1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет46/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Аналитика B

Эквиваленттік нүктені анықтау
Алдымен тұндыру индикаторының қолдану мүмкiндiгiн анықтайды. Ол үшiн ВInd тұнбасы түзiлуiне қажеттi титрант концентрациясын есептейдi. Бұл концентрацияны титрантты индикаторлық концентрациясы деп атайды, титранттың индикатормен тұнбасының ерiгiштiк көбейттiндiсiнен есептейдi: 
В⁺ + Ind⁻ → ВZnd(қ);
ЕК(Вind) = [B⁺] ∙ [Ind⁻]; 
B⁺инд = EKВind / [Ind⁻] 
Есептелген индикаторлық концентрация ([B⁺] инд) мәнi , оның э/н-дегi концентрациясынан ([B⁺] э/н) көп болуы, ал секiріс аралығындағы концентрациядан ([B⁺]сек) аз болуы керек: 
[B⁺]экв < [B⁺]инд < [B⁺]сек ; 
[B⁺]экв, [B⁺]сек мәндерiн анықталатын заттың титрантпен тұнбасының ЕК(АВ) мәнiнен есептеп, табады.


Титрлеу қисығында секіріске әсер ететін факторлар:
1. Титрант пен анықтайтын ионның концентрациясы; концентрация жоғары болған сайын секіріс те үлкен болады;
2. Титрлеу барысында түзілген тұнба (ерігіштікгі төмен болған сайын, секіріс үлкен болады);
3. Температура; температура жоғары болған сайын, ерігіштігі жоғары болады, яғни секіріс кіші болады; титрлеуді бөлме температурасында жүргізеді;
4. Ерітіндінің иондық күші; жалпы басқаларымен салыстырғанда иондық күштің әсері онша көп емес, бірақ та ерітігіштік жоғары болған сайын, секіріс кіші болады.

27-сұрақ
Аргентометрия және меркурометрия әдістері.


Аргентометрия – бұл тұнбаға түсіру тәсілімен титрлеу, титрант ретінде 0,1н; 0,05н AgNO₃ ерітіндісі қолданылады. Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі:
AgNO₃ + HaI⁻ ↔ AgHaI↓ + NO₃–, 
Оның титрін NaCl, KCl (стандартты ерітінді) арқылы анықтайды.
AgNO₃ + NaCl → AgCl↓+ NaNO₃
Бұл теңдеуде NaCl эквиваленттік факторы 1 тең, соңдықтан эквиваленттің молярлы массасы М(f экв(NaCl)) = М(1NaCl) = 1×58,5 г/моль.

Титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға байланысты аргентометрияны топтарға бөледі. Жіктелуі (индикаторға байланысты):


Мор әдісі (күміс пен галогенидтердің арасындағы р-ға негізделген, инд.- калий хроматы, CI⁻, Br⁻ анықтайды);
Фаянс-Ходаков әдісі (адсорбциялы индикатор флюоресцеин, эозин, дифенилкарбазид, бромдыфенол және т.б. Br⁻, J⁻, SCN⁻ );
Фольгард әдісі (а) тиоцианатометрия NH₄SCN; инд-ретінде – темір (ІІІ) қатысында титрлейді – металлхромды инд; кері титрлеу; Br⁻, J⁻ анықтайды); 
Гей-Люссак әдісі (индикаторсыз, AgNO3, NaCl);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет