Гидроксилдік қателік немесе ОН-- қателік – күшті негізбен титрлегенде титрленбей қалған ОН—иондарының концентрациясы
Қышқылдық қателік немесе НА-қателік – әлсіз қышқылмен титрлегенде титрленбей қалған НА концентрациясы.
Негіздік қателік немесе В-қателік – әлсіз негізбен титрлегенде титрленбей қалған В концентрациясы.
14) Комплексон III–тің структуралық формуласын жазыңыз. Трилон Б-ң ерітіндісін қандай жолдармен дайындауға болады? Трилон Б титрін анықтауға бастапқы заттар не үшін қажет? Түрлі тотығу дәрежесі бар металл иондарын трилон Б-мен титрлеу реакциясының теңдеуін жазыңыз
1.Комплексон ІІІ-тің формуласы:
N a2H2Y
2.0,05н комплексон III (трилон Б) ерітіндісін дайындау. (зертханадан алдым)Бастапқы көрсетілген заттарға Трилон Б талаптарға сай келеді, сондықтан оның аз мөлшерін нақты өлшеммен дайындауға болады. Трилон Б эквиваленттік массасы:
Э = 372,24/2=186,12
Ерітіндінің нақты өлшемін есептеу үшін келесі теңдеуді пайдаланады:
мұндағы, N – ерітіндінің нормальдылығы; V- өлшеуіш колбаның көлемі; Э-трилон Б эквиваленттік массасы.
Ерітіндіні кез-келген нақты ерітінді дайындаған сияқты дайындау керек. Егер, трилон Б ерітіндісін шамамен қажетті концентрация бойынша дайындаса, онда ерітіндінің титрін басқа стандарты ерітіндімен анықтайды. Бастапқы зат ретінде магний сульфатын қолдануға болады. Трилон Б титрін анықтайын деп жатқан металл бойынша есептейді.
3.Түрлі тотығу дәрежесі бар металл иондарын трилон Б-мен титрлегенде келесідей реакциялар жүреді, түзілетін комплекстің құрамы Ме : L = 1:1.
Екі валентті металл катиондарымен комплексонаттардың реакциясы келесі түрде жүреді:
Mе2+ + Na2H2Y ↔ Na2MеY + 2H+
Достарыңызбен бөлісу: |