Меркурометрия әдісі: Титрант – Hg₂(NO₃)₂ ерітіндісі;
Галогенидтерді анықтауға олардың нашар еритін сынапты тұздарын алу реакцияларын да пайдалануға болады: Hg₂CI₂, Hg₂I₂ т.б. (меркурометрия).
Титриметрияда Zn²⁺ иондарын K₄[Fe(CN)₆] ерітіндісімен тұнбаға түсіру K₂Zn₃[Fe(CN)₆]₂ реакциясы да пайдаланылады. Кейде SO₄²⁻ иондарын анықтауға BaSO₄ тұнбасын алу реакциясын пайдалануға болады, бірақ қоса тұну нәтижесінде тұнба ластанып, анықтау қатесі ~3% шамасында болады.
4
|
Титриметриялық анализ кезіндегі есептеулер. Стандартты заттың массасын есептеу. Аликвоттық тәсіл, жеке өлшенділер тәсілі.
|
Титриметриялық анализ кезіндегі есептеулер
Титриметриялық анализдің есептеулері келесі заңдарға негізделеді:
1. Эквивалент заңдылығы
2. Зат массасының сақталу заңы
3. Зат құрамының сақталу заңы
Аналитикалық химияда кеңінен қолданылатын титрлеу әдісіндегі есептеулердің негізі эквиваленттер заңдылығына сүйенеді.
Титриметрия әдісіндегі есептеулерде реакцияға түсуші заттардың стехиометриялық мөлшерінің эквивалентті түрде әрекеттесуі негізге алынады, яғни:
А + Б → өнім; н/е n(A) = n(B)
н/е
Мұндағы: n – заттың эквивалент саны;
- анықталуға тиісті заттың нормальді концентрациясы, моль/л;
- титрлеуге алынған анықталуға тиісті А затының «аликвоттық» көлемі, мл;
- концентрациясы белгілі Б заты нормальді концентрациясы, моль/л;
- титрлеуге кеткен Б заты ерітіндісінің көлемі, мл.
Стандартты заттың массасын есептеу.
Жұмысшы ерітіндінің анықтайтын зат бойынша титрі – ТА/В, бұл анықтайтын заттың 1 мл жұмысшы ерітіндімен әрекеттесетін грамм мөлшері.
Мысалы, 1 мл күкірт қышқылы 0,004679 г СаО-мен әрекеттеседі. Ерітіндінің эквиваленттінің молярлы концентрациясы белгілі болса, оның анықтайтын зат арқылы титрін табу қиын емес:
Ертіндінің концентрациясын анықтайтын зат арқылы титрмен белгілеудің тиімділігі – анализдің нәтижесін есептеуді жеңілденеді:
mВ = VВ.ТВ/А мысалы, темірді анықталатын ертіндіні титрлеуге 20,00 мл = 0,005850г/мл KMnO4 ерітіндісі жұмсалады. Егер 1 мл KMnO4 ерітіндісі 0,005850 г темірмен әрекеттесетін болса, онда 20,00 мл KMnO4 20,00 мл 0,00585 г/мл қанша грамм темірмен әрекеттеседі:
Достарыңызбен бөлісу: |