Орта деңгей (В1)
6-апта
Экологиялық таза өнім.
Іс-қимылдын объектісі,табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы.
Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды.
Іс-қимылдын объектісі,табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы.
Табыс септік тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Сөйлемде кейде табыс септік жалғауы түсіріліп (жасырын) те қолданылады. Мысалы: Раушанның отты көздері ішке шоқ түсіріп жандырған соң, Бәкен кейістікті ұмытты (Б. Майлин). Бұл сөйлемде кейістікті (нені ұмытты?) табыс септікте тұрып, тура толықтауыш болып тұр, шоқ (нені түсіріп) табыс септіктің жасырын түрінде тұр. Табыс септіктегі сөз жалқы есім немесе тәуелдеулі сөз я алдында анықтауышы болса, болмаса табыс септікті сөз бен оны меңгеріп тұрған сабақты етістіктің арасында сөз тұрса, табыс септік жалғауы түспей қолданылады. Мысалы: Ол танк қалкасымен жетіп үлгірген Әлияны байқамай да қалды (Ж. Жұмақанов). Кірпігін де сирек қағады (М. Әуезов).
1-тапсырма Өлең шумақтарынан көмектес септік жалғауларын көмектес септік жалғауларын табыңыздар.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
(А.Құнанбаев)
2- тапсырма. Мына сын есімдердің керекті қосымшасын табыңыз.
1) ...сөз жанды жылытар.
2 )Қыс қарлы, ...., ..., ...
3 )....сөз жарым ырыс.
4 )....киім тәнді жылытар.
5 )Әдеп- әдепті, ақыл- ..., көрік -...
3-тапсырма. Антонимдерді сәйкестендіріңіз.
Ағырақ...................... кемдеу
Жақсылау .................. қысқарақ
Ұзынырақ................... қаралау
Арзандау..................... жамандау
Артықтау..................... қымбаттау
Достарыңызбен бөлісу: |