7.Металдар мен бейметалдардың салыстырмалы сипаттамасы, қосылыстары.
Металдардың электрохимиялық кернеу қатары
1. Металдар мен бейметалдарды салыстырмалы сипаттамасы, қосылыстары.
2. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
Металдар мен бейметалдардың салыстырмалы сипаттамасы, қосылыстары
Барлығымызға белгілі жай заттар металдар және бейметалдарға бөлінеді.
Заттардың бұлай жіктелуі олардың физикалық және химиялық қасиеттеріне
байланысты болады. Күрделі зат қасиеті оның химиялық құрамы мен олардағы
химиялық байланысқа тәуелді болса, ал жай заттар үшін – элементтердің атом
құрылысына тәуелді.
Бірдей атомды (гомоатомды) жай заттарда біз қарастырған екі байланыс: металдық
(металдарда) және ковалентті полюссіз (бейметалдарда) болады.
Металдарға s–элементтері, валенттілік электрондарының жалпы формуласы: ns
1-2
,
n>1; d – элементтері валентілік электрондарының жалпы формуласы
ns
2
(n-1)d
1-10
, n≥4, f–элементтері, валенттілік электрондарының жалпы формулалары
ns
2
(n-1)d
1
(n-2)f
1-14
, n≥6 және кейбір р-элементтері, валенттілік электрондарының жалпы
формулалары ns
2
np
1-6
(IIIA тобында бордан басқасы, IVА-тобындағы қалайы мен
қорғасын, V–А висмут, VI–А-дан полоний, VIIА-дан астат жатады)
Сонда, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде екі s-элементі (Н, Не) және р-
элементтерден тұратын төбелері бор, фтор, астат болып келетін үшбұрыш ішіндегі
элементтер және барлық инертті газдар бейметалдарды құрайды. Олардың жалпы саны
22.
Инертті (бекзат) газдар He, Ne, Ar типтік бейметалдар, қосылыстар түзбейді,
молекулалары бір атомды олардың ішінде тек ксенон XeO
3
, H
2
XeO
4
қышқылдық
қасиетті оксид пен гидроксид түзеді.
Бейметалдардың металдарға қарағанда иондану энергиясы электронтартқыштығы
және олардың электртерістіліктері де жоғары болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |