1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны


Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе - теңдік



Pdf көрінісі
бет9/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
6. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе - теңдік. 
 
1. 
Химиялық реакциялардың жылдамдылығы. 
2. 
Химиялық тепе - тендік. 


Химиялық реакциялардың жылдамдығын оқытатын бөлім химиялық кинетика деп 
аталады.
Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін 
заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруі 
Қатты және сұйық заттардың арасындағы реакциялар қатты заттың бетінде 
жүретіндіктен реакция жылдамдығы баяу жүреді . Сондықтан реакция жылдамдығын 
арттыру үшін қатты заттарды ұсатып ұнтақ түрінде қолданылады.
Екі сұйық заттардың арасындағы реакциялардың жылдамдығы жоғары болады. Оларға 
иондық реакциялар жатады. 
Газдардың арасындағы реакциялар жылдамдығы баяу жүреді. 
Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар 
Әрекеттесуші заттардың табиғаты, әрекеттесуші заттардың концентрациясы, темпера 
тура, қысым (газдар үшін) катализатор. 
Мысал. 2NO
(г)
+ O
2 (г)
= 2 NO
2 (г) 
реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер 
реакциялық ыдыстың көлемін 3 есеге азайтатын болса? 
Шешуі: Көлемі өзгергенше реакция жылдамдығы келесі теңдеумен өрнектеледі: 
 = K [NO]
2
[O
2

Көлем азайғандықтан,әрекеттесуші заттардың әрқайсысының концентрациясы үш есе
ұлғайады: 
/
= K ( 3[NO])
2
( 3 [O
2
]) = 27 K [NO]
2
[O
2

Реакция жылдамдығына температураның әсері 
Тәжірибе жүзінде температура әрбір 10
0
С – қа артқанда реакция жылдамдығы 2 – 4 есе 
өсетіндігі 
анықталған. 
Бұл 
ереже 
Вант-Гофф 
ережесі 
деп 
аталады.
Реакция жылдамдығы 3 есе кемиді. 
Қайтымды реакцияларда,тура және кері реакциялардың жылдамдықтары теңескен күй
ді химиялық тепе-теңдік деп атайды. 
Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтап қалмайды,тек қарама-қар 
сы реакциялардың жылдамдықтары ғана теңесетін процесс. 
Сондықтан оны жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды. 
Химиялық тепе-теңдік 
Бірдей жағдайда қарама-қарсы екі бағытта жүретін реакциялар қайтымды реакциялар 
деп аталады. 
Fe
3
O
4
+ 4H
2
3Fe + 4H
2

Солдан оңға қарай жазылған реакция тура, ал оңнан солға қарай жазылған реакция кері 
реакция деп аталады. 
• 
Реакцияға қатысатын заттардың біреуінің концентрациясын аз ғана өзгертсе тепе-
теңдік бұзылып,реакцияға қатысатын басқа заттардың барлығының концентрациялары
өзгере бастайды. 
Тепетеңдіктің бұзылуынан реакцияға қатысушы заттардың концентрацияларының өзге
руітепе-теңдіктің ығысуы деп атайды. 
Химиялық тепетеңдік кезінде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары теңесеті
ндіктен 
1
= 

болады, яғни
K
1
[Б] = K[А] 
2
[ Г ][В]


 К
1
және К
2
– тұрақты шамалар, сондықтан олардың қатынасы да тұрақты шама болып 
табылады. Оны К әрпімен белгілеп, тепе-теңдік константасы деп атайды. 
Химиялық тепе-теңдік тұрақты жағдайда ғана қалпында болады. 
Концентрация,температура және қысымды өзгертсе тепе-теңдік бұзылып, 
тура немесе кері реакцияның бағытына қарай ығысады. 
Концентрацияны өзгерткеннен химиялық тепе-теңдіктің ығысу тәртібі Ле-Шателье 
принципіне бағынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет