Фасциалдық қабықша, fascia, бұлшықеттердің қосымша мүшелерінің негізгі бөлігі болып саналады. Қызметі: бұлшықеттердің қынабын, бұлшықетқарыншаларыныңтірегін құрау.Бұлшықет қынабы: патологиялық жағдайдаіріңнің бір бұлшықеттен екіншісіне диффузиялык гүрде өтпеуін қамтамасыз етеді. Соныменбірге, бұлшықеттер жиырылғанда фасциялыққабықша бұлшықеттердің аралығындағыүйкелісті азайту қызметін атқарады.Бұлшықеттердің фасциялық қабықшасының орналасуына қарай, беткей және тереңдеорналасқан немесе меншікті фасциялық қабықшаларға бөлінеді.
Сіңіршелердің қынабы, vagina tendinis,әсіресе, қол басы мен аяқ басының маңында кездеседі. Сіңіршелер қынабының сыртқы қабатыфиброздық қабаттан, stratum fibrosum, тұрса,ішкі қабаты фиброзды қабатты және сіңіршелердің сыртқы бетін тікелей көмкеріп, бойлай орналасқан екі қабаттан: париетальды және висцералды синовиалды қабаттан, stratumsynoviale,тұрады. Тұйықталынып орналасқан синовиалды қабат пен висцеральді қабаттың бір-бірінеұласуы сіңірше қынабының ұшында немесесіңірше мен сүйектік тканның бойында орналасқан. Синовиалды қабықшаның париеталдібөлігі мен висцералды бөлігінің бір-біріне ұласқан бөлігін синовиалді қабықшаның шажырқайы, mesotendineum, деп атайды. Синовиалдышажырқай бойында қантамырлар мен нервтер бойлай орналасқан. Сіңіршелер қынабыныңішіндегі өзекшелер саны, бұлшықеттер сіңіршелерінің санына қарай: дара, бір сіңіршелі немесе бірнеше сіңіршелерге ортақ бір сіңіршеліқынапты өзекшелер болуы ықтимал. Синовиалды қабықшаның аралық қуысында үйкелістіжеңілдету үшін синовиалді сұйықтық орналасқан. Синовиалды сүйықтықтың негізгі қызметі:бұлшықеттердің жиырылуы кезінде қозғалысты жеңілдету.
Синовиалды қапшықтар, bursa synovialis,бұлшықет сіңіршелерінің сүйектік тканды жанай орналасқан жерінде орын тепкен. Сыртқыпішіні ұзындау және жалпақтау келіп, ішкі бетісиновиалді қабатпен қапталған. Синовиалдықапшықтың аралығында шағын келген синовиалді сұйықтық орналасқан. Синовиалды қуыстықтыңкөлемі өзгермелі келген. Бұлқуыстықтар буындардың синовиалді қуыстарына жақынорналасып қоймай, буын аралық қуыспен өзарабайланыста болуы ықтимал.
Синовиалды қынаптар, vaginae synovialis, ол бұлшықет сіңірі мен сүйектің көтеріңкілерінің аралығында жиі кездеседі. Бұлшықет сіңіршелері үшін, беттері шеміршектік тканмен капталған науашық тәрізді көтеріңкіні бұлшықеттердіңшығыры, trochlea muscularis, деп аталынады.Бүлшықеттер үшін шығыр қызметін атқаратынбұл көтеріңкілер бұлшықет сіңіршелері үшінтіректік және буында болатын қозғалыстың бағытын өзгерту қызметін атқарады.
Сесама сүйектері, ossa sesam oidea,бұлшықет сіңіршелерінің аралығында кездеседі.Мысалға, қол басы буындарының маңындағыбұршақ тәрізді сүйек пен тізе буынындағы тізетобығын т.б. келтіруге болады. Қызметі: буындаболатын қозғалысты жеңілдету.