1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі340.5 Kb.
#179470
  1   2   3
1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы,

 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар

1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.

«Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру.

 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау.

 «Алатау» ЖШС-нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау.

 «Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау.

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары.

3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.

 «Алатау» ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі




1. Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.

Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.

Қазақстандағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы экономикалық өсудің негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан-» даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді.//.

Сыртқы нарықтарда тұтыну үшін күрес шын мәнде бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауадың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекетті, экономиканы құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі БСҰ кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады.  жылдың 19 наурызында елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауы соған дәлел болып отыр. Ол жолдауда мынандай сөздер келтірілген:

“Мемлекеттің бәсекеге қабілетті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің бараныша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып отыр. Біз бұған өз еліміздің бәсекеқабілеттілігін арттыру арқылы елімізді дамытудың  дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз”./2/.

Сондықтан қазіргі таңда маркетингтің Қазақстанда қалыптасуы мен бәсекеге қабілетті өнім шығару аса маңызды, актуалды мәселе болып отыр.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – маркетингтің және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалады:


  • Маркетинг және бәсекеқабілеттіктің териялық және әдістемелік мәселелені зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау;

  • Қазақстандағы құс еті нарығын зерттеу;

  • Кәсіпорындағы маркетинті басқару процессін қарастыру;

  • Кәсіпорынның маркетингтік қызметін және өнімнің бәсекелік қабілеттілігін талдау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну;

Сапа мен бәсекелестік - өзіне нарық жағдайында сәйкес тауар белгілерін құрайтын көп аспектілі түсінік. Мысалы: баға, сервис, жарнама, өткізу каналдары, жеткізу мерзімдері, сапа және тағы басқа. Сапа – бәсеке көрсеткіштерінің ең маңыздысы және оның «табиғи» реттегіші.

Сапа - тауар бәсекелестігі элементі ретінде үлкен күш пен шығынды, өндірістің техникалық базасын және оның объектілерін дер кезінде жаңартуды талап етеді. Бірақ, егер елде сапаға қойылатын талап төмен немесе тауар бәрі бір сатып алынып жатса, онда өндірушілерде «артық» күш жұмсау ынтасы жоғалады.

Әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді істі ғана жүзеге асырады, сәйкесінше, шаруашылықта кез-келген үрдіс көпшіліктің немесе мемлекеттің мүддесіне сәйкес келгенде ғана жүзеге аса бастайды. Осылайша, «көрінбейтін қол» принципіне сәйкес бәсекелестік сапаны қамтамасыз ету механизмі ретінде, ал сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып нарықтық экономика тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды механизмі болып табылады.

Бәсеке – бұл өнімді өндіру мен тауар және қызметті өткізудің тиімді шаруашылықтары үшін өндірушілер арасындағы күрес. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – деп нақты сатып алушы үшін берілген өнімнің тартымдылық дәрежесі аталады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілік тауардың ерекше сипаттамасы емес, тұтынушы үшін тартымдылығымен байланысты. Осылайша, тұтынушының суверинитеті байқалады: ол объективті қателессе де шешуші сөз сонда. Сонымен бірге, тауардың күшті бәскелестік қабілеттілігі мен сату көлемі арасын тең деп санауға болмайды, олар бір-бірімен байланысты болса да әр түрлі мағынаға ие. Біріншіден, сатып алушыны қанағаттандырмайтын (сәйкесінше, бәсекге қабілетсіз) өнімдер дефицитте немесе таңдау болмаған жағдайда белсенді сатылуы мүмкін. Екіншіден, төмен сапалы тауар сатуға итермелейді. Үшіншіден, бәсекеге қабілетті тауар тұтынушының кейбір тобына ғана бағытталуы мүмкін.

Халықаралық ИСО 9000 анықтамасына сәйкес: «Өнімнің сапасы – бұл белгіленген немесе ойлаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеті бар өнімнің немесе қызметтің жалпы сипаты». Сондықтан сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Өнімнің сапасына нарық талаптары; адам өміріне, денсаулығына және қоршаған орта қауіпсіздігі; жоғары техникалық деңгейі, сенімділігі; қазіргі талаптарға сай дизайні эстетикалық – эргономикалық қаситтері; жөндеуге қолайлылығы, ұзақ мерзімділігі; стандарттау және унификациялау дәрежесі; патентті-құқықтық қорғалуы және басқа да факторлар ықпал етеді.

Қазақстан экономикасының бәсекелестігін арттыру отандық өнімдердің сапасын арттыру арқылы жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағытта Үкіметтің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген «2001-2005ж. арналған республикалық «Сапа» бағдарламасын» қабылдағанын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама отандық тауарлар мен көрсетілген қызметтер мен бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындар қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындайды.

Негізгі мақсаты мен міндеттері болып:


  • көзделген өткізу нарығы стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілген қызметтерге жобалау мен өндіру үшін жағдай жасау;

  • отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу;

  • өнімдер мен көрсетілген қызметтер сапасын және бәсекеге қабілеттілігі саласында нормативті-құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету;

  • Мемлекетте экономиканы тиімді реформалау процесінің жеделдетуін қамтамасыз ететін тауармен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға жәрдемдесетін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік жағдайлар жасау.

Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде, сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.

Өнімнің сапасын көтеру:

- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;

- экспорт құрылымын жақсартуға;

- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену.

Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күннен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.

Өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.

1. Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:

− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;

− сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;

− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы.

2. Өнім сапасы:

− өнімнің техникалық - функционалдық қасиеттері;

− қосымша пайдалылықтың болуы;

− өнімнің танымалдық деңгейі.

3. Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:

− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;

− жарнаманың тиімділігі;

− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.

Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: «Сапа бағдарламасы, «Жеңіл және өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы, «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы» мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын «Демпингке қарсы шаралар туралы», «Теріс пиғылды бәсеке туралы» ішкі нарықты, шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған «Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралы» және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкішіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді стратегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен Заңдар жатады.

Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т.б. жатады.

Сатып алушылардың 80% өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор:

− функционалдық қасиеттер тұтыну.

- әлеуметтік арналымы;

- эргономиялық қасиеттер –

эстетикалық қасиеттер

- экологиялық қасиеттері,

- гигиеналық қасиеттер

. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т.б.-мен анықталады.


 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құрайтын көрсеткіштерді толығымен қарастырып өтейік:

Техникалық көрсеткіш - нарықта тұтынушылар ұсынатын талаптарға өнімнің сапасының, техникалық деңгейінің сәйкес келуімен анықталады. Бұл талаптар біздің елімізде де, шет мемлекеттерде қол жеткізілген ғылыми техникалық прогресстің және әлеуметтік-экономикалық деңгейінің жеке және қоғамдық қажеттіліктерді сипаттайды.

Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге талаптары ұлттық және халықаралық стандарттардан көрінеді.

Стандарттау дегеніміз – шығаруға дайындалған өніміне, оны маркировкалау әдістеріне, қорабына, тасымалдауына және сақтауына техникалық көрсеткіштерді (нормаларды) дайындау және белгілеу./5/.

Стандартталатын затпен анықталатын құжат – стандарт деп аталады. Стандарттар өнімнің толық сипаттамасын, оны өндірудің техникалық шарттары, қабылдау, сорттау, қораптау, тасымалдау және сақтау ережелерін қамтиды. Өнімнің сапасын бағалау кезінде ең бірінші оның стандартқа сәйкестігіне көңіл бөлінеді. Стандарттарға сәйкес келу – реттелетін тұтынуылық параметр. Оны бұзған жағдайда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі нөлге теңеледі.

Өнім сапасы – тауар өнімінің бір бірлігін өндіруге белгіленген техника деңгейіне жету дәрежесі. Ол органолептикалық әдіспен (сезім мүшелері арқылы) немесе техника құралдарын, реактивтерді, аппарат, приборларды қолданып лабараториялық зерттеулер жүргізумен анықталады.

Өнімнің техникалық бәсекеге қабілеттілігі - өте икемді және динамикалық көрсеткіш. Ол белгілі бір өнімді өндіретін ірі әлемдік және мемлекет ішінде болатын ғылыми техникалық прогресс қарқынына сәйкес және перманентті өзгеріп отырады.

Коммерциялық жағдай. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын коммерциялық шарттарға келесілер жатады:


  • Бағалық көрсеткіштер;

  • Жеткізілетін тауар төлемі мен жеткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер;

  • Өндірушілер мен тұтынушылар нарығындағы кеден және салық жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер;

  • Сатушылардың міндеттері мен кепілін орындау дәрежесін бейнелейтін көрсеткіштер.

Бәсекеге қабілеттілікке тауар өндірші беретін кепіл мен көрсетілген мерзімде жоғары сапалы және берік тауарды жеткізу міндеттемелерін орындау да әсер етеді.



































Өнімнің бәсекелік қабілеттілігіне көптеген факторлар әсер етеді. Енді солар жеке тоқтап көрейік.

Жалпы жоспарда кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн факторларды макроэкономикалық және микроэкономикалық .

Макроэкономикалық факторларға:


  • Мемлекеттiң ролi бәсекелестiк жағдайы - нарыққа қатысуын бақылау,

  • Еңбектi және капиталды бөлу;

  • Айырбас курсы, пайыз мөлшерлемесi;

  • Қоғамдық сектордың нарықтық жүйеге салықтық жүйемен және өнеркәсiптiк саясат күшiмен ену;

  • Әлеуметтiк тұрақтылық деңгейi.

Ал микроэкономикалық факторларға келесiлер жатады:

  • Негiзгi қорлар

  • Жұмыс күшi (

  • Технологиялық мүмкiндiктер

  • Басқару (

  • Коммуникация және инфрақұрылым


1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.

Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өнімнің бәсекелік қабілеті оның құрамындағы заттармен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет.

Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді. Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы- ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және оның тартымдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының талаптарына талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады.

Нарықтағы өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау үшін, ең алдымен әрбір көрсеткіштің түтынушы үшін салыстырмалы маңыздылығы анықтап алу қажет. Бұл үшін тұтынушылардан алынған жауаптарға сараптық бағалау жүргізіледі.

Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың келесі кезеңі, яғни оның тартымдылық қасиеттері деңгейін анықтау да, сапа деңгейі іспеттес, салыстырмалы түрде балдық жүйемен жүргізіледі. өнімнің тартымдылық қасиеттері бойынша маңыздылық қасиеттерін анықтау үшін сараптық бағалау нәтижелері сұрыпталады. Оның ішіне: өнімнің тартымдылығы, сауда белгісінің беделі және сенімділігі, сыртқы қорабының келбеті, таңдау еркіндігі.

Жалпы алғанда, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мәселесі әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштермен ғана емес, сол сияқты өнімнің тартымдылық қасиеттерімен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау үшін әрбір кәсіпорын өзінде бар мүмкіншіліктерді барынша пайдалану және оған мемлекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі.

«Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру.

 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау.

Әлемде жұмыртқаны тұтыну динамикалық түрде дамуда. 2000 жылы жұмыртқаны тұтынудың орташа тұтыну көлемі 833 млрд. данаға жетті. Жұмыртқаны әлемдік өндіруден лидерлер болып Қытай (314 млрд. дана), АҚШ (83,5 млрд. дана), Жапония (41,8 млрд. дана), Ресей (34,5 млрд. дана) табылады.

1 диаграмма - Әлемдегі ең ірі жұмыртқа өндірушілер

1 кесте - Дүние жүзіндегі жұмыртқаны тұтыну




Мемлекет

Жан басына шаққандағы тұтыну дана/жыл

Дания



Жапония



Чехия



АҚШ



Германия



Қытай



Франция



Ресей



Қазақстан



1 Кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан мен Ресейдегі жұмыртқаны тұтыну деңгейі дамыған мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда төмен. Болжам бойынша Қазақстан Республикасында жұмыртқаны тұтынудың жылына адам басына шаққанда 2005 жылы 120 жұмыртқадан көп болады.

Қазақстанда 1 дана жұмыртқаның бөлшек бағасы 5 центті құраса, АҚШ-та 3,3 цент. ҚР-да көтерме бағасы 7-8 цент болса, АҚШ-та 7,6 цент болады.. Баға бойынша басқа ақуызы бар азықтарға қарағанда жұмыртқаға деген сұраныс айтарлықтай икемді.

Құс етін әлемдік өндіру мен пайдалану ерекше қарқынмен өсуде. Соңғы 10 жыл ішінде ол 50%-ке өссе, сиыр және қой еті 20%-ке ғана өскен. Жалпы соңғы 20 жылда құс етінің әлемдік орташа өсімі 5,2% болған. Жоғарғы өсу деңгейін Қытай көрсетіп отыр: он жыл бойы жылына 15% өсуде. Бүгінгі күннің өзінде Азия құс етін өндіру көлемі бойынша бірінші орынға шықты.

Қазақстанда отыз жыл бұрын өнеркәсiп негiзiнде жұмыртқа және құс етi өндiрiсi бойынша қуатты сала құрылған едi. Бұл сала халықтың жоғарғы тұтынымды өнiммен қамтамасыз етiп қана қоймай, оның қомақты бөлiгi мемлекет шегiнен тыс жерге имтортталды.

Бiздiң мемлекетiмiздiң құс шаруашылығының дамуы үшiн ең маңыздысы, ол сөзсiз табиғатта кездеспейтiн және өзiнiң жаратылуы ғылымға байланысты өнiмдiлiгi жоғары құстың жаңа отандық кроссының пайда болуында едi.

1990 жылдары құс басының тез қысқаруы нәтижесiнде сала әжептеуiр экономикалық залалға ұшырады.

1992 жылы жұмырқа өндiру көлемi 3 565 млн. дана деңгейiнде болған . Диаграммада көрiп отырғанымыздай 1996 жылы республика бойынша, жұмыртқа өндiру 3 есеге дейiн қысқарды, яғни 1 1 262 млн. данаға дейiн. Саланы қайтадан көтеру 1997 жылы басталды, бұл уақытта нарықтың өсуi өткен жылға қарасты 0,27% болды. 2002 жылғы нәтиже бойынша Қазақстанда жұмырқа өндiру көлемi 2 102 млн. дананы құрады, 2001 жылмен салытырғанда 13,3% көбейдi. Жалпы алғанда 1997- 2000 жылдар аралығында нарықтың жалпы орташа өсуi 9% құрады. Ескеретiн жағдай, берiлген кезеңде жұмырқа өндiруде халықтың өзi айналысатын шаруашылығының үлесi үлкен деңгейде тұр (2002 жылы халықтың үлесi үй шаруашылығымен қоса алғанда 46,9%құрады, немесе 985 млн.дана дана жұмырқа). ҚР министрлер кабинетiнiң қаулысына оралсақ 2000 жылы халықтың жұмырқа өндiру дәрежесi жылына 1 400 млн. дана болу керек едi, мандардың бағалауына сүйенсек, қазiргi таңда халықпен өндiру өзiнiң шыңына жеттi және көпшiлiктiң көз-қарасы бойынша, оптималды өндiру жақын арада жылына 1 млрд.жұмырқа құруы қажет. Сәйкесiнше халықпен өндiру деңгейi қазiргi таңда қажеттi деңгейде болып тұр.


Кесте түрiнде оны былай көрсетемiз. Бұл кестеден көрiп отырғанымыздай жұмырқа өндiру бойынша қай аймақ қанша өндiретiнiн және шаруашылық категориялардың осының iшiндегi үлесi көрсетiлген:
2 кесте - ҚР өңірлері бойынша жұмыртқа өндірісі (млн. дана)

Жұмырқа өндiрiсi

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

Қазақстан Республикасы

1512,4

1692,2

1855,3

2102,3

Ақмола облысы

132,8

162,9

185,1

22,5

Ақтөбе облысы

70,8

71,1

72,4

83,8

Алматы облысы

328,8

418,9

415,6

494,8

Атырау облысы

0,9

0,8

0,9

4,8

Шығыс Қазақстан облысы

190,6

207,4

240,2

257,

Жамбыл облысы

45,0

53,9

65,5

74,4

Батыс Қазақстан облысы

27,0

28,3

33,3

37,4

Қарағанды облысы

128,8

147,5

172,2

190,9

Қостанай облысы

258,4

253,2

246,8

284,9

Қызылорда облысы

18,8

23,6

24,3

28,6

Маңғыстау облысы

-

-

3,5

1,7

Павлодар облысы

48,8

65,5

112,0

126,8

Солт. Қазақстан облысы

105,2

141,3

143,2

142,8

Оңт.Қазақстан облысы

94,6

111,1

132,6

154,2

Астана қаласы

0,3

0,3

0,3

0,5

Алматы қаласы

7,9

6,4

8,2

6,1


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет