1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет82/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Кеуделік үшбұрыш, trigonum pectoralis, ол кеуденің кіші бұлшықетінің нұсқасына сәйкес.


  • Кеуде астылық үшбұрыш, trigonum subpectoralis, ол кеуделік кіші бұлшықет пен үлкен бұлшықеттерінің төменгі жиегінің аралығындағы кеңістік.


    70) Үшжақты және төртжақты тесіктер.
    Қолтық қуысының артқы қабырғасы қан тамырлар мен нервтер өтетін: үш жақтылық және төрт жақтылық тесікті құрайды. Үш жақтылық тесік, foramen trilaterum. Бұл тесіктің жоғарғы, төменгі және латералді қабырғалары ажыратылады.
    1. Жоғарғы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті, m. subscapularis мен кіші жұмыр бұлшықеттің, m. teres minor төменгі жиегінен тұрса;


    2. Төменгі қабырғасы: үлкен жұмыр бұлшықеттің, m. teres major жоғарғы жиегімен шектелген;


    3. Латералді қабырғасы: иықтық үш басты бұлшықетінің ұзын басынан, caput longum m. tricipitis brachii, тұрады.


    Төрт жақтылық тесік, foramen quadrilaterum, үш жақтылық тесіктің латералді қапталында орналасқан. Бұл тесіктің төрт қабырғасы: жоғарғы, төменгі, латералді және медиалді қабырғалары ажыратылады.


      1. Жоғарғы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті, m. subscapularis мен кіші жұмыр бұлшықеттің, m. teres minor; төменгі жиегінен;


      2. төменгі қабырғасы: үлкен жұмыр бұлшықетімен, m. teres major;


      3. медиалді қабырғасы: екі басты бұлшықеттің ұзын басы мен, caput longum m. tricipitis brachii, шектелген:


      4. латералді қабырғасы: тоқпан жіліктің хирургиялық мойнымен, collum chirurgicum шектелген.


    Қолтық қуысының пайда болуы, мойын аумағынан иық белдеу, қол бұлшықеттерін қандандырылуға, нервтендірілуге бағытталған анатомиялық құрылымға тікелей байланысты. Сол себепті қолтық қуысының қан тамырлары мен нервтерінің және лимфа тамырларының топографиялық орналасуын анықтап, ауруды дәйекті түрде, хирургиялық тұрғыда дұрыс емдеу үшін: бұғана - кеуде, кеуделік және кеуде астылық үшбұрыштар ажыратылады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   205




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет