Тура, кері және жанама титрлеу әдісіндегі есептеулер. Тура, кері және жанама титрлеу әдісіне практикалық жұмыс бойынша мысал келтіріңіз.
Тура титрлеу процесінде титрленген заттың массасын есептеу
Тура титрлеу процесінде титрленген заттың массасын есептеу Тура титрлеу процесінде анықталатын зат титрантпен тікелей әрекеттеседі. Анықталатын заттың мөлшері мен титранттың мөлшері тең:
анықталатын заттың массасы келесі формула бойынша табылады:
Тура титрлеуде титрленген заттың массалық үлесін есептеу Тура титрлеу процесінде зерттеуге алынған үлгі өлшендінің массасын пайдаланып, массалық үлесті анықтауға болады:
Түзету коэффициентін пайдаланып, массалық үлесті анықтауға болады:
Мұндағы: – титранттың нормальді концентрациясы, г-экв(моль)/л немесе н.;
– титранттың көлемі, мл;
– анықталатын заттың массасы, г;
– анықталатын заттың эквивалентті молекулалық массасы, г/моль;
колбаның көлемі, мл;
аликвоттың көлемі, мл немесе см3.
Кері титрлеуде титрленген заттың массасын есептеу Кері титрлеу процесінде екі титрант қолданылады. Бірінші титрант анықталатын затпен әрекеттеседі, ал екінші титрант бірінші титранттың қалған бөлігін титрлейді. Анықталатын заттың мөлшері бірінші және екінші титранттың мөлшерлерінің айырымына тең:
анықталатын заттың массасы келесі формула бойынша табылады:
Түзету коэффициентін пайдаланып, анықталатын заттың массасын есептеуге болады:
Кері титрлеуде титрленген заттың массалық үлесін есептеу Кері титрлеу процесінде зерттеуге алынған үлгі өлшендінің массасын пайдаланып, массалық үлесті анықтауға болады:
Түзету коэффициентін пайдаланып, массалық үлесті анықтауға болады:
Мұндағы: – бірінші және екінші титранттың эквивалентті молярлы немесе нормальді концентрациясы, г-экв(моль)/л немесе н.; – 1-ші және 2-ші титранттың көлемі, мл; – үлгі массасы, г.