1-тапсырма. Мәтін бойынша сөздік түзіңіз.
2-тапсырма. Тест тапсырмасын орындайық.
1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Отан
ә) Туған жер
б) Күнім
в) Бақыт
г) Аспан
2. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІІ жағын көрсетіңіз.
а) Қаламыз
ә) Үйім
б) Кітабы
в) Бақыттары
г) Дастарқаным
3. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Ол бізді өзінің үй... не шақырды.
а) – ым
ә) – ы
б) – сы
в) – і
г) – ің
4. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Барады
ә) Көрдік
б) Дәптер
в) Болашағың
г) Үй
5. Тәуелдік жалғауының көпше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.
а) Мектептерің
ә) Тілім
б) Аспаны
в) Бақыты
г) Келешегіміз
6. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Біздің астана... Қазақстанның орталығында орналасқан.
а) - ың
ә) - міз
б) - ы
в) - ларың
г) - мыз
7. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Кітап
ә) Ойын
б) Көрдік
в) Жазуым
г) Сынып
8. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.
а) Көйлегім
ә) Қаламы
б) Орындықтарың
в) Тапсырмаң
г) Отаны
9. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің сүйікті актер... Асанәлі Әшімов.
а) - мыз
ә) - м
б) - ым
в) - ім
г) – сы
10. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің туған жер... – Қазақстан Республикасы.
а) - м
ә) - ың
б) - мыз
в) - сі
г) – ім
3-тапсырма. Берілген өлеңнің мазмұнын талдаңыз.
Біле алмаса тылсым сырын ғаламның
Хайуаннан несі артық адамның!
Не нәрсенің табу үшін лажын,
Алдыменен оқып-білген лазым.
Әлем түні Күнмен ғана түрілген,
Адам жаны жарық алар ілімнен!
Білімсіз жан аттай алмас бір адым
Ата-ананың ақтай алмас мұратын!
Шыңыраудай шындық сырын кім ұғар
Ұғу үшін ілім ізде, білім ал!
Достарыңызбен бөлісу: |