pH- индикаторлар – аз pH аралығында түсін өзгерте алатын заттар.
Қышқыл-негіздік индикаторлардың классификациясы:
қышқылдарға сезімтал индикаторлар ;
негіздерге сезімтал индикаторлар ;
қышқылдарға да, негіздерге де сезімтал индикаторлар
Индикаторлардың иондық, ионды-хромофорлы теориясы
Қышқыл-негіздік индикаторлардың қасиеттерін ионды-хромофорлы теория бойынша түсіндіреді. жылы Освальд Аррениустың электролиттік диссоциация теориясына сүйене отырып, индикаторлардың иондық теориясын жасады.
Иондық теория бойынша, қышқыл-негіздік индикаторлар – құрылымы мен түсі бойынша протондалған және протондалмаған түрлері бар әлсіз органикалық қышқылдар (HInd) мен негіздер (Ind).
Мұндағы: индикатордың қышқылдық және негіздік константалары
Индикатордың иондық және молекулалық түрлері ерітіндіге әр түрлі түс береді. Ортаның табиғатына байланысты жүйедегі тепе-теңдік индикатордың молекулалық немесе иондық түрлеріне қарай ығысады және ерітіндінің түсі соған байланысты болады.
Адамның көзі индикатордың бір формасының концентрациясы басқа формасының концентрациясынан 10 есе көп болса түсінің өзгерісін анықтай алады:
Алынған формула индикатордың түс ауысуының аралығын анықтайды. Мысалы, екі түсті (метилоранж, лакмус) және бір түсті (фенолфталеин) индикаторлар бар. Титрлеудің соңғы нүктесінде метилоранж индикаторының түс ауысу аралығы және нүктесінде фенолфталеин индикаторының түс ауысу аралығы болады.
Индикатордың молекулалық және иондық түрлерінің концентрациялары тең болса:
Бұл нүктеде индикатордың қышқылдық, негіздік түрде жүреді.
Титрлеу кезінде индикатордың түсі анық өзгергенше титрант ерітіндісін қосады. Титрлеу көрсеткіші – титрлеудің аяқталуын көрсететін индикатор түсінің күрт өзгеруі байқалатын титрленген ерітіндінің мәні.
Органикалық қосылыстардың түс ауысу аралығын хромофорлы теория бойынша түсіндіреді. Хромофорлы топтардың ішкі құрылысының өзгерісі кезінде индикаторлардың түсі өзгереді. Мысалы, бір түсті (фенолфталеин) индикаторлар үшін хроморлы топтардың пайда болады. Ал, екі түсті (метилоранж, лакмус) индикаторлар үшін хромофорлы топтар түсін өзгертеді. Бұл процесс таутомерия деп аталады. Индикатордың бастапқы таутомерлі формасы әлсіз органикалық қышқылдың (негіздің) молекуласындағы протонның белгілі бір орнымен сипатталады. Ішкі таутомерлену нәтижесінде протонды, мысалы, еріткішке бере алатын басқа форма түзіледі. Бұл жағдайда басқа түсі бар жұптасқан негіз пайда болады.
Индикатордың түсіне қосылыстарда хромофорлы топтармен бірге ауксохромды топтар әсер етеді. Ауксохромды топтар индикаторға түс бермейді. Бірақ, ауксохромды топтар хромофорлы топтардың әсерін күшейтеді және түс қарқындылығын арттырады
Достарыңызбен бөлісу: |