1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет39/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Аналитика B

Me2+ + H2Ind ↔ MeInd + 2H+
түссіз көк қызыл
•Титрлеу барысында және титрлеу соңында жүретін реакция:
MeInd + H2Y2– ↔ H2Ind + MeY2–
қызыл түссіз көк түссіз
MeY2– комплексі MeInd– комплексіне қарағанда бірігірек болуы керек, олай болмаса ЭДТА индикаторды ығыстыра алмайды. Сонымен бірге металл индикатор комплексінің MeInd тұрақтылығы да жоғары болуы керек, олай болмағанда ол комплекс титрлеу басында бұзылып, түстің өзгеруі анық болмайды.
19. Тотығу-тотықсыздану потенциалы. Нерст теңдеуі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тепе-теңдік константасы. Тотығу-тотықсыздану потенциалына әсер етуші факторлар.
Тотығу – тотықсыздану потенциалы: Тотығу-тотықсыздану жұбының тотықтырғыш не тотықсыздандырғыш қабілетінің сандық сипаттамасы – стандартты (нормальды) тотығу-тотықсыздану потенциалы болып табылады
Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы (Е0) – иондар концентрациялары 1 моль/л және температура 20оС болғандағы заттардың электрондарды қосып алу не беріп жіберу қабілетін көрсетеді, өлшем бірлігі Е0, В.
Жүйенің тотығу-тотықсыздану (реалды) потенциалы, сол жұптың стандартты потенциалына, заттардың тотыққан және тотықсызданған түрлерінің концентрацияларына, температураға, ортаның рН-а тәуелді, тұндырғыш немесе комплексті қосылыс түзгіш реагенттердің болуы да әсер етеді
Е0 оң мәні жоғары болған сайын тотықтырғыштық қасиеті басым болады;
- Е0 мәні төмен болған сайын, тотықсызданғыш қасиеті басымырақ болады;
- Е0 мәні кестелерде бар.



Нернст теңдеуі: Тепе-теңдік потенциалдың заттар табиғатына, олардың концентрацияларына және температураға тәуелділігі Нернст теңдігімен өрнектеледі:




Нернст теңдігі:
EOx/Red –тотығу-тотықсыздану жұбының реалды потенциалы, В
Eo
Ox/Red – жұптың стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы
R – универсалды газ тұрақтысы (8,314 Дж/град.моль)
F - Фарадей саны (96500 Кл)
Т – температура, К
n – тотығу-тотықсыздану жартылай реакциясына қатысқан электрондар саны
а –активті концентрация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет