1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Тұнушы форма, графиметриялық форма, тұндырғыш және оларға қойылатын талаптар



бет13/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Аналитика B

8. Тұнушы форма, графиметриялық форма, тұндырғыш және оларға қойылатын талаптар.
Гравиметриялық анализде тұнбаны екі түрге бөледі:
Тұнушы форма – белгiлi бiр реагент арқылы нашар еритін қосылыс түрінде түнбаға түскен затты айтады.
Тұнбаның гравиметриялық формасы (салмақтық күйі) тұндырылған форманы термиялық өңдеу арқылы алынған қосылыс (анализ кезiнде ең соңғы нәтиже алу үшiн өлшенетiн қосылыс).
Тұндырылған форма мен гравиметриялық форманың химиялық формулалары бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін.
1 мысал BaCl₂ + H₂SO₄  BaSO₄↓ + 2HCl
Тұнушы форма мен гравиметриялық форма сәйкес келеді:
Ba²⁺ BaSO₄↓ BaSO₄
анықтайтын тұнушы гравиметриялық
зат форма форма

2 мысал FeCl₃ + 3NH₄OH → Fe(OH)₃↓ + 3NH₄Cl


Гравиметриялық анализ әдісінің жалпы сызбасы:
Mⁿ⁺ + Rⁿ⁻ → MR MR*
Анықтайтын Тұндырғыш Тұнушы Гравиметриялық
компонент реагент форма форма
Ag¹⁺ + HCl → AgCl AgCl
Fe³⁺ + NH₃ H₂O → Fe (OH)₃ Fe₂O₃
Ca²⁺ + (NH₄)₂C₂O₄ → CaC₂O₄‧ H₂O CaO
Тұнушы формаға қойылатын талаптар
а) тұнбаға түсетiн қосылыстың ерiгiштiгi өте аз болуы қажет (; ЕКтұнба< 10⁻⁸), мұнсыз анықтайтын элемент тұнбаға толық түспейдi.
ә) тұнба таза болуы керек, яғни қосарланатұнуға байланысты бөгде иондармен ластанбауы керек;
б) ірі кристалдарды тұнба түзілуі қажет; (себебі ірі кристалдардың бет ауданы аз болып, ерітіндіден әр түрлі керексіз қоспаларды аз адсорбциялап, олардан оңай арылады);
г) тұнба оңай және айтарлықтай жылдамдықпен сүзiлуi, жуылуы, қоспалардан тазаруы керек;
в) тұнба оңай және толығымен гравиметриялық формаға (өлшенетiн салмақтық күйге) айналуы қажет.
Гравиметриялық формаға қойылатын талаптар:
1) гравиметриялық форманың химиялық формулаға толық сәйкестiгi болуы тиіс.
2) гравиметриялық формадаға тұнба химиялық тұрақты болуы керек (сақтау барысында ауадағы көмірқышқыл газын немесе су буын сіңірмеуі керек);
3) температураға төзімді болуы керек. Тұнбаны қыздыру кезінде ыдырмауы тиіс және өлшеу кезінде ауада тотығып немесе тотықсызданбауы қажет, көмір қышқыл газын, ауадағы су буларын сіңіріп алмауы тиіс. М: СаСО₃ –массалық үлесін анықтағанда ауадан су буы мен көмір қышқыл газын СО₂ бойына сiңiрiп алатын гравиметриялық формасын СаО-ны тұнбаны қыздырылған күкірт қышқылымен өңдеу арқылы СаSO₄-ке немесе қыздыру арқылы СаSО₃-ке айналдырады.
4) гравиметриялық фактордың мәні аз болуы керек. М: Mg₂P₂O₇ (F=0,2783) н/е (NH₄)₃PO₄.12МоО₃ (F=0,01639). 2-шісінде қателік 17 есе аз болады екен. Сол үшін көбіне молярлы массасы үлкен орг.реагенттерді пайдаланады.
5) гравиметриялық форманың құрамындағы анықталатын ионның немесе элементтің мөлшері аз, ал салыстырмалы молекулалық массасы үлкен болғаны жөн (сол кезде өлшеу кезіндегі қателіктер де аз болып, жалпы анализ нәтижесіне онша әсер етпейді).
Тұндырғышқа қойылатын талаптар
тұнбаның бөгде қоспалармен ластанбауы үшін тұндырғыш ұшқыш болғаны жөн, өйткені жуылмай қалған болса, тұнбаны қыздыру кезінде ұшып кетеді. Сондықтан, Ва²⁺ катионын Na₂SO₄ немесе K₂SO₄ ерітіндісімен емес H₂SO₄ –пен, ал Н₂О–мен, Ғе³⁺ катионын КОН немесе NаОН ерітінділерімен емес, NH₄OH ерітінділерімен тұндырады;
тұндырғыштың анықтайтын компонетпен түзген тұнбасының ерігіштігі барынша аз болуы тиіс, (сондайды таңдап алу керек) М: Са²⁺ катионын анықтағанда (NH₄)₂C₂О₄ алады, себебі СаC₂О₄-ң ерігіштігі басқа тұздарына қарағанда төмен (ЕК(СаC₂О₄) = 2,3·10⁻⁹; ЕК(СаSО₄) = 2,5·10⁻⁵);
тұндырғыш спецификалық болғаны жөн болмаса тұндырғыш анықталатын затпен селективті әрекеттесуі керек. Селективтіліктілікті тұндырғышты дұрыс таңдау, рН ортасын реттеп отыру, қоспаларды жасыру (маскировка) арқылы қол жеткізуге болады;
тұндырғыштың мөлшерін есептелген шамадан есе артық алу керек. Тұндырғыштың аздап артық мөлшері тұнбаның ерігіштігін төмендетеді. Тұндырғыштың шамадан тыс артық мөлшерде болуы тұнбаны ластайды және ерітіндідегі иондық күштің жоғарылауынан ерігіштікті арттырады.
Тұндырғыштың түрлері
Табиғаты бойынша:
Бейорганикалық:
Реагент-тұндырғыштар ретінде минералды қышқылдар, аммоний тұздары және т.б. алынады;
H₂SO₄, (NH₂)₄SO₄, HCl, (NH₂)₄C₂O₄,
(NH₂)₄HPO₄ (pH=9),
Zn(UO₂)₃(CH₃COO)₈, HClO₄,
AgNO₃ (pH=1, HNO₃)
Органикалық:
Металл катиондарымен тұрақты (берік) ішкі комплексті қосылыстар түзетін орг.реагенттердің бейорг.реагенттерден артықшылығы бар:
Металдардың ішкі комплексті қосылыстарының судағы ерігіштігі төмен болды (толық тұнады);
Басқа металл катиондары қатысында керектісін селективті тұндыруға болады;
Орг.реагенттермен тұндырған тұнба молекулалық торлы болады, ал ол беттік адсорбциямен ластануын азайтады.
8-Оксихинолин – С₉H₆NOH; диметилглиоксим – С₄H₆(NOH)₂; а-нитрозо-b-нафтол – С₁₀H₆NO(OH); купферон – С₆H₅NNO(ONH₄);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет