1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді койып жаз



бет84/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді койып жаз.
1. Көктем .......... . ............ күн ыстық болады . 2. Қыста ............... . ........... жаңбыр жауады.
3................. жапырақтар сарғаяды. 4............. құстар ұшып келеді. 5........... аяз, боран болады. 6. Маған ............. мезгілі ұнайды.


3- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Жеті атаңды ата
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата
3. Үш арсызды ата
4. Жігіттің үш жұрты
5. Төрт түлік
6. Ер қаруы бес қару
7. Қонақтың төрт түрі
8. Үш бәйтерек
9. Бес арыс


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді жазып, қалай түрленіп тұрғанын анықтандар.
1. білекті ......... жығар,
( бір –есептік сан есім, -ді табыс септік)
Білімді мыңды жығар
2 ..... ...... тістен шыққан сөз
...... рулы елге тарайды.
3 ...... бірі –қыдыр.
4. ...... атасын білген ер
........ жұрттың қамын жер
5. Ер жігіттің........ сөйлегені өлгені
6. ....... кесері ...... тиеді


5-тапсырма. «Бес теңгемен сөйлес» тақырыбында ойтолғаныс жазыңыз.
Орта деңгей В1
9-апта
Ұлы мәртебелі уақыт
Уақыттың құндылығы, оны басқара білу. Уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері туралы ақпарат.
Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам жасының кезеңдерін білдіру, объектілік/субъектілік қатынастарды салыстыру.

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.


Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.
Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.
Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.
Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.


Үстеу
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б.
Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет