1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жылжымалы GPS станциясының кестесі және болжамды қозғалыс



Pdf көрінісі
бет162/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

3.2. Жылжымалы GPS станциясының кестесі және болжамды қозғалыс
бағыты.
Геодезиялық GPS базалық станциялары және оларды құру
ерекшеліктері
Тұрақты жұмыс істейтін GPS базалық станциясы – сенімді жерге
тұрақты орнатылған және үздіксіз қуат көзінің сенімді көзі арқылы жұмыс
істейтін GPS қабылдауыш пен антеннадан тұрады. Қабылдауыш нақты
уақытта жұмыс істейтін GPS, ГАЖ басқа құрылғылары қабылдауы мүмкін
RTК және DGPS деректерін жиі беріп және өңделмеген деректерді жинап,
кейде өңделмеген деректерді беріп, үнемі жұмыс істейді. Қабылдауыш,
әдетте, қажет болса, қабылдауыштан қашықта орналасқан компьютер арқылы
басқарылады. Компьютер жүйелі уақыт аралығы арқылы деректер
файлдарын қабылдап, оларды GPS пайдаланушыларына, FTP- серверге
жібереді.
Тікелей жақында орналасқан, GPS пайдаланушыларына қызмет
жасайтын бір немесе бірнеше жеке базалық станциялар кейбір ұйымдарға
ғана қажет болуы мүмкін. Басқа пайдаланушыларға, алайда, өңір немесе
тұтас мемлекет ауқымында GPS-деректерге қатынау мүмкіндігін қамтамасыз
ету үшін базалық станциялардың тұтас -5, 10, 20, 50 немесе одан да көп
желісі қажет болуы мүмкін. Телефон, жергілікті желі, ғаламдық желі немесе
интернет
арқылы
желіге
қосылған,
базалық
станциялар
үшін
мамандандырылған (арнайы) бағдарламалық жасақ орындалатын бір
компьютер (сер-вер) желідегі барлық станцияларды басқаруы мүмкін
(қабылдауыш үшін компьютер қажет емес). Қысқаша кіріспе базалық
станциялар мен базалық станциялар желісі қамту ауданы жөнінен де, шешім
күрделілігі жөнінен де өте қатты ерекшеленуі мүмкін екенін көрсетті.
Базалық станцияларды жасау мүмкіндігін зерттейтін ұйымдар базалық
станциялар не үшін қолданылатынын, олардың қандай қызмет жасайтынын,
шешім күрделілігінің сәйкес деңгейінің және жоба құнының қандай екенін
мұқият ойластыруы керек. GPS дамуының ерте сатысындағы алғашқы
базалық станциялар теңіз навигациясының дәлдігін арттыруға мүмкіндік
берген, дифференциялық түзетулерін (DGPS) тарату үшін теңіз жағалауында
орнатылған еді.
Бүгінде жоғары дәлдіктегі GPS өлшеулер кеңінен таралғандықтан,
базалық станциялар бүкіл дүниежүзінде көп мөлшерде орнатылуда. Олар жер
қыртысын бақылау, геодезиялық тіректік желілерді жасау, топографиялық
және құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету, ГАЖ-ге ақпарат жинау,
механизмдерді және дәл орналасқан жерді (позиционирование) басқару,
сондай- ақ табиғи және жасанды нысандар мониторингі үшін қолданылады.


222
GPS базалық станциялары қолданбалы тапсырмалардың кең ауқымы үшін
қажет геодезиялық негіздеуді (тораптарды) қамтамасыз етеді.
Сурет 29 - GPS базалық станциялар желісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет