275
қиылысуында орналасады, ал үшінші спутник дөңгелектегі екі нүктені
анықтайды. Олардың ішінен қайсысы анықтауға қажет орын екенін табу ғана
қалды. Сонымен үш спутникке дейінгі қашықтықты білу арқылы,
анықталатын нүктенің координатасын есептеуге болады.
20 мың километр биіктіктен жерге дейін (300000 км/с жарық
жылдамдығымен) сигнал болмашы қысқа уақытта, шамамен 0,06 секундта
жетеді, сондықтан спутниктің хабарлағышының уақыты мен жердегі
қабылдағыштың жұмыс жасау уақытының бір-бірімен келісуі есептеулердің
өте күрделі мәселесі болып табылады. Жердегі қабылдағышты спутниктің
уақытына салыстырмалы байлануы арқылы, координаталарды есептеу
кезіндегі қателіктерді болдырмау мәселесі шешілді.
Спутниктен жіберілген сигналда, осы спутник орналасқан орбита
параметрлері туралы және жүйенің барлық басқа спутниктері туралы мәлімет
болады. GPS - қабылдағыш, бұл сигналды қабылдап, ары қарай қолдану үшiн
спутниктен алынған мәлiметтi сақтайды. Бұл мәлiметтер қабылдағыштың
сағатының түзетпесі және қойылуы үшiн қолданылады.
Қабылдағыш
-
координатаны
анықтаумен
қатар,
қозғалыс
жылдамдығын, оның бағытын есептеу, нақты пунктке дейін қажет уақытты
есептеу және басқа мәліметтерді анықтауда қолданылып, микро-компьютер
тәріздес болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: