1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Қыртыс- көпір жолы көпір ядроларында, nuclei pontis



бет186/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Қыртыс- көпір жолы көпір ядроларында, nuclei pontis, аяқталады. Бұл ядролардан басталатын көпір-мишық жолы, tr.pontocerebellaris, көпірдің алдыңғы бөлігінің негізгі массасын құрайтын көлденең талшықтар, fibrae pontis transversae, түзеді де, мишықтың ортаңғы аяқшасының құрамында өтіп, көпірді мишықпен байланыстырады
Көпірдің артқы бөлігінде, pars dorsalis pontis, сопақша ми түзілісінің жалғасы болып табылатын торлы түзіліс; V,VI,VII және VIII жұп бассүйек нервтерінің ядролары орналасқан.
Сонымен қатар үштік нервтің
  • жұлындық,


  • ортаңғы милық ядролары


  • кіреберіс ядроларынан басталып


  • көзқозғалтқыш, шығыршық, әкететін, қосымша нервтердің ядроларын қосатын медиалды бойлық буданың талшықтары орналасқан.




  • Медиалды бойлық буда, fasciculus longitudinalis medialis, көз алмасы мен бастың үйлесімді қозғалысын қамтамасыз ететін, жоғарылаған және төмендеген талщықтардан тұрады. Көпірдің дорсалды бөлігінде негізінен жоғарылаған өткізгіш жолдар: медиалды және латералды ілмек, ауырсыну және температура сезімталдығының және т.б өткізгіш жолдар өтеді. Сонымен қатар төмендеген: қызыл ядро-жұлындық, төбе-жұлындық және торлы- жұлындық жолдар орналасады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларында аяқталады. Трапециятәрізді денені кіреберіс-ұлу нервінің (ҮІІІ жұп) ұлулық ядросы мен трапециятәрізді дене ядроларының жасушаларынан шығатын есту жолының талшықтары түзеді. Трапециятәрізді дене талшықтары көпірдің қарама-қарсы жағында латералды және жоғарғы жаққа иіліп латералды ілмек, lemniscus lateralis, деп аталатын жол түзеді


  • Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі.
  • Мишық, cerebellum, бассүйектің артқы шұңқырында үлкен мидың шүйделік үлесінің астында, сопақша ми мен көпірдің үстінде орналасады. Ол тек сүтқоректілерде жақсы дамыған оң және сол мишық сыңарлары, hemispherii cerebelli, мен олардың арасында орналасқан, мишықтың ескі құрылымына жататын құртшасынан, vermis, тұрады., ол мишық сынарларын өзара қосады. Мишық барлық ортаңғы бассүйек шұңқырын толтырады. Мишық көлденеңі 9-10 см, ересектерде мишық салмағы - 120-150 г.






  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет