Аналитикалық анықтаулардың дәлдігі және оны өңдеу
Белгісіз заттың құрам бөліктерін немесе мөлшерін анықтау бірнеше операциялардан тұруы мүмкін. Соған байланысты қателіктер кетуі мүмкін. Мысалы, сынаманы алу барысында, өлшенді алуда, тұндыру кезінде, сүзу, жуу, өлшеу барыстарында қателіктер кетуі мүмкін. Оның бәрі анализдің нәтижесіне кері әсер етеді. Қанша таза, ұқыпты істегенмен қателіктер кетуі мүмкін.
Анализдің қатесі деп анализ нәтижесінің ақиқат мәнінен ауытқуын айтады.
Анализдің нәтижелері мен өлшемдеріне келесі талаптар қойылады: олар дұрыс, дәл және қайталанғыш болуы керек.
Анализ нәтижесiн өңдеу әдiсiн түсiну үшiн, мына терминдер туралы ұғымдарды бiлу қажет “дұрыстық” және “қайталануы”.
“Дұрыстық” деп нәтижелердiң бiр-бiрiне жақындығы (Xi) немесе бiрнеше нәтижелердiң ортақ арифметикалық мәнiнiң шындық мәнiне (μ) жақындығын айтады. “Дұрыстықты” былай жазуға болады: ∆ = - . (ақиқат мән) дегеніміз – бір шаманы сапалық және сандық жағынан мүлтіксіз сипаттайтын мән.
Шартты ақиқат мәні дегеніміз – өлшеулердің нәтижелерінің бір – біріне жақындығын көрсететін өлшеулер сапасы, өлшенетін шаманың эксперименттік жолмен алынған және ақиқат мәнінің орнына қолданыла алатын мән.
“Қайталану” деп бiрнеше нәтижелердiң өзара жақындығы, былайша айтқанда ортақ арифметикалық мәнiнен, экспериметтiк нәтиженiң алшақтығы.
Өлшеулердің дәлдігі деп - өлшеулер нәтижелерінің анықталатын шамасының ақиқат мәніне жақындығын көрсететін өлшеулердің сапасын айтады. Дәлдік жоғары болса, оған сәйкес қате де, кездейсоқ қате де аз болады. Дәлдік термині, әдетте, жалпылаушы термин ретінде қолданылады, ол жүйелі қателердің кездейсоқ азаюын бейнелейді: неғұрлым жалпы қате аз болса, соғұрлым дәлдік жоғары болады.
Өлшенген шаманың математикалық статистика бойынша неғұрлым мүмкін болатын мәнін оның математикалық күтімі береді. Математикалық күтім n дискретті өлшемдер сериясы үшін мына теңдеумен өлшенеді:
M(x) = i
мұндағы, – i-ші өлшеу нәтижесі; - оның ықтималдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |