256
1. Теодолиттік жүріс арқылы, мұнда лентамен немесе жарық қашықтық
өлшеуішпен ұзындықтар, ал геометриялық нивелирлеумен биіктік
анықталады.
2. Тахеометриялық жүріс арқылы - жіптік қашықтық өлшеуішпен
ұзындықтар, тригонометриялық нивелирлеу әдісімен биіктік анықталады.
Анағұрлым үлкен территорияны алатын объектілерді жобалағанда
түсіру негіздерін бірінші әдіспен, ал кішігірім территорияны жобалағанда
түсіру негіздерін екінші әдіспен құрайды. Тахеометр түсірісінің түсіру
негіздері ретінде пайдаланылатындар құрылыс трассасы, тұйық полигон,
ықшам триангуляция торлары және аспалы жүрістер.
Түсіріс негіздерінің түрлерін таңдау жобалау кезеңіне, жердің
рельефіне, көріну жағдайына, түсірістің аумағына және масштабына
байланысты болады.
Түсіру нүктелері әрқашанда көруге ыңғайлы биік жерлерде
орналасқаны дұрыс. Түсіру нүктелерінің арақашықтығы 350 м-ден көп, 50м-
ден аз болмауы керек.
Түсіру негіздері сызықтық құрылыстың трассасы ретінде келесі
жағдайларда: су ағызғыштарды жобалау үшін трасса бойын түсіргенде,
күрделі жерлерді трассалағанда, кіші жасанды құрылыстарды және бір
деңгейдегі жолдардың түйіспелері мен жанаспаларын жобалағанда,
пайдаланатын жерлерге су арықтарын және каналдарын жүргізгенде және т.б
қолданылады.
Егер объектілер үлкен аумақты болса, онда түсіру негіздері ретінде
тұйық полигон түрін қолданады.
Ықшам триангуляция торлары арқылы құралатын түсіру негіздері
лентамен тікелей өлшеуге болмайтын ойлы-қырлы және таулы жерлерді
түсіргенде қолданылады.
Трассаға немесе тұйық полигонның қабырғасына көлденең орналасқан
ені аз, созылып жатқан жерді түсіргенде аспалы жүріс арқылы түсіру
негіздерін құрады.
Барлық түсіру негіздерінің нүктелерін станция деп атайды.
Тахеометрлік түсірістің далалық өлшеулерінің нәтижелерін өңдеу
келесі кезеңдерге бөлінеді:
1. Өзара биіктіктің шамаларын үйлестіру және түсіру нүктелерінің
(станциялардың) биіктіктерін есептеу.
2. Түсіру нүктелеріндегі рейкалық нүктелердің биіктігін есептеу.
3. Тахеометрлік түсірістің планын (топографиялық планды) жасау.
Достарыңызбен бөлісу: