33. Мегежінді қолдан ұрықтандыру - Мегежінді көбінесе сұйылтылған шəуетпен ұрықтандырады. Сұйылтылған шəуетпен ұрықтандыру. Бұл əдіс бойынша шəуетті жатырға мегежіннің 1 кг. салмағына 1 мл. болатын есеппен жібереді, бірақ жалпы мөлшері 150 мл аспағаны дұрыс. Шəуетті жасанды ортамен сұйылтқан кезде бір ұрықтандыруға кететін шəует мөлшерінде белсенді спермийлердің саны 3 млрд-тан кем болмауы керек. Шəуетті енгізу үшін полиэтилендік құрал (ПОС-5) қолданылады, ол қабырғасы жұқа, 100-150 мл флаконнан, оған бұралып жабылатын қақпақтан жəне муфта арқылы жалғанатын катетерден тұрады. Полиэтилендік құралды (МҮПҚ) шəуетті құймастан бұрын, натрий карбонатының 2-3 %- ыстық судағы ерітіндісімен шаяды да дистилденген сумен жуып, зарарсыздандырғышта қайнатып зарарсыздандырады. Қайнатып зарарсыздандыру кезінде олар судың бетіне қалқып шықпас үшін сумен толтырады. Катетерлерді қақпағымен бірге флокондардан бөлек зарарсыздандырады. Зарарсыздандырып болғаннан кейін флокондарды жəне катетерлерді хирургиялық қысқыш (корнцанг) немесе пинцетпен алып, ішіндегі суын төгіп, шəуетті сұйылтуға арналған жасанды ортамен шаяды. Шəуетті енгізу алдында міндетті түрде су моншасын 38- 40°С температураға дейін 8-10 минуттай қыздырып алған жөн, өйткені суық шəует жатырдың жиырылуына байланысты сыртқа ағып кетеді. Жасанды ұрықтандыру алдында шəуеттегі спермийлердің белсенділігін зерттеп алады. Термостатта жылытылған шəуетпен толтырылған флакондарды мегежіндерді ұрықтандыратын орынға апарады. Мегежінді ұрықтандыру алдында олардың сыртқы жыныс мүшелерін фурациллиннің (1:5000) қатынасындағы ерітіндісімен жуып-шаяды. Одан соң флаконның қақпағын бұрап ашып, оның орнына зарарсызданған катетер жалғанған қақпақты бұрап бекітеді. Сонан соң шəуетке толы құралды (приборды) алып, катетерін мегежіннің кынабына тірелгенше енгізеді. Флаконды төңкере ұстап мегежіннің деңгейінен жоғары көтереді, егер мегежіннің жатыры ашық болса құралдан жатырға шəует өз бетімен ағады, оны тездету үшін флаконды жаймен кысуға болады. Егер шəует сыртқа төгілсе, шəует енгізуді жатыр мойны босаңсып, қайта ашылғанша тоқтата туру қажет. Шəуетті жатырға асыкпай 5-6 минутай енгізген жөн. Ұрықтандырып болған соң катетерді жайлап мегежіннің кынабынан шығарып алады жəне əр бір мегежінге жеке құрал қолданылады. Мегежінді фракциялық əдіспен ұрықтандыру алдымен сұйылтылған шəуетті, одан соң ол шəуетті əрі қарай жатыр түтіктеріне түсіру мақсатында сұйылтқышты енгізумен сипатталады. Шəует пен сұйылтқышты жылы күйінде қолданады. Аздап сұйытылған шəуетті 40-50 мл мөлшерінде пайдаланады. Бұл шəует мөлшерінде ересек мегежіндер үшін: белсенді спермийлер саны 3 млрд., ал жас мегежіндер үшін 2 млрд. талап етіледі. Жатырға шəуетті енгізеді де артынан глюкоза-тұзды ерітіндіні ересек мегежіндерге 100 мл, ал жас мегежіндерге 70-80 мл. есеппен енгізеді. Мегежінді фракциялык, əдіспен ұрықтандыру үшін əмбебап зонд катетері (УЖ-5) колданады. Алдымен мегежіннің жыныс ернеулерін ашып, жəймен катетерді жатырдың мойнына тірелгенше енгізеді, одан кейін шəует құйылған флаконның қыскышын ашып, оның ішіне ауа толтырады. Флакондағы шəуеттің мөлшері жартысына түскенде қысқышты қайтадан жабады (флаконның жартысының көлемі 50 мл.) жəне глюкоза-тұзды ерітінді құйылған флаконның кысқышын ашады. Ерітіндіні жіберіп болған соң қысқышты кысып жауып, 25-30 секундтан соң жайлап катетерді жыныс мүшесінен шығарып алады. Басқа мегежінді ұрықтандыру үшін зарарсызданған жаңа катетерді қолданады. Бос флаконның орнына ерітінді құйылған жаңа флакон койып, келесі мегежінді ұрықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |