

Бірінші кезең- Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.

Екінші кезең – Кеңестік кезең.

Үшінші кезең- Қазіргі кезең.

Бірінші кезеңде кітаптану ғылым ретінде жеке отау құрды. Өзінің теориялық,методологиялық ізденістерін бастады. Өз объектісі – кітаптың анықтамасын беруге әрекеттенді.

Кітап туралы жалпы білім беретін ғылым-кітаптану деп, бұл терминнің ғылым жүйесіне енуіне үлес қосқан зерттеуші- Николай Михаилович Лисовский (1854-1920). Лисовский кітаптану мақсатын кітап зерттеу деп анықтама жасады. Ол кітаптану ғылымы кітапқа байланысты техникалық, тәжірибелік және теориялық білімдердің басын құрайтын ғылым деп түсіндірді. Ол кітаптың кешегісі мен бүгінгісіне зер салып, жазу-сызудың, баспа шығармаларының тууы, таратылуы және пайдалану жағдайын талдады. Н.М. Лисовский кітаптану д/з- кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым деген тұжырымға жол ашып, кітап жөніндегі ғылымның теориялық және методологиялық жағынан дамуына зор әсер етті.

Кітаптану ғылымына Александр Михайлович Александрович Ловягин(1870-1925), Куфаев, Николай Александрович Рубакин (1862-1946), Александр Григорьевич Фомин т.б елеулі үлес қосты.

Екінші кезең Кеңес дәуірінде кітаптану ғылымының бірқатар методологиялық қателіктерге бой алдыруына қарамастан, қазан төңкерілісіне дейінгі кітаптану ғылымының жетістіктері баянды етілді.

1920-30 жылдардың кітаптану ғылымында тапқан олжасы- кітапты қоғамдық құбылыс ретінде тану болды.

1930 жылдардың ортасынан бастап елуінші жылдарға дейін кітаптану ақсап қалды. Тек алпысыншы жылдардың басында қайта жанданып дами бастады. Көптеген оқулықтар дүниеге келді. Ғылыми-техникалық ақпаратты, информацияны жүргізетін арнайы мекеме ашылды. 1980 жылдан бастап “Информ печать” ашылып, Кеңес одағындағы және шет елдердегі баспа орындарының тәжірибесін, жетістіктерін насихаттады.

Екінші кезеңнің елеулі жетістігі- көп ұлтты кеңес кітаптану ғылымының негізі қаланғанды.

Осы еңбектің бірінші тарауында кітап тарихына шолу жасалу жолымен кітап — әлеуметтік катынас құралы екендігі айқындалды. Адам мен адам, ел мен ел кітап арқылы жалғасып, ой байытып, өмірді ілгері бастыраты-ны сөз етілді.

Енді кітап деген ұғымды басқа кырларынан танып білуіміз керек. Жалпы кітаптану және оның белді-белді салалары әрқайсысы кітапқа өз ерекшелігіне карай баға беріп, анықтамасын жасайды және оның бәрі «әне жері, мына жері» дейтіні жок, дұрыстығына күмән туғызбайды. Бұл тараудың міндеті — кітаптану ғылымының бас объектісі — кітап туралы ұғымға жауап іздеп табу.

Кітап дегеніміз не?

Украин ғалымы М. Ф. Яновский «О книге. Опыт ана лиза понятия книга» деген еңбегінде кітап туралы елу шақты анықтаманы жіпке тізгендей етіп тексеріп шығады да, ақыры біреуін місе түтпай, өз нұскдсын ұсынады. «Книга — продукт человеческого творчества, воспринимаемая органами зрения или осязания в устойчивой форме» де-ген қағида жасайды. Алайда ғалымдар Яновскийдін 51 анықтамасына кол қоймағаны былай тұрсын, оны мінеп сынады. Сынайтын жөні бар. Біріншіден, Яновский кітаптың тіпті зат, бүйым есебіндегі ерекшеліктерінің өзін дөп басып айта алмай отыр. Көзбен көріп, қолмен ұстай тын шығарма кітап қана ма екен? Газет туралы да солай деуге толық негіз бар. Екіншіден, — бүл Яновскийдің ең үлкен кателігі, — аталған аныктама білік теориясынын ілкі сатысы — сезіммен ғана шектеледі. Ғылыми зерттеу эмпирика сатысында тоқтап калмайды. Тіпті онан әрі асып түсіп, бай фактілер, ғажайып идеялар тапса да, жүйелі, түтас көзқарассыз ғылым жасалуы, атап айтқанда, кітаптанудың бас категориясы — кітап туралы аукымды теориялык ұғым түзу мүмкін емес.

Жалпы ғылыми үғымдарды, категорияларды дефиницияның тар кауызына сыйғызамын деп әурелену көп жағдайда тиісті нәтиже бере бермейді. Тұжырым әрқашан белгілі бір түсініктердін шеңберімен шектеледі. А. Беловицкая кағидасына осы кателік салқыны тиген. Зерттеу аясы жаңағы корытындыдан әлдеқайда кең. Жалпы алғанда, А. Беловицкая кітап және кітап ісі тақырыбын негізінен дұрыс аша білгендігін мойындау керек.

А. Беловицкая кітаптың туу процесін және оқушыға барар жолдарын «кітапқа дейінгі» және «кітаптан кейінгі» деп екі кезеңге бөледі. Кітап жүйесінің барша сатылары бір-бірімен іштей жалғаса отырып, диалектикалык тұтас бітім боп калыптасады. Әр саты бүрынғысының нәтижесі және өзінен соңғысының мүмкіндігі, бірінсіз бірінің күні жок. Міне, осыны негізге ала отырып, Беловицкая «кітап» үғымының қайнар көздеріне үніліп зерттейді, кітапты қоғамдык құбылыстын бір буыны деп біліп, жүйелі-типо-логиялык түжырымдама талаптары бойынша, кітаптану ғылымының өзі «мүше» боп кұрамына кіретін, одан көлемдірек ауданға назар тігеді. Осы түста кітаптың, ата тегі өріден екендігі, кітап — информациялык процесс нәтижелерінің бірі екендігі аныкталады.

Кітап такырыбынан кысқаша мағлұмат беріп, аванти-тулды кірлеуден сақтайтын бет қосылса, оны «шмуцтитул» дейду Кітап тарауларына арнайы бетгер берілш тақырыптарын жазу кездеседі. Кітап материалын жүйелеп ұқсатудың мұндай түрін де шмуцтитул дейді. Ал тарау-лардың тақырыбы кітап беттерінің жоғары жағына жа-зылса, оны колонтитул атайды. Кітап беттерінің рет саны, яки нөмірлері қойылатыны белгілі. Оны колонцифрлар, ал бұлардың жиынтығын «пагинация» дейді.

Шығарманың негізгі мөтінінен өзге басылым туралы косымша мағлұматтар, аннотация, алғы сөз түсініктемелер (комментарийлер), библиографиялык көрсеткіштер, басқа да кітап форматы, кағазы жөнінде мағлұматтар беріледі. Оны кітапшаты деп атайлы.

Қазакстанда кітаптану ғылымы әлі аяғынан қаз түрған жоқ. Талпыныс бар. Әсіресе казак кітабының тарихын жазуға деген ықылас үлкен. Бұл такырыпта біршама кітап жарияланып үлгерді. Сонда да толыккднды кітап тари-хын жазып болдык деп айта алмаймыз. Жарык көрген туындыларда мазмұндау, сипаттау, библиографиялык реңк басым. Кітап өнерін игерген рылым кадрларын өзірлеу мәселесі қолға алынбағандықтан, жеке іздену-лердің нәтижесі ойдағыдай болмай отыр.

Кітаптану ғылымының кең өріске шыруының жөне бір шарты — өндіріспен тығыз байланыс орнатуда. Кітаптану практикамен, практика ғылыммен санасып отыруға міндетті. Екеуінің арасында едәуір ерекшелік болғанымен, бұлардың әрекеті, қызметі, максаты бір ар-нада тоғысады. Ол арнаның аты — кітап.

Кітап әлемі — күрделі де нәзік дүние. Оның мәнін, табиғатын ашу, коғамда алатын орнын белгілеу, кітап өндірісін басқарудың ғылыми негіздерін анықтау кітаптану ғылымының методологиялық, теориялық

қызметін кандай дәрежеде атқаруына байланысты.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


3 - дәріс.

Кітап және оның адам мен қоғам өміріндегі ролі

1 Жазу-сызу (графика) таңбалары, жазудың пайда болу тарихы

2 Кітаптану ғылымының кешенділігі
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша деректер көрсетіп отырғандай Еуропа мен Азия құрлықтарының Ұлы даласын мекендеген рулар мен тайпалар өздерінің тіршілігі, тағдырлы оқиғалары туралы тасқа таңбалар салып, әртүрлі белгілер қалдырған. Бұларды ежелгі қандастарымыздың өз ұрпақтарына қалдырған хаты деуге болады. Ғылым тілінде оны петроглифтер (гректің петро- тас және глиф- қашау деген сөзінен шыққан) деп атайды. Жазу өнерінің бастапқы түрі болып табылатын бұл таңбалар қашап сызу және түрлі-түсті бояулармен нақыштауға дейінгі ұзақ даму жолынан өткен. Тасқа бейнелеу әдістері Қазақстанда- Жетісу, Солтүстік Балқаш өңірі, Ертіс Алтай аймағында, Сарыарқада, Маңғыстауда жиі ұшырайды.

Жазу-сызу (графика) таңбалары арқылы сөз-лебізді, хабар- ошарды қашықтыққа жеткізу үшін бастапқы кезде түрліше тәсілдер, мәселен, пиктография- “суретті хат”, белгі, ойық салу, т.б қолданылған. “Пиктос” дегеніміз грекше “сурет” деген сөз.

Бір кезде қытай иероглифті жазбасы да сурет секілді болған. Келе-келе суреттер шартты белгіге айналған. Қазіргі қытай иероглифтері дәл осындай.

Жазу-сызу дамуының келесі кезеңі- буын, сына жазуы. Мұнда әрбір белгі белгілі бір мән-мағынаны білдіреді. Американың ежелгі тұрғыны –майя үндістерінің жазу-сызуы да сына белгісін кең пайдаланған.

Ежелгі египеттіктер көне дүниенің барлық елдерінде көп жылдар бойы кеңінен пайдаланылған папирусты ойлап тапты. Папирус Ніл өзенінің жағасында үш-төрт метр бойлап өсетін құрақты өсімдіктің өзегінен жасалған.

Папирус бумасының әдеттегі ұзындығы алты метрге, ені 15-30 сантиметрге жететін Папирус бумалары біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта таралды. Кейінірек папирус жерорта теңізі елдерінің жазу-сызуы үшін кең таралған материалға айналды. Папирус шетке шығаратын маңызды зат болды.. Оны әзірлеу мен сату ісі бір ғана перғауындардың қолында болды.

Сондай-ақ ағаш ерте заманнан жазу-сызу үшін материал болған. Қиыр Шығыста жұрт ағаш тақтайшаларға жазған. Жазу-сызу және кітап бастыру үшін бамбук пайдаланылған, одан жұқа тақтайшалар жасап, олардың ара-арасын баумен бекітіп тастаған. IV ғасырда Қытайда жазу-сызу материалы үшін жібек пайдаланылып, одан орамдар жасалған

Көптеген халықтар ағаш қабығына жазу жазған. Ежелгі Русьте қайың қабығы- берестке жазу жазған. Үндістанда пальма жапырақтары мен теңіз бақашанақтары пайдаланылған.

Египетте, Грецияда, Кіші Азияда әсіресе Сирия мен Палестинада бірте-бірте жазу-сызуға мал терісі қолданылған. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында майя тайпалары бұғы терісіне жазған.

Біздің заманымызға дейінгі I- ғасырда гректер жазу-сызуға жас малдың терісін илеп, өңдеуден жасалған пергаментті бірінші болып пайдаланды. Пергаментті жасау үшін қойдың, ешкінің, бұзаудың терісін пайдаланған. Теріні әк ерітілген суға салып илегеннен кейін жүнінен тазартып, ағашқа керіп қойған. Кептіріп, өңдегеннен кейін бор жаққан. Пергамент папирустен әлдеқайда төзімді болған. Әрі оның екі бетіне де жазу жазған. IV-ғасырдың өзінде кітап өндірісінде басым орынға ие болды. Пергаментке жазылған кітап Еуропада 1000 жыл бойы үстем болып келді.

Кітап өз дамуында үлкен тарихи жолдан өтті. Дәл бугінгі калпына бірден ене қойған жоқ. Әр заман кітабы өз бойына шақ. Мазмұны жағынан да, пішіні жағынан да. Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолга ұсталуы, оқылуы үшін негізгі үш шарт орындалуға тиісті. 1. Ауызе-кі тіл жазба тілмен толыктырылуы қажет. Мүның өзі жазу-сызудың (письменность) жүзеге асуына байланыс-ты. 2. Жазуды түсіретін материал керек. 3. Жазылганды көбейту, колжазбаны көпшіліктің игілігі ету, яки топтык жөне әлеуметтік байланыс (коммуникация) құралдарына айналдыру ләзім. |



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет