1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет8/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Аналитика B

Талдау қателіктерінің жіктелуі
Есептеу тәсіліне байланысты (по способу вычисления):

  • Абсолютті;

  • Салыстырмалы.

Қателіктердің пайда болу себептеріне байланысы:

  • Жүйелі (белгілі);

  • Кездейсоқ (белгісіз);

  • Өрескел (дөрекі, ағаттық, мүлт кету).

  • Абсолюттi қате дегенiмiз – анықтайтын заттың құрамындағы компоненттiң физикалық нақты (шын) шамасының анализ нәтижесiнде анықталған мәннен (Δ X) айырмасы. Мысалы: ВаСI22О құрамында кристалданған су 14,75% - мөлшерде болса, ал анализ нәтижесiнде 14,68% - мөлшерi анықталды делiк, сонда абсолюттiк қате: ∆хабс = - 0,07%;

  • mтеор. = 14,75 г (% ); mпрак. = 14,68г ;

  • ∆хабс = 14,68 – 14,75 = - 0,07%; ∆хабс = mпрак. - mтеор. ;



Салыстырмалы қате деп өлшеудің абсолюттік қатесінің анықталатын шаманың (теор.) шын мәніне қатынасын айтады, негізінде оны пайызбен есептейді. Бұл қатынастың проценттiк мөлшерiн табу үшiн жүзге көбейтедi.
Мысалы, ВаСI22О салыстырмалы қатесi:
∆хсал. = (-0,07 / 14,75) ∙ 100 = -0,48% ∆хсал = ∆хабс · 100 / mтеор
немесе
Салыстырмалы қате оң және терiс мәндi болады. Салыстырмалы қате абсолюттi қатеге қарағанда көп қолданылады, себебi ол анықталған мәнге өте дәл сипаттама бередi.
Талдау кезінде жасалатын қателіктерді өздерінің сипатына қарай келесідей жіктеуге болады:



Талдау қателіктерінің жіктелуі

  • Жүйелі қателік – өлшеу барысында тұрақты немесе заңды түрде өзгеріп тұратын қателіктер. Олар тұрақты таңбаға ие болады, яғни анализ нәтижесін тек арттырып не кемітіп отырады. өсетін не төмендейтін қателіктер. Болу себептері: қондырғының нольдік ауытқуынан; қондырғының н/е ыдыстың градуирлік дәлдігінің дұрыс болмауынан; экспериментті жасау әдістемесінен (М: не учитываются температурные погрешности, ылғалдылығы, магниттік өрісін ескермеу және т.б.); көрсеткіштерді н/е есептеу барысында жуық шамамен есептеу. Жүйелік қателіктерді эксперименттік түрде ғана анықтауға болады: қайталау, түзетулер енгізу, эталонмен (стандарт үлгісі) салыстыру сияқты тәсілдер арқылы азайтуға болады. Жүйелі қателер көбіне аз болуы мүмкін, бірақ ол кездейсоқ қатенiң үлкеюiне әкелiп соғады.

Жүйелік қателіктердің келесі түрлері жие кездеседі:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет