Төменгі тасты койнау, sinus petrosus inferior, үңгір койнауынан шығып, шүйде сүйегі мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. Ол ішкі мойындырык венаның жоғарғы буылтығына кіреді. Оған лабиринт венасы сай келеді.
Негіздік өрім, plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. Төменгі тасты койнаудың бірнеше дэнекер тінді веналық тамырларының жабылуы арқылы күрылады.
Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең койнаудан шығып, 2-ге тармакталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді қойнауға құяды. Шүйделік койнау ішкі жүлын веналык өрімімен анастомоз кұрайды. Сол жерде ол көлденең, жоғарғы сагиталді, тік және шүйделік қойнаулармен байланысып, веналық кеңеюін, confluens sinuum, түзеді. Мидың қатты қабығы торлы қабыкка қатты қабықастындағы кеңістікке, spatium subdurale, бөлінеді, капиллярлы саңылау құрып, онда аз мөлшерде ми-жұлын сүйықтығы болады.
Омыртқалылардың орталық нерв жүйесі берік қорғалған. Ми бассүйектің ми сауытымен жабылса, жұлын омыртқа өзегімен қоршалған. Ми мен жұлыннан шеткі нервтер шығатын тесіктер олар үшін сүйектік қорғаныштық қабық түзеді. Бұлардан бөлек орталық нерв жүйесі үш милық қабықтармен қоршалған және қорғалған. Ең сыртқысы – мидың қатты қабығы (dura mater), біршама берік, талшықты дәнекер тіннен түзілген. Қатты қабық бассүйектің ішкі бетін астарлап, оның сүйек қабығымен бітіседі; тек қана миден қанды алып шығатын ірі веналық қан тамырлары өтетін аймақтарда ғана бос кеңістіктер пайда болады. Омыртқа бағанасынан мидың қатты қабығы майлы қабатпен және эпидуральді веналық өріммен бөлінген.
Бассүйек қуысында, ірі-ірі веналық қойнаулар орналасқан аймақтардан қатты қабықтың ішкі жапырақшасы біршама алшақтаған соң, мидың кейбір басты бөліктерін бір-бірінен бөлетін тығыздалған дәнекер тінді табақшаларға айналады. Солардың біреуі – үлкен ми орағы (falx cerebri) ми сыңарлары арасында орналасқан.
Мишық шатыры (tentorium cerebelli) – мидың артқы шұңқырында көлденең, мишық пен үлкен ми арасында жатыр. Мишық шатырының алдыңғы жиегінде ми сабауы өтетін тілік (incisura tentorii) бар. Қатты қабықтың енді бір қабығы түрік ертоқымында жатқан гипофизді оқшаулайтын ертоқым көкеті (diaphragm sellae), қатты қабықтан түзілген тағы бір қуыс, ол үшкіл нервтің тйіні мен тармақтары жайғасқан үшкілдік қуыс (cavum trigeminale).
Достарыңызбен бөлісу: |