Іш қуысының жедел хиругиялық аурулары.
Жіті аппендицит - Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы.
Барлық жаста болуы мүмкін. Бес жасқа дейінгі балаларда және 65-70 жастан асқан адамдарда сирек кездеседі.
Этиопатогенез – аппендикстың шырышты қабатында дамитын кідіріс пен қанайналымның бұзылыстары. Осыған ішек ішіндегі бөгде заттар, паразиттер,қатты ас қалдығы және аппендикс қан тамырларының үзақ тарылуы әкеліп соқтырады.
Клиника: Көбінесе ауру төс асты шеміршек тұсындағы ауырғандықпен немесе жағымсыз сезімнен басталады. Содан соң ауырғандық оң жақ мықын тұсына ығысып кетеді. Осы жағдайды Кохер симптомы деп атайды. Ауырғандықтың күштілігі шыдамды, бірақ бірте-бірте күшейе береді. Кейде ауырғандық бірден қатты болуы мүмкін. Бір-екі рет құсу,жүрегі айнуы мүмкін. Дене қызуы 1-1,5 градусқа көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, балаларда дене қызуы өте биік болу, ал кәрі адамдарда тіпті көтерілмеуіде мүмкін. Қарағанда тілі құрғақтау, ақпен жамылған. Іштің төменгі бөлігі тыныс алуға қатыспайды. Арық адамдарда және кіші балаларда кіндік сақинасы іштің орта сызығынан оң жаққа ығысуы байқалуы мүмкін. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймақта ауырғандық және бұлшықеттерінің кернелуі білінеді. Осы тұста Щеткин-Блюмберг симптомы оң болады. Ситковский, Ровзинг, Бартомье Михелсон, т.б. симптомдарды көбінесе аурухана жағдайында ажырату (дифференциалды) диагностика өткізгенде қолданылады. Науқас жатуға тырысады, себебі тік қалыпта және жүргенде ауырғандық күшейеді. Жалпы қан анализында лейкоцитоз табылады.
Ажырату диагностиканы асқазан жарасының тесілуімен, жедел панкреатитпен,оң жақ түтікті жүктіліктің бұзылуымен, оң жақ бүйрек коликасымен, ішек инфекциялармен өткізіледі.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: жедел аппендицит ауыруына күдік туса еш қандай ем қолданбай тез арада ауруханаға жеткізу керек. Науқастың ауруханаға жеткізілуі кідіріп жатса оң жақ мықынға салқын басу болады(патологиялық процесті шектеу мақсатында). Негізгі емі хирургиялық – аппендэктомия.
Жіті панкреатит – ұйқы безінін қабынуы.
Этиопатогенез: көп мөлшерде алкогольді қабылдау, тығыз тамақтану, бездің жарақаты, бауырдың және өт жолдарының аурулары, ұлтабардың ауруы. Сөлі шығатын өзегі бітелуінен ұйқы безі ісінуден некрозға дейін өзгеруі мүмкін. Себебі ұйқы безінің сөлі бездің өзін ыдырата бастайды(аутолиз фенемені).
Ұйқы безі ұлпаның зақымдалу денгейіне байланысты жедел панкреатиттың ісінді, геморрагиялық, ірінді және панкреанекроз түрлері болады.
Клиника: ауру эпигастрий тұсындағы қатты және тұрақты ауырғандықтан басталады. Кейде ауырғандықтың күшті болғандықтан шок клиникасы дамуы мүмкін. Жүрек айнуы, көп қайтара женілдік әкелмейтін құсық. Іші өтуі(кейде іші қатуыда мүмкін).
Қарағанда: тілі құрғақ, лас жамылған. Іштің азғана кебуі байқалады. Пальпация кезінде іштің жоғарғы қабатында қатты ауырғандық пен бүлшықеттерінің кернелуі анықталады. Воскресенский симптомы оң мәнді(оң қолдың саусақтарын кіндік пен төс шеміршек аралығына орнатып басқан кезде іш аортаның пульсациясы білінбейді). Мейо-Робсон симптомы оң мәнді(сол жақ қабырға-омыртқа бұрышында саусақпен басқанда ауырсыну байқалады.
Диагностикасында - қанның биохимиялық анализінде диастаза ферментінің мөлшері көбеюінің маңыздылығы бар. Кейде гипергликемия болуы мүмкін.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: Спазмолитик немесе наркотикалық анальгетиктерді енгізіп ауырғандықты тезірек басуға қажет. Емдеудің келесі компоненті қышқылдар-сілті және су-тұз тендестігін реттеуге бағытталады. Ол үшін инфузиялық ем өткізіледі(ТЭЕ, ГНҚ,т.б..). Емнің міндетті бөлігі ұйқы безі бөлетін протеолитикалық ферментердің әсерін басу. Жедел панкреатиттің деструктивті түрлерінде(геморрагиялық,ірінді,панкреанекроз) хирургиялық емді қолдануға қажеттік туады(бүзылған бөліктерін алып тастау). Деструктівті панкреатиттерде болжамы нашар.
Жіті холецистит – өт қуығының қабырғасының жедел қабынуы.
Этиопатогенез: 95% жедел холециститтің себебі өт тас ауруы, 5% тассыз холецистит. Оның себебтері паразиттер, асқазан, ұлтабардың аурулары, панкреатит. Өт қуығының қабынуы, қабырғасының шырышты қабатынан бастап сір қабатына өтуімен сипатталады. Егерде аурудың этиологиялық себептеріне байланысты өт жолдарында өттін кідіруі болса оның қысымы көтерліп қабырғаларының өтімділігі күшейіп гепатит, холангиогепатит ауруларына әкеліп сөқтырады. Оның салдарынан терінің сарғаюы байқалады.
. Клиника:Ауру оң жақ қабырға астындағы қатты ауырғандықтан басталады. Ауырғандық оң жақ жауырынға, иыққа таралады. Көп қайталанатың құсық пайда болады. Бара-бара құсық өт аралас болып шығады.
Қарағанда: Тілі лас жамылған,құрғақтау. Іші азғана үрілген. Пальпация кезінде іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық анықталады. Әсіресе, оң жақ қабырға астында ауырғандық күшті болады. Ортнер және Мерфи симптомдары оң мәнді. Ортнер симптомы – оң жақ қабырға етегінен алақан қырымен қысқа жеңіл соққы жасаған кезде қатты ауырғандық байқалады. Мерфи – саусақтарды қабырға астына орнатып науқасқа терең тыныс алуын сұраймыз.Тынысалып жатқан кезде саусақтардың тұсында қатты ауырғандық пайда болғандықтан науқас тынысын үзеді.
Диагностикасында рентгенография, УДЗ маңызды. Тасты холециститте тастар коленкелері анықталады, және өт қуығының қабырғасының қалыңдауы анықталады.
Қанның биохимиялық зерттеуінде билирубин мөлшері көбейгені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |