1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет21/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Аналитика B

Қолданылуы. Бұл әдістің көмегімен әр түрлі катиондарды (Mg2+, Ca2+, Zn2+, Hg2+, AI3+) және аниондарды (F-, CI-, CN-, S2-) анықтауға болады.
•Азық-түлік, тағамдық өнімдердің анализінде;
•Ауыз су және ақаба сулардың құрамындағы металл катиондарын және кейбір аниондарды (хлор) анықтауларда кеңінен қолданады;
•Комплексонометрлік титрлеу фармацияда мырыш препараттарын: мырыштың сульфатын және оксидін; кальций препараттарын; хлоридін, глюконатын, кальций лактатын; магний сульфатын анықтауда қолданылады.
•Бұл әдіс клиникалық және тазалық гигиеналық зертханаларда зертханаларда (биологиялық сұйықтықтарды, медициналық үлгілерді анықтауларда);
•Ішетін және қалдық сулардың құрамында металдардың катиондарын және кейбір аниондарды анықтауда кеңінен қолданады.
•Судың кермектігін анықтауда қолданылады. Техникалық, агрохимиялық талдау тәжірибесінде, тамақ өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа салаларында судың кермектігін анықтауда комплексонометриялық тәсілді жиі қолданады, оны 1 л судағы Са және Mg-нің ммэкв-қосындысы санымен сипаттайды.


Ерекшелігі. Комплексондар түссіз, суда жақсы ериді;
•Комплексондар көптеген металл катиондарымен (сілтілік металдардан басқаларымен) тұрақты комплекстер түзеді, тұрақтылық константасы β ≥ 108 ;
• Реакция жылдамдығы жоғары және стехиометриялы, яғни қатаң эквивалентік қатынаста жүреді; металл : лиганд - 1:1 қатынаста әрекеттеседі (әсіресе сілтілік жер металдарының иондарымен, бұл иондар көптеген комплекстүзушілермен комплекс түзбейді, 1:1 – яғни анықтатын металдың бір катионы комплексонның бір анионымен байланысады); Реакция жүру нәтижесінде металл : лиганд 1:1 қатынаста бірдей құрамды комплексонаттар түзіледі.
•Сезімталдылығы жоғары (10-3 моль/л дейін);
•Түзілген комплексонаттар түссіз болып келеді, ол экв.нүктені анықтауды жеңілдетеді;
Кейбір комплексондардың талғағыштық қасиеті жоғары, селективтілігін арттыру жолдары: 1) рН ортасын реттеп отыру: - рН ~2 – Fe3+, Bi3+, Tl3+, Ga3+, In3+; - pH = 5 – Al3+, Ni2+, Co3+, Cu2+, Zn2+, Cd2+; - pH = 9 – сілтілік жер металдарды анықтауға болады. 2) жасыратын (маскирующий) реагенттерді қолдану арқылы: а) F-, P2O72-, CN-, H2C4H4O6 иондары жәнет.б.; Co(II), Ni(II), Zn(II), Cd(II) және Hg(II) иондарын цианид ионымен жасыруға болады; 3) тотығу дәрежесін өзгерту арқылы: Fe3+-ті Fe2+дейін тотықсыздандырып жасыруға болады;
•Ерітіндінің рН-ын өзгерту арқылы комплекстүзілу процесінің бағытын өзгертуге болады (қайтымды болуы мүмкін);
•Ерітіндінің рН-ын өзгерте отырып, бір ерітіндіден бірнеше катионды анықтауға болады.
•Реакция нәтижесінде сутек иондары бөлінетіндіктен титрлеуді буфер ерітіндісі қатысында жүргізу қажет. рН шамасы комплексонаттың тұрақтылық константасымен анықталады.
•Осындай қасиеттері комплексондарды аналитикалық химияда титрант ретінде кеңінен қолдану мүмкіндігін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет