1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Ле-Шателье принципі:
Химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйе жағдайының (концентрация, 
температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет 
туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады. 
Температура көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық (жылу сіңіре жүретін) реак - 
ция бағытына қарай, ал температураны төмендеткенде экзотермиялық 
(жылу шығара жүретін) реакция бағытына қарай ығысады.
Қысымның жоғарылауы газ күйіндегі заттар мольдерінің жалпы саны азаятын бағытқа, 
яғни қысымды төмендететін бағытқа қарай ығысуына әкеледі. 
Мысалы: Тепе-теңдік қай бағытқа қарай ығысады, егер тұрақты температурада газ 
қоспасының көлемін кішірейту арқылы қысымды жоғарлатса? 
a) CO
(г)
+ Cl
2(г)
COCl
2(г)
Реакцияның тура бағытта жүруі газдардың жалпы моль сандарын азайтуға әкеліп 
соғады, яғни жүйедегі қысымның азайуына әкеледі.
б) Н
2(г)
+ I
2(г)
2HI
(г)
Реакция жүргенде газдардың моль сандары өзгермейді, демек қысымның өзгеруіне 
әкелмейді. Бұл жағдайда қысымның өзгеруі тепе-теңдіктің ығысуына әкелмейді. 
Аррениус теңдеуі 
Аррениус көптеген реакцияларда температура жоғарылаған кезде жылдамдықтың арт
ып сызықты болмайтынына назар аударады. 
Реакция жылдамдығының константасы мына теңдеуге бағынады.
lgK=lgA-Eакт
Бұл теңдеу Аррениус теңдеуі деп аталады. Мұнда Еакт – активтену энергиясы, R- 
молярлы газ тұрақтысы, Т-абсолют температура, А-молекулалар арасындағы бір секунд 
ішіндегі жалпы соқтығысу саны. Соқтығысу молекулалардың рекацияға қолайлы 
ориентациялары кезінде молекулалар арасында болады. реакция жылдамдығына 
концентрацияның әсері. Химиялық реакцияның тез жүруі үшін әрекеттесуші заттардың 
молекулалары жиі түйісулері қажет екендігі анықталды.
Активтену энергиясы 
Активтенген комплекс. Молекулаларды активті күйіне айналдыру үшін жұмсалатын қ
осымша энергия активтену энергиясы деп аталады. 
Активті молекулалардың соқтығысуы нәтижесінде химиялық реакция жүруі мүмкін. 
Жүйенің энергетикалық өзгеруі нәтижесінде активті молекулалардың жалпы саны өсуі 
мүмкін. 
Электрон тығызыдығының қайта таралуы және жаңа химиялық байланыстардың тууы 
мүмкін болатын ара қашықтыққа бөлшектер жақындайды. 


Соған байланысты соқтығысатын бөлшектердің электрон бұлттарының арасында туат
ын тебісу кұштерін игеруге жеткілікті энергиясы болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет