1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Жер учаскесін межелеуде жер серігі жүйесін қолдану



Pdf көрінісі
бет182/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

Жер учаскесін межелеуде жер серігі жүйесін қолдану. Межелік
белгілердің орнын анықтауда ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесін
пайдалануда жер серігін бақылаудың әр түрлі тәсілдерін қолданады. Соның
ішіндегі ең дәлдігі жоғарысы статикалық тәсіл.
Бұл тәсілдің практикалық орындалуы мынадай: базалық ұзындықтың
екі ұшына екі жылжымайтын жер серігі қабылдағыштарын орнатады. Екі


249
қабылдағышпен бір мезгілде бір навигациялық жасанды жер серігінен
(НЖЖС) (кемінде төртеу) 1 сағаттай уақыт аралығында сигнал қабылдайды.
Бұдан да басқа, мысалы, жылдам статика және реоккупация тәсілдері бар.
Олар статика тәсілінің модификациясы болып табылады, бірақ дәлдігі төмен.
Жылдам статика тәсілінде бақылау уақыты тез қысқарады. Мысалы, екі
станциядан бір мезгілде бес НЖЖС бақылайтын болса, өлшеу уақыты 15 – 20
минут, ал алты НЖЖС болса – 10 минут болады [3,4].
Заманауи жер серігін пайдалану жер кадастрлық геодезиялық
жұмыстар өндірісінде мамандарға жаңа технологиялық шешімдерді
қабылдауға мүмкіндіктер береді. Қазіргі кезде жерді межелеу жұмыстарын
жүргізу үшін межелеу жер серігі жүйесі (МЖСЖ)құрылған. МЖСЖ
жүйесінің негізгі міндеті мемлекеттік жер кадастрының және мемлекеттік
жылжымайтын мүлік кадастрының координаттық негізін құру, яғни Біріңғай
мемлекеттік жер реестрын құру және оны жеткілікті мәліметтермен
қамтамасыз ету болып табылады.
Межелеу жер серігі жүйесі координаты белгілі базалық станциядан,
базалық станцияда орнатылған сигнал қабылдайтын антеннадан, есептеу
орталығынан және байланыс каналдарынан тұрады. Базалық станциялар өз-
ара 30 – 80 км қашықтықта мықты үйлерде орналасады. Электрондық
байланыс аппатура және жер серіктік қабылдағыштар орнатылған
бөлмелерде белгілі температура диапазоны ұсталады және аккумулятор блогі
болады.
Базалық станцияда орналасқан барлық аппаратура автономдық
режимде жұмыс істейді және оператордың болу қажеттілігі жоқ. Жер серігін
бақылау нәтижелері барлық көрінген НЖЖС үшін жоғары жылдамдықты
радио және волоконды-оптикалық желімен есептеу орталығына жіберіледі.
Ақпараттар базалық станциядан есептеу орталығына тәулік бойы жіберіліп
отырады.
Есептеу орталығы жүйесінің құрамына серверлер кіреді [4]:
- барлық базалық станциялардан келетін өлшеу ақпараттарын жинау;
- ақпараттарды архивтеу;
- желі есептерін шешу және анықтау нүктелерінің орнын анықтауды
қамтамасыз ететін түзетпе ақпараттарды құру.
Жер бетіндегі нүктелердің өзара орналасу орнын анықтау үшін статика
тәсілінен басқа жер серігін бақылаудың кинематика (үздіксіз; «тоқта және
жүр») тәсілі қолданылады.
Үздіксіз кинематикалық режим, әдетте, межелік түсірісте және межелік
белгілердің тік бұрышты координаттарын анықтауда қолданылады. Бұл
тәсілде базалық станцияға жер серігінен сигнал қабылдайтын бір
қозғалмайтын қабылдағыш қояды. Осы уақытта екінші қабылдағыш (ровер)
үздіксіз анықтау нүктелерін қосатын маршрут бойымен қозғалады.
Ал «тоқта және жүр» режимінде, үздіксіз кинематикалық тәсілге
қарағанда, қысқа (бірнеше минутке) жер серігін бақылау үшін анықтау
нүктесіне тоқтайды. Жер кадастрлық геодезиялық жұмыстарда объектілерді
кинематикалық тәсіл GPS-пен нақты уақыт режимінде – RTK (Real Time


250
Kinematics) түсіру өте тиімді. RTK – түсірісте қолданылатын аспабтар
құрамы, әдетте, навигациялық жасанды жер серігінен сигнал қабылдайтын
антеннасы бар ровер ролін атқаратын қабылдағыштан және далалық басқару
тетігінен (контроллер) тұрады.
Екінші қабылдағыш координаттары белгілі базалық пунктте
орнатылады.
Нақты
уақыт
режимінде
координаттарды
алу
үшінқабылдағыштардың әрқайсының құрамына радиомодем қосады. Түсіріс
кезінде қабылдағышты (ровер) анықтау нүктелерінің бойымен алып өтеді.
Қабылдағыш бір уақытта станция координаттары туралы базалық станциядан
радиосигнал және жер серігін бақылау нәтижесінде (базалық станцияда)
өлшеу ақпаратын қабылдайды. Өлшеу ақпаратын және қабылдағышпен
(ровер) жер серігін бақылау нәтижелерін пайдалана отырып, басқару
тетігінің
(контроллер)
көмегімен
ровер
қойылған
нүктелердің
координаттарын есептейді.
Сурет 39 - GPS-1200 қабылдағышы жұмыс режимінде
Нақты уақыт режимінде жұмыс істеу өте қарапайым. Жер серігі
қабылдағышын (роверді) алдын ала келтіріп,анықтау нүктесіне қояды, содан
соң оны іске қосады. 246 Аппаратураны қосқаннан соң GSM каналы
бойынша автоматты түрде есептеу орталығымен байланысқа қосылады.
Есептеу орталығы өз кезегінде анықтау нүктесінің координаттарын және
оның орташа квадраттық қатесін қайтып жібереді. Есептеу орталығынан
алынған мәліметтер контроллердің дисплейінде көрінеді және оны оқуға
болады.
Межелік белгі орнының немесе жылжымайтын мүлік объекті
нүктелерінің орнын анықтау дәлдігі нормаға жеткен кезде орындаушы
нәтижені есепке алу түймесін (кнопканы) басады. Осы кезде жер серігі
сигналын қабылдағышында (память) алынған нәтижелер жазылады. Содан
соң келесі анықтау нүктесіне ауысып, алдыңғы жұмысты қайталайды.


251
Сурет 40 - Trimble TSC3 спутник жүйесі
TRIUMPH-1 жиынтығының әдемі де мықты, герметикалық және жеңіл
(1,7 кг, 178х178 мм) ГНСС корпусында ГНСС электроника, УВЧ және GSM
модемдер, антенналар, сонымен қатар аспаптың 15 сағатқа дейін үздіксіз
жұмыс жасауын қамтамасыз ететін аккумулятор және қуатты басқарудың
жетілген жүйесі орналасады. Батареялар суық ауа райында ұзақ жұмыс
жасауға мүмкіндік беретіндей электроникаға жақын орналасады.
Екі ауыстырылатын SIM-карталар ұялы байланыс операторларының
GSM
желісінің
қамтитын
аймағының
құбылмалы
жағдайында
пайдаланушыға баламасын ұсыну арқылы сымсыз және үздік байланысты
қамтамасыз етеді. Қорытынды Электрондық тахеометрмен ашық жерде
жұмыс
істегенде
межелік
негіз
желісімен
межелік
белгілердің
координаттарын қатар анықтаған ыңғайлы. Ол үшін барлық жер учаскесін
бөлек жер телімдеріне бөлу керек, содан соң жер телімдерінің ішінде
полярлық тәсілмен межелік белгілердің орнын анықтайды.
Бұл тәсілдің артықшылығы көрші межелік түсіріс желісінен өз-ара
көріністің қажет еместігі. Барлық өлшенген ақпараттар электрондық есептеу
блогіне жіберіледі, ол жерде жер телімдерінің бұрылыс нүктелеріне
қойылған межелік белгілердің коордиаттары есептеледі.
Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу нәтижесінде межелік негіз
желісінің, межелің белгілердің және жерге орналастыру объектілерінің
бұрылыс нүктелерінің координаттарын, сондай-ақ жер учаскесінің планын
немесе шекара планын құруға пайдаланатын басқа да геодезиялық
мәліметтерді алады. Сонымен қатар, GPS түсірістің артықшылығы: жоғары
өндіріс, өйткені әр пикетті түсіруге бірнеше секунд кетеді және орындалған
жұмыс
жоғары
сапалы
болады.
Сондай-ақ,
орындаушы
түсіріс
жұмыстарының нәтижелерін орындау барысында бақылай алады және жер
бетінде тікелей әр түрлі есептерді шешуге мүмкіндігі болады (мысалы
нүктелер арасындағы ұзындықты, жер учаскесінің ауданын, жобаны жер
бетінде 247 белгілеу сияқты жұмыстар). Далалық жұмыстардан кейін
камералдық жағдайда бірден жер бетінің сандық моделін құруға болады.


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет