142
пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді. Қосымша тиісті сызбалар
жасалады.
Бұл мәселе де жерге орналастыру жобасының құрамында қамтылады.
Осы жөніндегі шарттарда бүлінген жерлерің аудандары мен орналасуы,
олардың қалпына келтірілгеннен кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру
мерзімі айқындалады. Бұған да керекті сызбалар дайындалады.
4.10.Құнарлы қабатты қалпына келтіру жобасы, оның мазмұны
Бүлінген жердің ауданымен бipгe оның алқаптық құрамы анықталады.
Бұл жөніндегі мағлуматтар жобалық экспликацияға 0,1 га дәлдікпен жазып
толтырылады. Учаскенің құрамы алқаптардың пайдалануға берілген мерзімі
(тұрақты түрде, ұзақ және қысқа мерзімді) бойынша да есептеледі.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген
жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Ол ушін топырақты зерттеу,
бонитировка және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға қатысты
материалдар қолданылады.
4.11.Шаруашылық аралық жер пайдалану жобасын жасау және
жер учаскесін беру
Объектінің бас планы мен орналасу схемасына қарай және әртүрлі
мақсаттарға арналған жер белгі беру нормалары мен құрылысты салу
тығыздығы ескеріле отырып берілетін жердің бірінші жуықтаудағы ауданы
есептеледі.
Берілетін учаскенің орналасуы бірнеше варианттарда қаралады.
Соңғыларға мынандай бірқатар талаптар қойылады.
Біріншіден, учаске запастағы ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз
немесе сапасы өте тімен жерлердің құрамынан білінуге тиісті.
Екіншіден, бұл ic-әрекет межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен
жер пайдаланушылықтардың территориялық тұтастығын, ішкі шаруашылық
реттілігін бұзбауға тиісті.
Үшіншіден, уческенің қоршаған ортаға теріс әсер (эрозияның іршуі,
топырақтың батпақтануы және ластануы т.с.с) етпеуге тиісті. Осы талаптарға
сай вариант ең тиімді болып саналады.
Жер yчacкeлepiнiң аудандарына қарай межелері әртүрлі масштабы
пландарға түсіріледі. Көбінесе бұл 1:10000 масштаб, бірақта бұдан да ұсақ
масштабты пландар қолдануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: