1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері


Жай сөйлемнің құрмалас сөйлеммен алмастырылуы



бет10/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Мақаш Айнұр

1.3.1 Жай сөйлемнің құрмалас сөйлеммен алмастырылуы

Осы сияқты трансформациялар әдетте тілдік жүйеге байланысты қолданылады. Әдетте осындай трансформациялар инфинитив, герундий, абсолютты конструкциялар сияқты күрделі синтактикалық компоненттермен күрделеген ағылшын тілінің жай сөйлемдерін аудару кезінде қолданылады. Ағылшын тілінің синтактикалық комплекстері орыс, қазақ тілдерінде өздеріне сәйкес эквиваленттерге ие емес, сол себепті трансформацияларды қолданбаусыз аударма жасау мүмкін емес. Ағылшын тілінің осындай сөйлемдерін аудару кезінде жай сөйлемдер құрмалас сөйлемдерге айналып, трансформациялар арқылы ағылшын тілінің күрделі комплекстері өзгерістерге ұшырайды :


He watched Ronnie take only an oily rag and plunge it into a small bucket of black water standing under a far electric bulb.
Он видел, как Ронни взял помасленную тряпку и окунул ее в ведерко с черной водой, стоящее поодаль под второй лампой.
Ол Роннидің майланған шүберекті алып,алыстағы шамның астында тұрған қара сулы шелекке малғанын көрді.

Ағылшын тіліндегі жай сөйлемдер күрделі сөйлемдерге айналып, аударма кезінде жай сөйлем структуралары күрделі структураларға айналады, сөйлем ішіндегі мүшелеу жүзеге асады :


Wilson stroked his very young moustache and dreamed, watching for his gin-and-bitters.
Поглаживая очень редкие усики, Уилсон мечтал, дожидаясь, когда ему принесут ужин.
Уилсон өзінің сирек мұрттарын сипай отыра, арманға беріліп өзінің кешкі асын күтуде болды.

Сонымен қатар трансформациялар грамматикалық себептерге байланысты болады, мысалға аударма тіліндегі тура сәйкестіктердің болмауы :


... I like watching her dance.
Я люблю смотреть, как она танцует.
... Мен оның билегенін қарағанды ұнатамын.
Кей кездері трансформациялар стилистикалық себептерге байланысты қолданылады. Төмендегі мысалдарға назар аударсақ:
They looked sort of poor.
Видно было, что они довольно бедные.
Олардың кедей екендігі көрініп тұр еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет