1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңыздар



бет66/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңыздар.
Шешеннің тілі ...
Тіл қылыштан ...
Басқа пәле – ...
Өнер алды – ...
Шешен сөз бастар ...
4-тапсыма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңыздар.
1. баспанасы, халқының, киіз үй, ежелгі, қазақ
2. жасалған, көшіп-қонуға, киіз үй, лайықталып
3. оңай, тігу, киіз үйді, емес
4. киіз үйді, ең, тіккенде, жаяды, керегені, бірінші
5. бөліктерін, киіз үйдің, дейді, сүйектері.



  1. Қазақстандағы күрделі зат есімдерге жататын жер- су, қала аттарын жаз.

СӨЖ: Парталас көршіңе мінездеме бер. Ішінде дерексіз зат есімдер болсын.
ОСӨЖ: «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазыңыз.
Ортадан жоғары деңгей (В2)
7-апта
Табиғатқа қатысты халық болжамдары.
Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер. Жалғыз,біреу, жарты, жарым, егіз, қос, сыңар, ширек. Халықтық өлшемдер қарыс, сүйем, елі, құлаш,таяқтастам жер, сүт пісірім уақыт.
Қазақ халқы көшпелі өмір-тіршіліктен тартып бүгінге дейін қоршаған ортаны, табиғаттың қыры мен сырын бақылау арқылы өмір тәжірибелерін толықтап отырған. Соның маңызды бір бөлегі ауа райына қатысты болжамдар. Күннің тұманды мұнардан көтерілуі ауа райының ыстық болуының нышаны. Ал батар күн қызыл шапаққа малынып барып ұясына кірсе, ертеңінде шыжыған ыстық болатынын білдіреді. Қыс айларында көкжиек ашық болып, қызыл шапақ шашса ауа райы жылы болатындығының нышаны. Күн көзі жаз айларында бұлттанып батса жаңбыр болады. Бұл қыс айларында қардың нышаны. Күннің қоралануы қыс айларында қардың қалың болуына бастайды. Ал Айдың қоралануы қыстың қатты болуының нышаны. Қазақтың «күн қораланса күрегіңді, ай қораланса аяғыңды сайла» деген мәтелі осыдан айтылған. Мұның мәнісі күн қораланып, қар қалың түссе, күрекпен қорық ашуға тура келеді. Ай қораланса түйеге жүгіңді артып, қоныс аударуға тура келеді дегені. Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып батса, ауа райы жылынуға бет алғаны. Егер жаңа ай шалқалап туса, ол айда ауа райы малға жайсыз болады. Егер жаңа ай тік туса, аура райы малға жайлы болғаны. Егер қой қыстың күні қораға еркін кірсе, ау райы жақсы болуынан дерек береді. Ауа райын бақылауда ескеретін істер Күз белгісін ең алдымен аққайың сезеді. Басқа ағаштан көрі жапырағы ерте сарғаяды. Егер өсіп тұрған аққайыңды бақылап жүрген болсаңыз, одан бір сары жапырақ үзіледі де ауада біраз қалықтап тұрып барып жерге түседі. Бұл таяу күнде ауа райы бұзылатынының белгісі. Егер бұғы не арқар мүйіздерін ағашқа, не тасқа қайта-қайта сүйкей берсе, онда күз жылдағыдан ерте келіп әрі салқын болады. Күздің алғашқы күнінен бастап сауысқан ескі үйлермен шатырды торуылдап жиі шықылықтаса, ол – қыстың қатты болатыны туралы хабары. Өйткені оны алдын ала сезген сауысқан өзіне күзден бастап жылы ұя әзірлеуге кіріседі. Егер орман-тоғайлар, қыстауларда саңырауқұлақ аз өссе, онда қыс әрі суық, әрі қатты болады. Тауықтар мен кекіліктердің қауырсындары үрпиіп, айдары қызарса, күн суытып жауын жауады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет