1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Алдымен тұндыру индикаторының қолдану мүмкiндiгiн анықтайды



бет45/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Аналитика B

Алдымен тұндыру индикаторының қолдану мүмкiндiгiн анықтайды. Ол үшiн ВInd тұнбасы түзiлуiне қажеттi титрант концентрациясын есептейдi. Бұл концентрацияны титрантты индикаторлық концентрациясы деп атайды, титранттың индикатормен тұнбасының ерiгiштiк көбейттiндiсiнен есептейдi: 
В⁺ + Ind⁻ → ВZnd(қ);
ЕК(Вind) = [B⁺] ∙ [Ind⁻]; 
B⁺инд = EKВind / [Ind⁻] 
Есептелген индикаторлық концентрация ([B⁺] инд) мәнi , оның э/н-дегi концентрациясынан ([B⁺] э/н) көп болуы, ал секiріс аралығындағы концентрациядан ([B⁺]сек) аз болуы керек: 
[B⁺]экв < [B⁺]инд < [B⁺]сек ; 
[B⁺]экв, [B⁺]сек мәндерiн анықталатын заттың титрантпен тұнбасының ЕК(АВ) мәнiнен есептеп, табады.
Индикатор қатысында титрлеу:
реагент-индикаторларына қойылатын талаптар:
Тұндыру индикаторлары титрантпен түсті тұнба түзеді, осы уақытта титрлеуді тоқтатады. Мұндай жағдайда екі талап орындалуы тиіс:
а) Титрант ерітіндісінің (В) индикаторымен Ind⁻ тұнбасы анықталатын затпен (А) түзген тұнбасына қарағанда жақсы еритін болуы керек, яғни
ЕК(ВInd) > ЕК(АInd);
егер, А + В → АВ↓ болса, онда НInd → H⁺ + Ind⁻
б) Индикатормен тұнба секiріс аралығында түзiлуi керек. 
Егер бiрiншi талап орындалмаса, онда титрант индикатормен түстi қосылысты титрлеудiң бастапқы уақытында түзедi де, индикатор жарамсыз болады. Егер екiншi талап орындалмаса, қателiктер жоғарылап кетедi, себебi э/н анықтау титранттың өте көп мөлшерiн артық қосып, секiріс мәнi аралығынан шығып кеткен моментке тура келедi.

Эквивалентті нүктенің дәл анықталуы тұнбаның ластану дәрежесіне байланысты болады. Тұнбаға түсіру арқылы титрлеу әдісінің де, гравиметриялық әдістің де теориялық негізі бірдей, тек титрлеу әдісінде эквивалентті мөлщері алынатын болса, гравиметриялық анализде тұндырғыштың бір жарым есе артық мөлшері алынады.


Тұндыру титрелеу әдісінде үш түрлі индикатор қолданылады:
Индикаторсыз – Гей-Люссак әдісі; - AgNO3, NaCl
Индикатор қатысында титрлеу:
реагент-индикаторлар – өзі реакцияға түсетін заттар: 
▪ тұндырғыш индикаторлар: калий хроматы - Мор әдісі – жұмысшы ерітінді - AgNO₃;
▪ металлохромды индикаторлар: темір-аммоний ашудасы - Фольгард әдісі – KSCN н/е NH₄SCN;
адсорбциялы индикаторлар: 
▪ абсорбциялық индикатор -флюоресцеинмен - Фаянс әдісі - AgNO₃; 
▪ эозин, дифенилкарбазид, 3,6-дихлорфлуоресцеин, қызыл конго, бромфенолды көк, родамин Ж, сульфофлуоресцеин, тартразин және т.б.
- комплекс түзетін индикаторлар – тиоцианатометрия әдісі - NH₄SCN.

26-сұрақ
Тұндыру әдісінің қисықтары, эквиваленттік нүктені анықтау жолдары және титрлеу қисығы секірісіне әсер ететін факторлар. 


Титрлеу қисығы – анықтайтын компоненттің концентрациясының (рА (рВ)) титранттың көлеміне (% н/е V, мл) тәуелділігі алынады.
Аргентометриялық тирлеуде секіріс интервалының шамасы ерітінділердің концентрациясы мен тұнбаның ерігіштігік көбейтіндісіне байланысты болады. Титрлеу нәтижесінде түзілген тұнбаның ЕК мәні неғұрлым аз болса, секіріс интервалы титрлеу қисығында соғұрлым кең болып, титрлеудің соңғы нүктесін анықтау соғұрлым жеңіл болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет