1 Қарқаралы ауданындағы атмосфералық ауаның жағдайы бойынша мәлімет жо



Дата23.02.2016
өлшемі47 Kb.
#10729
Облыстық мәслихаттың ХL сессиясының «Қарағанды облысының экологиялық жағдайы және оны одан әрі жақсарту шаралары туралы» 2011 жылғы 3 қарашадағы №450 шешімін іске асыру туралы» мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға дайындау бойынша жаднамаға Қарқаралы ауданы бойынша

АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
1.1. Қарқаралы ауданындағы атмосфералық ауаның жағдайы бойынша мәлімет жоқ.

1.2. «Қазақмыс» ЖШС-де күкірт қышқылы өнеркәсібін пайдалану барысында ластандыру заттарының шығарылуын азайту жұмыстары бойынша мәлімет жоқ.

1.3. Ауданда шығарындылар мен ауаға тарайтын парниктік газдарды азайту бойынша мәлімет жоқ.

1.4. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің кәсіпорынында қазіргі заманғы тиімді шаң, газ тазалағыш жүйесін орнату, тазарту қондырғыларында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпарат жоқ.

1.5. Қарқаралы ауданы бойынша елді мекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандыру жыл сайын әр түрлі бюджет көздерінен орталық саябақтарда жөндеу, көшелерді жарықтандыру, іске көшелердің жолдарында жөндеу және де басқа жұмыстары жүргізіліп келеді.

Аудан әкімшілігі тарапынан аталған мәселе үнемі бақылауда тұр.

Биылғы жылдың өзінде аудан бюджеті есебінен елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 44,8 мың.теңге қарастырылды. Оның ішінде Қарқаралы қаласының шығыс бөлігі жағын көркейту, қоқыс контейнерлерін орнату, тұрғын үйлер аумағын көркейту, Қарағайлы кентінде орталық алаңда жөндеу жұмыстары және елді мекендерде билборд, баннерлерді жаңарту, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары өз мәнінде жүргізілуде.

Қарқаралы ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстары да өз мәнінде жүргізілуде, көктемгі және күзгі санитарлық тазалық жұмыстары аясында жәнеде әр түрлі қаражат көздері арқылы жыл сайын аталған мәселелер шешіліп отырылады. Жалпы аудан бойынша 2011 жылы 7400 тонна, оның ішінде 5000 тонна бюджет есебінен, 2012 жылы – 39 025 тонна, 2013 жылдың жарты жылдығында 21 692 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар елді мекендерден шығарылды.

Аудан бойынша барлық селолық округтерде тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстары қолға алынған бүгінгі күні 24 округ орталықтарында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру орындары заңдастырылған, қоршаған ортаға эмиссия рұқсат құжатының ескіруіне байланысты бүгінгі күні округ әкімдері аудандық бюджет есебінен тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

1.6. Ауданда негізгі ластаушы болып табылатын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Қарағайлы кен байыту фабрикасы болып табылады.

2.1. Аудандық су ресурстарының жалпы жағдайы қанағаттанарлық, орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған елді мекендер скважина арқылы жер асты суымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күнгі шешімін таппай отырған мәселе Қарқаралы қаласын сумен қамтамасыз ету проблемасы, қала тұрғындарына тәулігіне 1300-1500 м3 су қажет ететін болса қазіргі уақытта 700-900 м3 су жіберіліп отыр.

Бұл проблеманы шешу үшін Жарлы топтық су құбырын қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу қажет. Бүгінгі күні тиісті-жобалау-сметалық құжаттары әзірленген, мемлекеттік сараптамадан өткен. Тек жобаны қаржыландыру мәселесі шешілмей келеді. Жоба Қазақстан Республикасының су ресурстары комитетінде қарастырылуда, жобаның жалпы құны 1,5 млрд.теңгені құрайды.



2.2. Қарқаралы ауданы бойынша тазалау үймерет (очистное сооружение) тек Қарқаралы қаласының басында орналасқан.

Бүгінгі күні бұл нысанның техникалық мүмкіндігі жеткіліксіз, қала басында жаңадан тазалау үймеретін салу қажеттілігі туындап отыр. Тазалаушы үймереттің бүгінгі қуаты тәулігіне 500 м3 болатын болса, нақты бүгінгі нагрузка тәулігіне 1200 м3-ты құрайды.

Қарағайлы кентінде тазалаушы үймеретпен 9 шақырым құрайтын кәріз толық істен шыққан. Аталған проблемаларды шешу үшін 2014 жылға облыстық бюджет есебінен жобаларды іске асыру үшін тиісті жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.

2.3. Аудан көлемінде су ресурстарын қорғау үшін скважиналар санитарлық зонамен қоршалған.

2.4. Жер үсті және жер асты суларының жағдайы бойынша аудан көлемінде елді мекенді жер асты суымен қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жер асты су мөлшері және де т.б. зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.. Ласталған ағын суларды су қоймалары мен жер бетіне төгетін негізгі табиғат пайдаланушылар жоқ.

2.5. «Ақ бұлақ 2020» бағдарламасы аясында биылғы жылы пайдалануға Нүркен және Көктас елді мекендерінің су құбырларын іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні аудан бойынша барлық елді мекендер орталықтандырылған электр жүйесімен толық қамтылған.

2012-2013 жылдары жылу және электр желілерінің құрылыс жұмыстары ауданда жүргізілген емес.

Қарқаралы ауданында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Қарағайлы кен байыту фабрикасының қалдықтарды сақтау орнын көму (рекультивация хвостохранилище) жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Бұл қалдықтарды сақтау орны бүгінгі күні «Қазақмыс» ЖШС-нің иелігінде. Сақтау орнының қоршаған ортаға және жақын маңайда орналасқан елді мекендердің тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сақтау алаңынан атмосфераға залалды заттарының шығарылу салдарынан (барит шаны, құм), жыл сайын мал жайылу және егін отырғызу жерлерінің азаюуы, тұрғындардың өкпе және басқа да қауіпті ауруларға шалдығуына әкеледі.

Аудан әкімшілігі тарапынан аталған проблеманы облыстық деңгейде көтергенімен, бүгінгі күні нәтиже болмай отыр.

3.1. Қарқаралы ауданы бойынша жер көлемі 3,5 млн.га құраса оның 1,5 млн.га жерде игерілмей жатыр, оған бірінші себеп болып болып отырған су тапшылығы, жердің құрғақшылығы.

3.2., 3.3.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары К. К. Айтуғанов Қарағайлы кентіндегі бұрынғы кен байыту комбинатының қалдықтар сақтау қоймасын жаңарту жұмыстары бойынша алгоритм құрып, бекіткен.

Жалпы көлемі – 1403 га 49 жылға жалға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС -не берілген болатын, қазіргі уақытта бірінші орында тұрған мәселе жер қайтару емес, осы жердің үстіндегі орналасқан обьектілерді қайтару: дамба құрылысы (қалдықтар сақтау қоймасы) және ТМҚ – 1992 жылдан кейін (жобамен 6000 тонна) көмілген жауапкершілі шектеулі серіктестігінде жеке меншігінде. (Центрказнедрадан осы сұраққа негіздеме алу қажет).

Жер учаскесі объектілер мемлекетке қайтарылғаннан кейін қайтарылады.

Айтылған алгоритм бойынша Қарқаралы ауданы жер учаскесін екіге бөлу жұмыстарын өткізді. 1 уч. – 381 га (ТМҚ орналасқан), 2 уч. – 1022 га.



3.4. Коммуналдық қалдықтартарды жинау және оны полигонға орналастырумен «Қарқаралы-Тазалық» ЖШС-гі айналысады.

3.5. экологиялық және санитарлық эпидемиологиялық сараптамаларының қортындысы негізінде құрылыс, қайта жабдықтау және де басқа жұмыстарды жүргізуге тиым салу немесе рұқсат беру туралы ақпарат жоқ.

3.6. мәлімет жоқ.

3.7. мәлімет жоқ.

4.1. Аудан көлемінде тұрғындары мен білім беру жүйесінде оқушылар арасында экологиялық сауаттандыру деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп отырылады.

4.2. 2012-2013 жылдары аралығында аудандық бюджет есебінен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына барлығы 125,702 млн.теңге бөлінді.

4.3. Өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері: қоршаған ортаның зиянды факторларының себебінен пайда болатын аурулардаң алдын алу үшін өткізілетін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуге,денсаулық сақтау, адам өмір сүретін ортаны сауықтандыруға арналған гигиеналық-эпидемиялық шараларға үнемі қатысады және де осы аталған тақырыптар бойынша әңгімелер, дөңгелек үстелдер, семинарлық сабақтар жоспар бойынша жүргізіліп тұрады.

«Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша семинарлық сабақтар жоспар бойынша жүргізіліп тұрады.

Қарағанды облысы бойынша жыл сайын өткізіліп тұратын « Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» акциясына қатысамыз.

Облыс бойынша өткізіліп отыратын таза «айлық», «сенбілік», «бейсенбі» шаралары қолдау тауып, талапқа сай жүргізіледі.



4.4. Экологиялық жағдайдың бұзылуынан туындайтын аурулардың ішінде қатерлі ісіктер алдыңғы орынды алады. Аудан бойынша қатерлі ісікпен ауыратын 294 адам 2013 жылдың 9 айы бойынша есепте тұрады. Осы жылдың 9 айында қатерлі ісіктен 27 адам қайтыс болды.

4.5. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлетін зиянды заттардың әсерінен пайда болатын кәсіби аурумен 1 адам «Силикоз» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады.

4.6. Қарқаралы ауданында экологиялық тепе-теңдіктін бұзылуы салдарынан үй және жабайы жануарлардың өлу жағдайлары тіркелген жоқ.

4.7. мәлімет жоқ.

4.8. мәлімет жоқ.

5.1. экологиялық сараптама алған және алмаған нысандары туралы мәлімет жоқ.

5.2. аудан бойынша 24 елді мекендердің орталықтарында күл-қоқысты сақтауға қоршаған ортадағы эмиссияға селолық округ әкімі аппараты ММ-не берілген.

6.6. Биылғы жылы Қарқаралы ауданының Ынталы, Матақ, Қоянды Айнабұлақ, Атқасты, Қаракөл, Өсібай және Егіндібұлақ ауылдарында күл-қоқыс орындарын жою үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен барлығы 5,4 млн.теңге қарастырылып, жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс тобының жетекшісі,

облыстық мәслихат депутаты Шахмерденов Б.Т.
Жұмыс тобының орынбасары,

аудандық мәслихат хатшысы Нүркенов С.К.


Жұмыс тобының мүшелері:
Аудандық мәслихат депутаты Абдуллина Б.Т.
Аудандық ТКШ, ЖК және АЖ

бөлімінің басшысы Шажаров С.А.


Облыстық экология

басқармасының Қарқаралы

ауданы бойынша инспекторы Қыстаубаев К.С.
Аудандық жер қатынастары

бөлімінің басшысы Наушабаев Ә.А.


Облыстық мәслихаттың бас маманы Жүнісбек А.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет