Mе2+ + H2Y2- ↔ MеY2- + 2H+
Үш валентті металл катиондарымен комплексонаттардың реакциясы келесі түрде жүреді:
Ме3+ + Na2H2Y = NaМеY + 2Н+ + Na+ ,
Ме3+ + H2Y2- = МеY- + 2Н+ .
Төрт валентті металл катиондарымен комплексонаттардың реакциясы келесі түрде жүреді:
Ме4+ + Na2H2Y = МеY + 2Н+ + 2Na+ ,
Ме4+ + H2Y2- = МеY + 2Н+ .
15) Трилон Б-ның ерітіндінің рН-на тәуелділігі. Комплексонометриялық әдісте рН қандай мағынаға ие (практикалық жұмыс бойынша нақты мысал келтіріңіз)? Трилон Б-мен титрлеу барысында қандай индикатор қолданылады?
1. рН әсерін келесі графикалық сызбадан, қисықтан көруге болады. рН-ң жоғарғы мәнінде секіріс те үлкен болады, яғни эквиваленттік нүктені дәл анықтауға болады.
[Ca2+] ионын трилон Б-мен титрлеу қисығының секірісіне pH-ң мәнінің әсері
2. Ортаның рН-ы комплексонаттардың тұрақтылығына әсер етеді:
Күшті сілтілік ортада рН > 10 катиондардың гидроксидтерінің тұнбалары түзіліп кетеді.
Мысалы, Mg2+, Са2+ иондар сілтілік ортада тұрақтырақ. Бұларды тек сілтілік ортада ғана титрлеу керек.
Тұрақты комплекс түзетін катиондарды, мысалы Zn2+, Pb2+, аздаған қышқылдық ортада да тирлеуге болады.
Ал 3 және 4 зарядты иондарды (Fe3+, Zr4+(цирконий)) күшті қышқылдық ортада да титрлеуге болады.
рН мәнін өзгерту арқылы бөгде иондардың қатысында керекті ионды анықтауға болады және селективтілігін біршама көтеруге болады.
рН-ң жоғарғы мәнінде секіріс те үлкен болады, яғни эквиваленттік нүктені дәл анықтауға болады.
Ортаның рН-ы комплексонаттардың тұрақтылығына әсер етеді:
Күшті қышқылдық ортада рН < 3 онша тұрақты емес комплексті қосылыстар түзіледі.
Күшті сілтілік ортада рН > 10 катиондардың гидроксидтерінің тұнбалары түзіліп кетеді.
Мысалы, Mg2+, Са2+ иондар сілтілік ортада тұрақтырақ. Бұларды тек сілтілік ортада ғана титрлеу керек.
Тұрақты комплекс түзетін катиондарды, мысалы Zn2+, Pb2+, аздаған қышқылдық ортада да тирлеуге болады.
Ал 3 және 4 зарядты иондарды (Fe3+, Zr4+(цирконий)) күшті қышқылдық ортада да титрлеуге болады.
рН мәнін өзгерту арқылы бөгде иондардың қатысында керекті ионды анықтауға болады және селективтілігін біршама көтеруге болады.
рН-ң жоғарғы мәнінде секіріс те үлкен болады, яғни эквиваленттік нүктені дәл анықтауға болады.
3. Комплексонометрияның қарқынды дамуы металлохромды индикаторлардың ашылуымен байланысты. Бұлар металл иондарымен әрекеттескенде боялған қосылыстар түзеді, бірақ комплексонаттарға қарағанда беріктігі нашарлау, әлдеқайда тұрақсыз комплекстер түзетіндіктен, трилон Б–мен титрлегенде металдардың иондары комплексонмен байланысып, индикатор бос күйінде бөлінеді де, оның түсі индикатордың металмен түсінен (қызыл) өзгеше түс (көк) береді. Яғни металл иондарының белгілі бір концентрациясында өздерінің түстерін өзгерте алатын заттар. Индикатор түзген комплекстің түсі MeInd, бос индикатордың НInd түсінен өзгеше болады.
Бос индикаторлар мен олардың комплекстерінің түстері әртүрлі және бұл комплекстердің тұрақтылығына сәйкес комплексонаттардың тұрақтылығынан кем болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |