1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет61/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма Уақыт сөзімен тіркесетін сөз тіркестерімен танысыңыз. Осы сөз тіркестерімен бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз:

уақыт - время, момент, дата, срок;
уақыт аз қалды - осталось мало времени;
уақытын белгілеу - установить время;
уақыт және кеңістік - время и пространство;
уақыт зымырап өтіп барады - время летит быстро;
уақыт күтпейді - время не ждет;
уақытты босқа өткізу - попусту тратить время;
уақытты мақсатсыз босқа өткізу - бесцельно тратить время;
уақыттың босқа өтіп кеткеніне өкіну - жалеть о потерянном времени;
уақытын жоғалту - терять время; потерять время;
уақыт өткізу - убивать время;
уақыт өткен сайын - с течением времени;
уақыт табу - находить время;
уақыт тас екеш, тасты да тоздырады - время и камень точит;
уақытым жоқ - мне некогда.



2-тапсырма. Әлем ойшылдарының уақыт туралы айтқан қанатты сөздерін оқып, аударыңыз;
Өмір – мұхит, уақыт — толқын. (Абай);
Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. (Ж.Бюффон);
Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. (Абул-Фарадж);
Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. (Пифагор); 
Ал, біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада немесе біраз күннің ішінде бітіреміз деп жобалай саламыз. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген оймен бір сағаттан соң оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп жатып кеп ашуланған екен.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:
• Уақыт деген не?
• Уақыт мемлекет үшін керек пе?
• Уақытты үнемдеу деген не?
• Уақытты үнемдеу – тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін қажет дегенді қалай түсінесіз?
• Бос уақытты қалай пайдалану керек?
• Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?
• «Уақыт адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?
• Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет