ОСӨЖ: «Біздің үйіміз» тақырыбына эссе жазыңыз
Базалық деңгей (А2)
6-апта
Қоғамдық орындар: мұражай, көрме.
Барыс септік
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.[1]Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді.
Барыс септігі. Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
• Барыс септіктің жалғаулары: - ға, - ге, - қа – ке
• Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады.
• Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?), пысықтауыш (Қайда?) қызметтерін атқарады.
• Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байласаныстырып тұрады.
1-тапсырма. Берілген сөздерді барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жазыңыз.
Теңіз, ауыл, мал, мектеп, тай.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
1. Сен ... жазасың. 2. Сіз ертең ... барасыз ба? 3. Жазда біздің ... көп жастар келеді. 4. Мұғалім ... тапсырма берді. 5. Қысқы демалыста балалар ... барады. 6. Мен ... көмектестім. 7. Келесі жылы біз жетінші ... көшеміз. 8. Олжас ... хат жазды.
Керекті сөздер: Астанаға, сыныпқа, дәптерге, әжеме, ауылға, досына, жұмысқа, оқушыларға.
3- тапсырма.Жақшадағы сөздерді барыс септігіне қойып жаз.
(к тебе) Әсет келіп тұр. Ол (взять учебник) келіп тұр. Біз (к вам) бара жатырмыз. (Им) сурет көрсет. Самат (домой) жат жазды. (На базар) бар. (В кино) барма, (на собрание) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |