61
экономикалық зиян, зиянның орнын толтыру (компенсация), ресурсты
қалпына келтіру шығыны т.с.с.
Жерді
пайдаланудың
функциялық
ерекшелігі
оның
табиғи
ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл -
ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және
өндірістік күштерді орналастырудың базисі әрі барлық экономикалық өсім
факторының - еңбек, материалдық - техникалық және табиғи ұдайы
өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізгі болып табылады.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған
құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады [20].
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда
оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын
шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан,
олардың құны болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына
қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да
жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен
қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет.
Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық
әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана
қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады [21].
Достарыңызбен бөлісу: