3-қадам: екінші аспектіге толықтай тоқталып, мысалдар арқылы кеңінен түсіндіру 3-қадам: екінші аспектіге толықтай тоқталып, мысалдар арқылы кеңінен түсіндіру М. Әуезовтің ғылыми еңбектерінен, басқа да ғалым, зерттеуші, сыншылардың бағалау сөздерінен нақты мысалдар келтіру арқылы оқушылар пікірін қалыптастыру - Қандай зерттеу қызықты әрі сәтті шығады?
- Барлық зерттеуді ғылымға жатқыза аламыз ба?
- Зерттеулер жаңалықтар ашудан басқа тағы қандай пайда әкеледі?
- Зерттеу идеясы қайдан, қалай туындауы мүмкін?
- Ғылымды дамыту деген не?
- Ғылымды кімдер, нелер дамытады?
- Ғылымды дамытудағы мақсат не?
- Ғылым дамуының шегі бар ма?
2-аспект: Ғылымды дамыту мақсаты. 1-тапсырма
Еңбектеріне қарап қай ғылым салаларында еңбек еткенін анықтаңыздар?
Автор осы еңбектерді жазуда нені мақсат етті деп ойлайсыз?
«Абай еңбектері-нің биік нысанасы» мақала, 1945 жыл
«Абай елі» альбом-шежіре, 1944 жыл
«Абай жайын зерттеушілерге» мақала, 1940 жыл
«Абай – қазақ әдебиетінің классигі» мақала, 1935 жыл
«Абай ұрпақтары» қолжазба журнал, 1939 жыл
«Абайдың өмірбаяны-на қосым-ша матери-алдар» мақала, 1940 жыл
«Абайдың идеялық-мәдени ізденістері» мақала, 1939 жыл
«Абай мұрасы жайында» мақала, 1951 жыл
«Абайтану-дан жария-ланбаған материал-дар» мақала, 1939 жыл
2-аспект: Ғылымды дамыту мақсаты. 2-тапсырма
Кімді дамытады?
Нені дамытады?
Сонымен қатар М.Әуезов айқындап берген абайтанудың сегіз түрі тақырыптық зерттеу аясында құнды еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай өмірбаянына қатысты Б.Байғалиевтің «Абай өмірі – мұрағат деректерінде» монографиясы, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» монографиясы, «Абай және Шығыс монографиясы, Қ.Салғариннің «Тереңге тартқан тамырлар» зерттеуі, С.Оразалиевтің «Абай және Дауани», Ғ.Есимовтің «Хакім Абай», А.Машановтың «Әл Фараби және Абай», Ж.Ысмағұловтың «Абайдың ақындық тағылымы», М.Бекбосыновтың Абайдың библиографиялық көрсеткіштері (1965, 1988, 1995), М.Әліпханның «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» т.б. зерттеушілердің зерттеулері жазылды.
* М. Әуезов мақалада ұлы ақын шығармаларының құндылық жақтарын саралайды.
* М. Әуезов «Абайтану» курсының негізін қалаған, ЖОО-да сол курсты жүргізген, үнемі ізденіп дамытып отырған.
* Алматы, Семей мұрағаттарындағы құжаттармен таныса отырып, Семей өңірінде болып қайтқан ғылыми экспедицияның жиған деректерінің нәтижесінде Абай шығармаларының ғылыми толық басылымын тұңғыш рет жүзеге асырды.
* Абай рубасы отбасында өмірге келгенімен, кейін өсе келе халықтың жағында болып, ел ішіндегі әділетсіздіктерге қарсы шыққандығына автор назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |