159
Загонның тік бұрышты болғаны жақсы, мұндай загонның ұзындығы
кілденеуінен бір жарым – екі есе үлкен болады. Жайлымдардың әртџрлі
типінде загонның ұзындығы мен кљлденењі бірдей емес. Біздің
жағдайымызда 700 қойдан құралған отар үшін орташа загонның көлемі
1000х500м (50 га) болуы керек. Загонның пішіні, оның көлемі мен орналасуы
қойды жайылымнан суатқа, тынықтыратын орынға айдап әкелудегі артық
жүрісті болдырмауы, сондай-ақ жайылымдық жерді пайдалануға байланысты
қолданылатын техниканы тасуѓа ыңғайлы болуы қажет. Жан-жағы
қоршалған жайылымдарда суат көздері ашық сулар, шахталы және титікті
құдық, ал мүмкіндігіне қарай арнайы су құбырлары болуы тиіс. Қой бір күнгі
жайылым кезінде орта есеппен 4-5 литр су қажет етеді. 300 қойдан құралған
отарға бір күнде 1200-1500 литр су керек. Жайылымда тұрақты су көздері
болмаған жағдайда мұндай мөлшердегі су тасып беру арқылы қамтамасыз
етіледі.
Қойды суаруға арналған астаудың алып жүруге ыңғайлы болғаны
дұрыс. Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа
қаратылып орнатылады.
Жайылымды қойды тынықтыратын орын білінуі тиіс және негізгі мал
өтетін территория қалқан мен қоршалуы керек. Қоршау жайылым
территориясын тиімді пайдалануға жағдай жасайды, табиғи және екпелі
шөптердің шығымдылығын, 1 гектардан түсетін өнім мөлшерін кібейтеді,
сійтіп, шопанның еңбек өнімділігін арттырып, еңбегін түбелікті ізгертіп,
жақсартады. Қоршау құрылысын Жерге орн-ру Мем.ҒЗО институты жасаған
«Мәдени жайылымдарда арналған қоршау құрылысын салу элементінің
жобасына» сәйкес салу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: