248
қабылдағышпен tn мезгілінде қабылданады. Егер электромагниттік
толқынның модулденген ұзындығы λбелгілі болса, онда бұл жерде N –
модулденген толқынныңтолық саны; ΔN–қалдық толқын шамасы.
Модулденген толқынныңтолық санын N анықтау үшін әртүрлі жиілікте
өлшенген өлшеу нәтижелерін пайдаланады. Ондай өлшеуді белгісізді
анықтау деп атайды. Ал қалдық толқын шамасын ΔN анықтау үшін жарық
қашықтық өлшеуіш конструкциясына фазометр тетігін енгізген.
Сурет 38 - Шағылыстырғыш және нысаналау маркасы
1 - тіреуіш; 2 - дөңгелек деңгейлік; 3 - оптикалық тіктеуіш; 4 - нысаналау
маркасы; 5 – шағылыстырғыш
Фазалық жарық қашықтық өлшеуішпен ара қашықтық өлшеу дәлдігі
көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі негізгілері ол сыртқы
орта мен фазометр құрылғы жұмысының дәлдігі. Сыртқы ортаның әсері
көбінесе толқынның таралу ортасы туралы атмосфераның толқынды
сындыру көрсеткішін дәл білмегендіктен болады.
Жарық
қашықтық
өлшеуішпен
ара
қашықтықты
өлшеу
үшіншағылыстырғыш қолданылады. Шағылыстырғыш призмадан немесе
бірнеше призмадан тұрады. Электрондық тахеометр конструкциясындағы
қолданылатын жарық қашықтық өлшеуіш үшін арнайы шағылыстырғыш
қолдану міндетті түрде емес, өлшеу барысында жергілікті нәрселерден
шағылысқан сигналды қабылдау арқылы да жүргізуге болады.
Бұрыш өлшеу жұмыстарын автоматтандыру үшін электрондық
тахеометр конструкциясына тахеометрдің горизонталь және вертикаль
дөңгелектерінің бұрыштық қозғалысын анықтайтын сандық түрлендіргіш
енгізілген. Аталған түрлендіргіштіңанықтау қабілеті бұрыштық секундтың
оннан бірін құрайды. Электрондық тахеометрмен жұмыс істеу барысында
өлшеу нәтижелерін жазатын журнал жүргізілмейді, бірақ абрис жүргізу және
құру міндетті. Межелік белгілердің тік бұрышты координаттарын анықтау
екі кезеңнен тұратын геодезиялық құрылымнан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: