1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Тотығу – тотықсыздану реакцияларына тепе – теңдік константасы



бет40/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
Аналитика B

Тотығу – тотықсыздану реакцияларына тепе – теңдік константасы

Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын электр қозғауыш күшінен және тепе-теңдік
константасынан анықтауға болады. Егер ЭҚК ˃0 болса, реакция тура бағытты жүреді,
ал егер ЭҚК ˂0 – кері реакция жүреді.

Электр қозғауыш күшінен тек реакцияның бағытын анықтауға болса, ал тепе-теңдік


константаның шамасы тотығу-тотықсыздану реакцияның бағытын және тереңдігін көрсетеді:
Кт-т дәреже 0 ˃1 – реакция тура бағытта жүреді
Кт-т дәреже 0 ≥ 10 дәреже 8 – реакция аяғына дейін жүреді

Яғни, тепе-теңдік константасы арқылы біз тотығу – тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтай аламыз.




Тотығу – тотықсыздану потенциалына әсер етуші факторлар:
1. Тотығу-тотықсыздану потенциалға тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш иондарының
концентрациялары әсер етеді: Нернст теңдеуінен потенциал [Ox]/]Red] қатынасына тәуелді екенін
көруге болады, сондықтан концентрациялардың қатынастарын өзгерту арқылы потенциалды
өзгертуге болады
2. Ерітіндінің иондық күшінің әсері.
Иондық күштің өзгеруі иондардың активтік коэффициентін өзгертеді. Сондықтан Нернст теңдеуіне
стандарт потенциалы орнына формалды потенциал шамасы койылады.
3.Потенциалға ерітіндінің рН әсері.
1) Көптеген сулы ерітінділерде өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларына сутек-иондары
қатысады. Осындай жүйелердің потенциалдыры ерітіндінің рН-на тәуелді болады

2) Ерітіндінің рН-нің өзгеруі жүйенің потенциалының өзгеруіне әкеледі, және рН мәніне сәйкес әртүрлі заттар түзілуіне себеп болады.


Ерітіндінің рН-ның өзгеруі тотығу-тотықсыздану реакцияның бағытын да өзгерте алады.


3) Потенциалға жүйеде комплексті қосылыс түзілуінің әсері.


Тотығу-тотықсыздану жұбының компоненттері қосымша комплекстүзу реакциясына қатысуы
потенциалға өте үлкен әсер етеді. Себебі, жүйеде комплекс түзетін заттың активтігі азаяды.

20. Редоксиметрия әдісінде эквиваленттік нүктені анықтау жолдары. Титрлеу қисығы, титрлеу қисығы секірісіне әсер ететін факторлар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет