1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Мойын омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері



бет3/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

3.Мойын омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) көлденең өсінділері бар, II-V мойын омыртқалардың қылқанды өсінділерінің ұшы екіге айырылған, денесі кішірек, сопақша пішінді. Көлденең өсіндiлерiндегi тесіктері арқылы ми мен басты қанмен қамтамасыз ететін омыртқалық артерия мен тамыр өтеді. Көлденең өсінділерінің шеттерінде жұлын жүйкесінің жүлгесін (sulcus nervi spinalis) шектейтін алдыңғы және артқы төмпешіктер (tuberculum anterius et tuberculum posterius) бар. VI мойын омыртқаның көлденең өсiндiсiндегi алдыңғы төмпешiктi ұйқы төмпешігі (tuberculum caroticum) деп атайды. Жалпы ұйқы артериясынан кан кеткенде аталған төмпешікке басуға болады. VII мойын омыртқаның қылқанды өсiндiсi басқа мойын омыртқаның қылқанды өсінділеріне қарағанда ұзындау және айқын байқалатындықтан, бұл омыртқаны шығыңқы омыртқа (vertebrae prominens) деп атайды.
I және II мойын омыртқаларының өзіндік құрылыс ерекшеліктері бар.

Бірінші мойын омыртқа немесе ауыз омыртқасы, атлант (atlant seu atlas) алдыңғы және артқы доғасынан (arcus anterior atlantis et arcus posterior atlantis), жұп бүйір бөліктерінен (massae laterales atlantis) тұрады. Алдыңғы доғаның сыртқы бетінде алдыңғы төмпешік (tuberculum anterius), ішкі бетінде тіс шұңқыры (fovea dentis) орналасқан. Артқы доғаның сыртқы бетінде артқы төмпешік (tuberculum posterius) айқын байқалады. Әрбір бүйір бөліктерінде буындық беттері: жоғарғы бетінде жоғарғы буындық - беті (facies articularis superior), төменгі бетінде жоғарғы буындық беті (facies articularis inferior) бар.


Екінші мойын омыртқанемесе біліктік омыртқа (axis), бұл омыртқаның басқа омыртқалар дан негізгі ерекшелігі денесінің жоғарғы бетінде тісшесі (dens) орналасқан, оның алдыңғы және артқы буындық беттерi (facies articularis anterior et facies articularis posterior) бар.
-Жоғарғы буындық өсіндісі -prosessus articularis superior қарағанда төменгі буындық өсіндісі prosessus articularis inferior жақсы дамыған.
-Ұшы айырылған арқа өсіндісі-prosessus spinosus ұзындау болып келген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет