1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет55/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Мәтінді қазақ әдеби тілінің нормасына сай оқыңыз.
Біздің үйіміз
Менің үйім Шымкент қаласында. Біз Төле би көшесіндегі, он бесінші үйдің жиырма бірінші пәтерде тұрамыз. Біздің үйдің батыс жағындағы үш қабатты үй аурухана. Үйдің шығыс жағында дәріхана, аялдама орналасқан. Үйдің оңтүстік жағында мектеп, солтүстік жағында азық және өндіріс бұйымдарын сататын дүкен бар.
Біздің үйіміз үлкен: қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме, ауыз үй бар.
Қонақ бөлменің ортасында дөңгелек үстел, алты орындық тұр. Еденде қызыл кілем жатыр. Екі терезеде әдемі перде құрылған. Бөлме әрқашан таза, жарық. Екінші үлкен бөлме әкем мен шешемдікі. Онда екі ағаш кереует, төргі қабырғада кілем ілулі тұр. Сол жақтағы шифоньерде киімдер ілулі тұр. Ол киімдер әкем мен шешемдікі, Айнұр мен менікі.
2-тапсырма. Мәтіннен иелік формада тұрған сөзі бар сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Иелік форма жұрнақтары : - нікі, - дікі, тікі.

После глухих согласных

-тікі

Қайраттікі, Меруерттікі

После гласных

- нікі

Жанна – нікі, Әлима – нікі

Во всех остальных случаях

- дікі

Әйгерім – дікі, Назым – дікі



3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
а) 1. Это мой дом. – Этот дом – мой. 2. Та моя тетрадь. – Та тетрадь моя. 3. Это папина газета. – Эта газета папы. 4. Тот мой компьютер. – Тот компьютер – мой.
1. Это чья комната? – Наша. 2. Этот учебник чей? – Моего друга. 3. Чьи это бумаги? – Армана. 4. Это книги Қарлығаш? – Нет, Салтанат. 5. Чей тот компьютер? - Моего товарища. 6. Этот красивый ковер чей? – Ваша.
4-тапсырма. Сөйлем құраңыз.
1. Мен, Шымкент, қала, үйім.
2. Біз, үй, үш қабатты, батыс жағы, аурухана.
3. Үй, шығыс, дәріхана, аялдама, орналасу.
4. Еден, киім, жатыр, қызыл.
5. Әжем, тамақтар, пісіреді, дәмді.


СӨЖ: Біздің үй, менің бөлмем, бір, екі, үш бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиhаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме. Сөздерін қолданып сөйлем құраңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет